Нәрлі аштық
Соңғы кездері Бұқаралық Ақпарат Құралдарының назары Маңғыстау облысындағы «Қаражанбасмұнай» АҚ-на тиесілі кен орындарының мұнайшылары ұйымдастырған наразылық шарасына ауған. Алайда, жұмыскерлер «аштық» жөнінде жариялай отырып, тұрақты тамақтануды жалғастырып жатқандығы түсініксіз.
Әзірге белгілі болғаны: «Қаражанбасмұнай» АҚ-ның кәсіподақ ұймының мүшелері жетекшілік орынды бөлісе алмай келеді. Яғни, бір кәсіподақта екі жетекші пайда болды - осы уақытқа дейін "Қаражанбас" жұмысшыларының кәсіподағын басқарып келген Ербосын Қосарханов және жетекшінің орнына үміткер, дәл осы бірлестіктің кадр бөлімінің жұмыстан шығарылған бұрыңғы басшысы, өзі заңгер, әлдебір Наталья Соколова ханым. Әрине, екі тарап та өз ұстанымдарынан ұрыссыз бас тартуды қаламайды және түрлі игіліктерді жомарттықпен уәде ете отырып, лениншіл екпінмен өз жақтастарының қатарына кәсіптің жұмыскерлерін тартуда. Бірақ, баршаға белгілі «Жерді - шаруаларға!» ұранының орнына Соколова ханым жұмыскерлердің айлығын көтеруге және зиянды еңбек жағдайлары үшін төлем енгізуге уәде беріп отыр. Алайда, бір уақытта бір кәсіподақта екі жетекші қайдан пайда бола қалды екен? Және де қалайша Ербосын Қосарханов осы уақытқа дейін барлығының көңілінен шыға білген?
САУ БАСЫМА САҚИНА ТІЛЕП ШАҚЫРДЫМ ...
Соңғы кездері Бұқаралық Ақпарат Құралдарының назары Маңғыстау облысындағы «Қаражанбасмұнай» АҚ-на тиесілі кен орындарының мұнайшылары ұйымдастырған наразылық шарасына ауған. Алайда, жұмыскерлер «аштық» жөнінде жариялай отырып, тұрақты тамақтануды жалғастырып жатқандығы түсініксіз.
Әзірге белгілі болғаны: «Қаражанбасмұнай» АҚ-ның кәсіподақ ұймының мүшелері жетекшілік орынды бөлісе алмай келеді. Яғни, бір кәсіподақта екі жетекші пайда болды - осы уақытқа дейін "Қаражанбас" жұмысшыларының кәсіподағын басқарып келген Ербосын Қосарханов және жетекшінің орнына үміткер, дәл осы бірлестіктің кадр бөлімінің жұмыстан шығарылған бұрыңғы басшысы, өзі заңгер, әлдебір Наталья Соколова ханым. Әрине, екі тарап та өз ұстанымдарынан ұрыссыз бас тартуды қаламайды және түрлі игіліктерді жомарттықпен уәде ете отырып, лениншіл екпінмен өз жақтастарының қатарына кәсіптің жұмыскерлерін тартуда. Бірақ, баршаға белгілі «Жерді - шаруаларға!» ұранының орнына Соколова ханым жұмыскерлердің айлығын көтеруге және зиянды еңбек жағдайлары үшін төлем енгізуге уәде беріп отыр. Алайда, бір уақытта бір кәсіподақта екі жетекші қайдан пайда бола қалды екен? Және де қалайша Ербосын Қосарханов осы уақытқа дейін барлығының көңілінен шыға білген?
САУ БАСЫМА САҚИНА ТІЛЕП ШАҚЫРДЫМ ...
Қосархановтың жақтастарының айтуынша, оның жалғыз бір қателігі оған өте қымбатқа түсті. Атап айтқанда: "Қаражанбас жұмыскерлерінің кәсіподағы" ҚБ-нің жетекшісі Наталья Соколованы осы бірлестікте заңгер болып істеуге шақырған. Ол болса, мұндай ұсыныстан бас тартпады, өйткені, бұрындары өзін жұмыстан шығарып жіберген "Қаражанбас" АҚ-на тісін қайрап жүрген болатын. Басқаша айтқанда, тәбет тамақтың басында келеді демекші ...
Наталья Соколова, жағдайды зерттей келе, өзі жалдамалы қызметкер болып отырған кәсіподақты өзі басқаруды шешіпті....Осылайша ол Ербосын Қосархановты кәсіподақ мүшелерінің сенімін ақтамаған басшы ретінде орнынан босату үшін, оның әрекеттеріне көңілі толмай жүргендерді өзінің айналасына топтастыра бастады. Наталья Соколова ұйымның креслосы мен мөрін тез арада өз қарсыласынан тартып ала алмады да, әділеттікті орнатуға көмектесуді талап ете отырып, жанжалға кәсіпорынның әкімшілігін тартуға тырысты ...
Компания басшылығы ыңғайсыз жағдайда қалып қойды. Заң бойынша ол қоғамдық бірлестік болып табылатын кәсіподақтың ішкі істеріне еш араласа алмайды. Бұған қоса, «Қаражанбас» АҚ жұмыскерлерінің дәл осындай үлкен тобы Ербосын Қосархановтың жағына шықты. 12 мамырда кәсіподақтың аңғал төрағасының жақтастары Ақтаудың 15-ықшамауданындағы «Қаражанбас» АҚ кеңсесінің қақпасының алдында аштық жариялады. Және де өз талаптарын қойды - Наталья Соколованы жауапқа тарту, кәсіподақ белсендісі Есбаев мырзаны жұмыстан босату және қолда бар ұжымдық келісім-шартқа өзгертулер мен толықтырулар енгізу.
- Сол Соколова жұмыскерлердің арасында дүрбелең туғызды. Заң бар ма өзі? Ол заңды мүлдем сыйламайды. Өз бетінше жиналыстар ұйымдастырады. Кім бүгінгі таңда жалақыны үш есе көтереді? Осы жайында айтпастан бұрын ол осының барлығын заңдастырып алмады ма? Айтуын айтты да, дәлелдей алмады, -дейді мұнайшы Кенжебек Сәрсенбаев.
Екі жағынан қыңыр кәсіподақтықтардың қысымына ұшыраған компания басшылығы мұндай әдістермен келіссөздер жүргізудің ыңғайы келмейтіндігі жайлы және қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз құқықтарын қорғауға бел буғандығы жайлы мәлімдеді. 17.05.2011 жылы Түпқараған аудандық сотының анықтамасы бойынша компания жұмыскерлерінің ереуілі заңсыз деп танылды.
ЕРЕУІЛШІЛЕР ОЙДАН ТОҚУҒА ҚҰМАР
Сол арада Наталья Соколованың жақтастары да жұмысқа шығудан мүлдем бас тартып, аштық жариялауды шешті. Соколова ханымның пікірінше, жұмысқа жаппай шықпау мүлдем ереуіл емес. Жай ғана жұмысшылар аштықтың салдарынан орын алған әлсіздіктің кесірінен еңбек ете алмайды.
Осы жерде, белсенді ханымның жақтастары іске асырған кішкене қулықты ашу керек. Олар наразылықтың әдісі ретінде ішінара аштық деп аталатын әдісті таңдап алды. Басқа сөзбен айтқанда, кен орындарындағы асханаларда ұсынылған тәртіпте үш рет емес, екі рет тамақтанып отырды. Мысалы, наразылықтың мәжбүрлі әдісі ретінде аштық жариялау туралы бүкіл елге жариялай отырып, оған қатысушылар күндегідей таңғы және түскі астарын ішіп жүрген, тек кешкі астан ғана бас тартқан ...Немесе керісінше, таңғы және кешкі асты ішіп, әдейі түскі ас ішпеген ...
Шамасы, жинақы дене бітімін қалайтындардың арасында кең тараған ережемен жүруді шешсе керек: "таңғы асты өзің іш, түскі асты досыңмен бөліс, ал кешкі асты жауыңа бер ". Мысалы, компанияның кен орындарындағы «Береке» және «Дастархан» асханаларында тамақтану жөніндегі мәліметтерді алайық. Сонымен, 10 мамыр күні «Қаражанбасмұнай» АҚ асханасында күтілген 807 қызметкердің 477-сі таңғы ас ішкен, ал 330 адам одан бас тартқан, түскі асты 315 адам ішкен, түскі асқа 681 адам келмеген, кешкі асты 681 қызметкер ішкен, ал 126 мұнайшы ұйқы алдында асқазанды тағам қабылдаумен қинамауға бел буған. Алайда, бұл ретте олардың 286-сы тіске басар құрғақ паек алған.
Ағымдағы жылдың 11 мамырында 811 вахташының 802-сі кен орнының асханаларында жақсылап таңғы астарын ішіп алды, 9 адам таңертең ерте ас ішпеуді шешті, 467 адам түскі асқа келді, ал 344 адам одан бас тартты, 732 мұнайшы сүйсіне отырып кешкі ас ішті, ал 79 адам түнге қарай көп ас ішуден бас тартты. 341 адам құрғақ паек алуды қалады. Аштықпен байланысты дәл осындай жағдай кен орындарында күн сайын кездеседі. Осы арада Бұқаралық Ақпарат Құралдары Наталья Соколованың тапсырысы бойынша Маңғыстау мұнайшыларының аштық жариялағандығы туралы бүкіл елге жарыса жариялауда.
АКИМАТ АЛДЫНДАҒЫ ДЕМАРШ
Ағымдағы жылдың 18 мамырында ондаған ереуілшілер облыстық әкімдіктің ғимаратына келді. Оларды ішке кіргізіп, облыс әкімінің міндетін атқарушы Аманкелді Айтқұловқа өз талаптарын табыс ету мүмкіндігін берді. Талаптар әр-түрлі болды. Әлдебір ата-ана жарияланған наразылық шарасының кесірінен хабарласпай кеткен баласын іздестіруді сұрады. Кейбіреулері Ербосын Қосархановтан кәсіподақтың мөрін тартып алу керектігін сөз етті. Сонымен қатар, митингке шығушылар әкімшіліктің басшылығынан 1,7 және 1,8 коэффициенттерін енгізу жолымен олардың айлықтарын көтеруді талап етті.
Мемлекеттік орган кәсіподақтың ішкі істеріне және жеке меншік кәсіпорын болып табылатын «Қаражанбасмұнай» АҚ қызметіне араласа алмайтындығы туралы түсініктемелер мұнайшыларды сабасына түсірмеді. Олар бітімгершілік комиссия құру және оның жұмысына өз өкілдерін жіберу ұсынысымен де келіспеді. Әңгіменің орта тұсында әкімшілікке келгендердің бірінің ұялы телефоны шырылдады. Ол телефонмен сөйлесіп болып, «Бізді мұнда тыңдамайды және ештеңе істемейді! Кеттік бұл жерден» деп орнынан атып тұрды да, барлығын далаға алып шықты.
Әкімшілікке келгендердің әрекеті жақсылап ойластырылған сахналық қойылымды еске салады. Оларға нақты және пайдалы диалог керек емес, олар тек қана шулап, өз әрекеттеріне барынша көбірек назар аудартуды қаласа керек.
CHERCHEZ LA FEMME
Француздардың әйгілі "шерше ля фам" мәтелі сөзбе-сөз аударғанда "әйелді іздеңіз " дегенді білдіреді. «Қаражанбасмұнай» АҚ кәсіподақ алаңындағы жағдайды бақылап отырғандар мынадай пікірге келіп отыр: аймақты тұрақсыз етіп, ал мұнайшыларды өз құқықтары үшін қайтпай күресушілер ретінде көрсету әлдебіреуге тиімді болса керек, ал шын мәнінде, олардың мүдделері осы байбаламды ұйымдастырушыларды қызықтырмаса керек. Мүмкін, бұл - Соколова ханымның әйелдік кеудемсоқтығы ғана шығар, ол өзін жұмыстан шығарғаны үшін «Қаражанбас» АҚ басшылығынан дәл осылайша кек алуды қалаған болар. Мүмкін, Маңғыстаудың мұнайшылары алаңғасар емес екендігін бүкіл елімізге көрсету үшін, әлдебіреу Наталья Соколова ханымнан жағдайды барынша көбірек былықтыруды жақсылап сұраған шығар.