Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3439 0 пікір 29 Маусым, 2011 сағат 05:07

Сергек Ерқосай. «Қазақтардың өз жерінде құл екені анық»

Интернетте таралған  ақпарға сенсек, белгілі өнер және қоғам қайраткері Болат Атабаевтың жоғарыдағы тақырыппен айтқан уәжін қытайлық мұнай компаниясы барын салып, жоққа шығаруда көрінеді.

Guljan.org  сайтына келген «ЕРСАЙ Каспиан Контрактор» (ЕКК) компаниясының тапсырыстық хатының мәні - «Болат Атабаев: Казахи - рабы на своей земле» мақаласына қатысты терістеу жөніндегі талап көрінеді және де хат режиссердің жеке өзіне ғана қатысты болып отыр.

Компанияның бас директорының орынбасары Ян Чан қол қойған хатта, аталмыш мақаланың ЕКК беделіне (репутация) нұқсан келтіретіндей жалған мәлімет таратылған дей келіп, оның компанияда болмағаны аталып өтіп, былай делінген:
«Қазіргі заңнама бойынша, баспасөз бен БАҚ-та ұлт араздық қоздыратын мәліметтер мен материалдарды жариялауға рұқсат еткені үшін жауапкершілік қарастырылған». Қандай рұқсат? Қандай араздық? Түсініксіз. Қытайлық мұнайшы-басшылардың өз елінің заңнамасын қазақстандық заңмен шатастырып отырғандай әсер бар.

Болат Атабаев болса, өз сөзінен ешқандай да бас тартпайтынын, ол өз уәжін 700-ден аса жұмысшының пікіріне сүйеніп келтіргенін мәлімдепті. Бөкең жұмысшылардан  жағдайды өз көргісі келетінін айтып, көз жеткізу үшін кәсіпорынды нұсқауды өтінгенде, олар ауыр техникамен тасаланған қақпаны көрсеткен.

Атабаев шетелдік компанияның ең болмаса осындай назар аударғанына да шүкірлік айтыпты да, мынаны қосыпты:

- Олар адамдарды осындай жағдайға өздері жеткізген, енді болған жайды терістегісі келеді ...
Айтпақшы, хат авторлары материалдағы мазмұнның бәрін терістеуді талап ете отырып, оның тақырыбына ғана талабы жоқ екен. Соған қарағанда, қазақтардың шынында да өз жерінде құл екендігімен келіскені ме?

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5329