Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 5562 7 пікір 3 Маусым, 2019 сағат 11:31

Қасым-Жомарт Тоқаевтың нық қадамы және салмақты сөзі

20 наурыздан бері президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әр басқан қадамы мен аузынан шыққан әр сөзін жұрт бағып, бақылап, бағалап отыр.
Міне, президент сайлауының үгіт-нәсихат кезеңінің соңғы мәресіне де келіп жеттік. Енді сіргежияр сөзімізді айтып, өз ойымыз бен қолдауымыздың ақырғы нүктесін қойсақ деген бекімге келдік.

Көріп отырсыздар, Қасым-Жомарт Кемелұлы президент ретінде ел аумағын түгелге жуық аралап шықты. Бір-екі мәрте шетелдерге де ат басын бұрып қайтты. Соның бәрінде де ол өзін кәдімгі ысылған, қалыптасқан тұлға, ұстамды, беделді басшы ретінде көрсете білді.

Ал, мен Президенттің түрлі деңгейдегі кездесулер мен жиналыстарда сөйлеген әр сөзін алтынға балап, жадыма жазып келем.
Мысалы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1991 жылы 31 желтоқсанда «Қазақ радиосының» эфирінен өз аузымен айтақан «Қымбатты отандастар! Ежелгі атамекенінен жырақтап қалған Сіздерді кешегі күнге дейін ата-баба жеріне қайтып келе аламыз ба деген сұрақтың алаңдатып келгенін мен жақсы білемін. Туған жердің түтіні де ыстық дейді халқымыз. Қандас бауырларымызды байырғы ата қонысына тарту мақсатында адам правосы туралы еларалық ережелерді басшылыққа ала отырып, Қазақстан Үкіметі «Басқа республикалардан және шетелдерден селолық жерлерде жұмыс істеуге тілек білдіруші байырғы ұлт адамдарын Қазақстанда қоныстандыру тәртібі мен шарттары туралы» арнайы қаулы қабылдады. Сондықтан ата-мекенге келемін деуші ағайындарға жол ашық. Ата-баба әруағы алдарыңыздан жарылқасын!» деген сөзін менің тағдырлас қандастарым қасиетті тұмардан бір кем көрмей, жүрегінің түбіне сақтап келеді.

Ал, Қасым-Жомарт Тоқаевтың мына сөзі сол Елбасы сөзінің заңды жалғасы:
«Шетелдегі қандастарымызды елге қайтару ісі ешқашан назардан тыс қалған емес, келешекте де жалғаса береді. Дүниежүзіндегі қандастарымыздың басын туған жерде біріктіру – біздің қасиетті парызымыз».

Сондай ақ, президентке кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлының "Біз жемқорлықтың түп-тамыры жойылғанша күресеміз. Жемқорлық мемлекет пен қоғамның іргесін сөгіп, ұлттық қауіпсіздікке үлкен қауіп төндіреді, мемлекеттің дамуына тосқауыл қояды. Мемлекет пен азаматтардың күшін біріктіреміз. Тек қана жазалау шаралары жеткіліксіз. Жемқорлықтың кез келген түріне мүлдем төзбеушілік таныту маңызды. Қоғамдық бақылауды күшейтеміз. Басқарудың барлық деңгейінде құқықтық-нормативтік актілердің жемқорлыққа қарсы сараптамасына үкіметтік емес ұйымдарды тартамыз. Парламенттің, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының белсенді қатысуымен мемлекеттік шешімдерді қабылдау үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етеміз" - дегені жай сөз емес, уәде деп қабылдаған жөн.

Уәде – Құдай сөзі!
Енді оған біз – азаматтар, үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары тас-түйін дайын болуымыз керек!
Дайынбыз!!

Жұрт Қасым-Жомарт Тоқаевты ескі жүйенің өкілі, Елбасының ықпалынан шыға алмайды деген сыңайдағы сөздерді де айтып жатыр. Қасым-Жомарт Кемелұлы оған да жауап берді деп ойлаймын.
«Әр адам - индивидиум. Нұрсұлтан Әбішұлының қайталанбас стилін көшіріп алу ойымда жоқ» - деді екінші президент!
Демек, Қасым-Жомарт Тоқаев өзі айтқандай, сабақтастықты сақтай отырып, дербес, жаңа қадамдар жасайды деп сенем мен...

Өз басым Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдаймын!
Сондай-ақ, қандастарымды да Қасым-Жомарт Кемелұлына дауыс беруге шақырам!!!

Ауыт Мұқибек

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5329