Нұрлан Геройхан. Бәйменов сатылды ма?
... «Ақжол» партиясының төңірегінде тағы да тұманды әңгіме көбейіп тұр. Есілдің сол жағалауынан ескен саяси гу-гу «Ақжолдың» маңындағы астарлы ақпарды тіпті түрлендіріп жіберді.
«Бәйменов ««Ақжолды» Мәшкевичке сатып жіберіпті» деген әңгімеге Әлихан мырза: «Не десе де әркімнің өзі еркі» депті. «Ақжол» партиясы жиналыс өткізіп жатқанда «Атамекен» одағы» ұлттық экономикалық палатасының төрағасы Азат Перуашов деген кісі аяқ астынан «Нұр Отан» партиясын тастап шыққанын жария етті. «Неге нілдей бұзылып, неге бүйттіңіз?» Сауал сопиып жауапсыз жұртта қалды.
Негізгі гәп мынада болғанға ұқсайды. «Ақжолды» Әлекең Мәшекеңе береді, о кісі партияның басына Азынабайдың поштабайындай сөзді екі етпей орындайтын Азатты қояды да, ал осының бәрінің астыңғы ағынында Тиманың (Тимур Құлыбаевтың) «терең» саясаты жатады. Осылайша, «Нұр Отанға» бәсеке бола алатын партияны «Атамекеннің» базасында құруға болар еді» деп Ертісбаевқа айтқызған сөздің жаны бар болып шықты.
«Халық айтса, қалт айтпайды» деген рас-ау. Әлиханның «Ақжолы» туралы сөз бола қалса, «сатылған, сатылады, сатады, сатып кетеді» деген сөз жиі айтылатын еді. Шынымен, шынайы бейнесі сондай ма екен?
Сіз не дейсіз?
«Абай-ақпарат»
P.S.

Ақыры, "Ақжолдың" сатылғаны шынға айналған сықылды. Астана жақтан екі кештің арасында "Ақжол" партиясының төрағасы Әлихан Бәйменов мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы қызметіне тағайындалғаны туралы әңгіме жетті. Бұ кісі баяғыда оппозицияға кетер кезінде де осы қызметте болған еді. "Ат айланып қазығын табады" . Осы сөздің айтқан қазақ дәу де болса данышпан шығар.