Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2139 0 пікір 17 Маусым, 2009 сағат 19:09

Алматы облысының әкімдігі Текелі қаласында жер сілкінісінің нәтижесінде елеулі қирау орын алып адам өлімі болған деген қауесетті жоққа шығарады

Талдықорған. 17 маусым. ҚазТАГ – Алматы облысының әкімдігі Текелі қаласында жер сілкінісінің нәтижесінде елеулі қирау орын алып адам өлімі болған деген қауесетті жоққа шығарады. Бұл туралы жер сілкінісінің зардаптарын жою бойынша облыстық штаб төрағасы, облыс әкімінің орынбасары Амандық Баталов мәлімдеді. 

«Кейбір БАҚ-тарда Текелі қаласында жер сілкінісінен көптеген қирау мен кісі өлімі болды деген хабар өтті. Бұл шындыққа жанаспайды», - деді А. Баталов.

Қазіргі уақытта құрамына ҚАЗНИИСА мамандары, сейсмология институтының, және басқа да республикалық және облыстық ведомство мамандары кірген республикалық комиссия қызметкерлерімен әр түрлі дәрежедегі зақым алған тұрығнүй мен басқа нысандарды есепке алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ең көп зақымданған ғимараттар - өткен ғасырдың 50-ші жылдары салынған сегіз пәтерлік 3 үй,  №1 орта мектеп пен қарттар үйі. Халық арасында шығын не жарақат алған адамдар тіркелген жоқ. Комиссияның ресми қортындысына сай қаланың зардап шеккен тұрғындарына көмек көрсетілетін болады. Барлығы, көмек сұрап 250 адам келіпті.  

Қалада облыс әкімінің бірінші орынбасары Амандық Баталов басшылығындағы облыстық штаб жұмыс істеуде. Оның айтуынша, зақымданған үйлерді жөндеуге шамамен 250 млн теңгедей қаржы керек. Барлық қаражат облыстық бюджеттен бөлінеді. Жер сілкінісінің зардаптарын жергілікті билік жаз біткенше аяқтамақшы.

Текелі қаласының әкімі Серікжан Бескемпіровтың мәліметтері бойынша, жергілікті ұйымдармен ол төмендегідей келісімге қол жеткізген. Жергілікті мекемелер зардап шекен жұмыссыздарды жұмысқа алады да жалақы төлейді, ал зардап шеккендер өз үйлерін өздері жөндейтін болады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3265
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5598