Сәрсенбі, 2 Қазан 2024
2408 0 пікір 21 Сәуір, 2019 сағат 17:05

Елбасы тапсырмасын орындау Жетісуда жүйелі жүргізіліп келеді

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Президенттің бес әлеуметтік” бастамасы атты Қазақстан халқына, қазақ халқына арнаған Үндеуінің өңірлерде орындалуы туралы аз кем сөз шығармақпыз. Атап айтқанда, 5 әлеуметтік бастаманың “Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру” деп аталатын бөлімінің Жетісу өңіріндегі беталысы туралы жазамыз. Аталмыш мемлекеттік бағдарлама жетісулықтарп тарапынан айрықша қолдау тапқан еді.

Бұл үндеу, бұл бағдарлама - әлеуметтің әлеуетін дамытуға негіз болған үлкен бастама екен даусыз.

Демек, қазақстанның әр азаматы отбасын құрып, баспаналы болуға тиіс. Ол үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалған. Бұл үшін әр өңірде де іргелі істер атқарылып жатыр. Сол жұмыстардың бірі Алматы облысында деп айтсақ қателеспейміз. Мәселен, кеше Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында қала әкімі Ғалымжан Әбдірайымов Алматы облысының орталығында жүргізіліп жатқан бірнеше құрылыс нысандарын аралады.

Ең әуелі Талдықорған әкімі “Шығыс” шағын ауданында салынып жатқан жаңа баспаналардың құрылысын барып көрді. Ондағы жұмысшылардың айтуынша, “Шығыс” шағын ауданындағы құрылыс жұмыстары келесі айдың соңына дейін аяқталатын көрінеді. Қазір мұнда 20 пәтерлік баспананың ауласы жөнделіп, көркейту жұмыстары жүріп жатқан көрінеді. Бірақ, қала әкімі Ғалымжан Әбдірайымовтың айтуынша, құрылыс жұмыстарында бірқатар кемшіліктер бар. Мәселен, үйдің кіре берісіндегі жолдардың тастарын дұрыстап төсеу қажет. Сондай-ақ, отырғызылған жас көшеттердің бойлары тым аласа болған көрінеді. Шаһар басшысы алдағы уақытта осы жағын ескеру қажеттігін ескертті.

Талдықорған әкімі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұсынған мемлекеттік бағдарламаларының негізінде салынып жатқан тағы бірнеше  тұрғын үй жұмыстарымен танысқан. Олардың қатарында Талдықорған қаласындағы 7-ші шағын ауданның баспана құрылысы да бар. Қазіргі кезеңде ол жерде тағы біршама тұрғын үй нысандары бой көтеріп келе жатқан көрінеді. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамалары негізінде бой көтерген нысандардың ішінде 45 және 60 пәтерлі баспана құрылысы да бар. Талдықорған қаласының әкімі Ғалымжан Райылұлы жұмыс сапары барысында ол нысандармен де танысты. Аталған құрылыс нысанында қазір 60 пәтерлі тұрғын үйдің негізгі жұмыстары аяқталған. Онда қазір қабырға сылақтары жүргізіліп жатқан көрінеді.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасы негізінде жүріп жатқан тағы бір құрылыс нысаны ол – осы үйлердің жанындағы 45 пәтерлі баспана құрылыс. Ол нысанның әзірге тек іргетасы ғана қаланған көрінеді. Елбасымыздың бастамалары баяу жүріп жатқанын көрген қала басшысы жұмысты тез арада аяқтау үшін жұмыс күшін көбейту керек деп тапсырма берді. Қазір ол құрылыс басында небәрі алпыс адам ғана жүрген көрінеді. Ал, құрылысқа жауапты бастық алдағы дүйсенбіден бастап жұмысшылардың санын екі есеге көбейтетінін айтқан. Елбасымыздың бастамалары негізінде салынып жатқан аталмыш тұрғын үйлер алдағы жылдың қараша және мамыр айларында ел игілігіне беріледі деп күтілуде.

Сонымен қатар, талдықорған қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов Талдықорған қаласындағы коттеджді қалашықты да аралап көрген. Және, оңтүстік-батыс аудандағы тұрғын үйлер мен қатар “Жастар - 3” шағын ауданында бірқатар атқарылып жатқан жұмыстармен танысқан.

Осылайша Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамалары әр өңірде қолдау тауып, үлкен жұмыстар атқарылуда. Елбасымыздың бастамасы негізінде қолға алынған жұмыстар өңір басшыларының қатаң бақылауында. Егер осы қарқын жалғаса беретін болса, елбасымыздың “Президенттің бес әлеуметтік бастамасы” да өзінің көздеген межесіне жететін болады. Ал, Елбасымыздың бастамаалары қашан да халықтың көңілінен шығатыны рас.

Abai.kz

0 пікір