Қарағанды облысында КамАЗ жүргізушісі жол бойында қой айдап бара жатқан әйелді қағып кетіп, мерт қылды
ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысына қарасты Осакаровка кентінде жол бойымен бір қора қой айдап бара жатқан 39 жастағы әйел «КамАЗ» көлігінің астына түсіп, қаза тапты.
Бұл туралы бүгін облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
«28 маусым күні таңғы сағат 06.50-де «Алматы-Екатеринбург» тас жолында жол жүру қауіпсіздігіне сай келмейтін жылдамдықпен тіркемесі бар «КамАЗ» көлігімен Астанаға қарай бара жатқан Жамбыл облысының 52 жастағы тұрғыны Осакаровка кенті Жеңіс көшесі бойындағы үйдің жанында жаяу жүргінші жүретін жолмен бір отар қой адап бара жатқан 39 жастағы әйелді қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасының салдарынан жарақат алған әйел сол жерде көз жұмады. 9 қой көлік астында қалған», - деп хабарланды облыстық ІІД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасының материалдары Осакаров ауданының ішкі істер бөлімінде тіркеліп, тергеу жүріп жатыр.