Алматыда "ҚДТ" ұйымының митингісі өтпей қалды (фото-репортаж)
Бұл келіншек күйеуін себепсіз ұстағанын айтып, полицейлердің артынан жүгіріп жүрді. Қолындағы сәбиі жылап, айналаны азан-қазан етті.
Кеше Қазақстан аумағында жұмысына тыйым салынып, экстремистік ұйым деп танылған "ҚДТ" (ДВК) ұйымының жетекшісі Мұхтар Әбләзев еліміздің басты қалаларында наразылық шеруін өткізуге үндеу жариялаған еді. Соған орай Алматы қаласында тәртіп күшейтіліп, "ҚДТ" ұйымының митингісі өтпей қалды. Abai.kz ақпараттық порталының тілшісі оқиға орнына барып, жағдайды өз көзімен көріп қайтты.
Десе де, сағат 6-30-дар шамасында Алматы қалалық ішкі істер департаменті қызметкерлері Төле би мен Панфилов көшелерінің қиылысында елуге жуық адамды ұстады.
Ұсталғандардың арасында әйел азаматтар да болды.
Полицейлер негізінен күдікті көрінген адамдардың құжаттарын тексерді.
Бірлі-жарым азамат болмаса, халыққа ұран тастаған ешкім болмады.
Кей жігіттер күшпен автозактарға тоғытылды.
Осы оқиғаны көзбен көріп, жүрегі сыр берген мына азаматшаны "Жедел жәрдем" алып кетті.
Омон қызметкерлерінің дені қаладағы тәртіпті бақылап тұрды.
Арнайы жасақ көбіне бетперделерін шешіп тастап жүрді.
Кеше экстремистік ұйым саналатын ҚДТ ұйымы наразылық шарасын Алматы қаласының Абай және Байтұрсынов көшелерінің қиылысынан бастап, Астана алаңына дейін шерулетіп келмек болған. Полиция мен арнайы жасақ сарбаздары осы аймақтарды қоршауға алып, ресми рұқсат етілмеген митинг өтпей қалды.
;feature=youtu.be&fbclid=IwAR36oo3lnrMvTzRPfs3dUZYSRg5Py8RVGbOioIPwtlg07iMRBvne-8KRzloТүйін
ҚР Бас прокуратурасының мәліметінше соңғы күндері рұқсат етілмеген заңсыз митингке қатысқан 957 адам ұсталған. Оның 670-і қамалып, 115-іне айыппұл салынған. 172 азаматқа ескерту беріліп, босатылған. Бас прокуратура әлі де заңсыз митингке шыққандар қатаң жазаланатынын ескертеді.
Нұрай Кемел
Abai.kz