Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3669 0 пікір 4 Шілде, 2011 сағат 09:12

Ерлан Сайыров. Шығыстағы шырайлы өлке

Біраз жігіттер әңгіме-дүкен құрып, әр түрлі мәселелерді талқылап отырған кезде, ең жақын достарымның бірі «Өскеменнен келдім, бұл өлкеде бірінші рет болып отырмын. Әдемілігі, әсемдігі сөз жеткісіз жер, халқы қонақжай және өте білімді екен. Мынандай елді бірінші көруім» деп, шын ықыласымен көрген-білгенін айтып отырды.

Қазір Шығыс Қазақстан деген атпен белгілі бұл өңірдің расында да басқа облыстардан айырмашылығы өте көп. Бұл жерде ғылымда белгілі табиғат зоналарының барлығы қамтылған. Ол тек  табиғаттың артықшылықтары ғана емес. Қазақ халқының, елімізді мекендеген қазаққа дейінгі дәуір тарихының, мәдениетінің айнасы тәрізді. Егер Л.Гумилевті оқитын болсақ, кезінде дүниені тіреп тұрған, алып Қытайды бағындырған ғұндар Алтай мен Тарбағатай тауларының сілемдерін мекендеп, «халықтардың ұлы көші кезінде» осы жақтан Еуропаға бет алған.

Алтай таулары «түбі бір түркілердің қасиетті мекені» екендігін барлығымыз білеміз. Кезінде зоротустра ілімін қалыптастырушылар да осы Алтай тауынан кеткен деген ұғым бар.

Түркі дәуірінде бұл өңір бүгінгі бар түркіге ортақ мәдениеттің інжу-маржаны «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» туындысына арқау болды. Қазақ «білгенге  маржан» дейді. «Сарыбай мен Қарабайдың аң аулауға барып, бір-біріне сөз берісіп, ант су ішетін» жерлерінің барлығы осы аймақта.

Ал «Қозы Көрпеш пен Баян сұлу» дастаны адамзат тарихындағы Эллада дәуірінен кейінгі махаббат сезімі жөніндегі ең бірінші туынды және Батыс мәдениетінің шыңы «Ромео мен Джулеттадан» біраз уақыт бұрын шыққан. Яғни, бұл өлке түркі мәдениетінің шарықтап дамыған жері.

Жоңғар-қазақ соғысы кезінде орыстың отарлау саясаты да осы өңірден басталып, Өскемен бекінісінің іргетасы қаланды. Қазақтарды абориген санаған отарлау саясаты кезінде алғаш рет қазақтарға өтуге тиым салынған «ащы шеп те» («горькая линия») осы жақта бастау алған. Сондықтан, уақыт өте келе Ертістің оң жағы, сол жағы деген қолдан жасалған ұғымдар пайда болды. Нағашы атам революциядан бұрын Ертістің оң жағына қазақтардың жолай алмай, малдары өтіп кетсе түнделетіп, өзінікін өзі «ұрлап» алып шығатындығын айтып отыратын. Патша өкіметінің қазақты құнарлы жерлерінен айырып, барлық жақсы мекендерді «переселендерге» бергенін кейін түсіндік.

Ұлтымыздың шоқтығы биік тұлғасы Шоқан өмірінің  көп кезеңі де  Семеймен байланысты. Өзінің ғылыми экспедицияларын Шоқан Семейден бастаған және өзінің пікірлестері Достоевский, айнымас досы Потанин және өзгелерімен Семейде кездесіп,  ғылыми еңбектерін осы қалада бастаған.

«Қозы Көрпеш-Баян сұлуды» қағазға түсірген де, Европаға танытқан да Шоқан болатын.  Уәлихановтың шығармашылығына демеу берген осы өңір екенін ескеріп, Семейді қазақтың рухани Меккесі деп айтуға негіз бар.

Отарбада отырғанда  ойды ой қуып, талай нәрсе еске түседі екен. Қазір Шығыстың асығы алшысынан түсіп жатқандығы белгілі. Өскеменге кіре берісте үлкен жота бар. Сол жотада тоқсаныншы жылдары казактар орыстың кресін орнатып, ол крестті екі күннен кейін сол кездегі аз қазақ «тыраштанып» жүріп, әзер алдыртып еді.  Бүгін сол жерде ҚАЗАҚСТАН деген жазу орналастырылып, түнде де жарқырап тұрады. Көк байрақтың орыны биікте. Елдіктің, бірліктің белгісі іспетті. Рәміздердің адамға қалай әсер ететінін поездағы сапарластарымның қас қабағынан байқадым.  Бұрын осы жақта тұрып, Өскеменге бес жылдан кейін қыдырып келе жатқан орыс жанұясы бас әріптермен жазылған Қазақстанды біраз сынады.  Ақыры, біз расында да Қазақстанға келдік қой, мына белгі дұрыс қойылған екен деген тоқтамға келді.

Бертінге дейін Өскеменнің қалалық әкімшілігінде қазақ тілі өгей баланың күнін кешетін, шенеунік біткен тек қана орысша сөйлейтін. Бүгінде қалалық әкімшілікке телефон шалсаңыз «қабылдау бөлмесі» деп қазақша жауап аласыз. Өскеменде қазақтың рухы қайта тірілді. Әлгі символдар осы өңірдің заңды түрде қазақтың жері екендігін, рухани әлемі болғандығын айғақтап тұр емес пе!

Қазір қалада еліміздегі архитектуралық жағынан, көлемі жағынан ең үлкен, зәулім мешіт салынып жатыр. Бұл да қазақы  иістің, мұсылмандықтың осы қалаға мәңгі келгендігінің белгісі болса керек.

Семей менің де өміріме өшпес із қалдырған қала. Кезінде әкем Семейдің педагогикалық институтын  бітірді, шешем де осы Семейдікі. Біз балалық шағымызда әке-шешеміздің осы қалаға деген ыстық ықыласын, зор махаббатын көзбен көріп өскенбіз.

Сол Семейде бүгін біраз жақсы өзгерістер болғанына куә болдық. Бәзбіреулер айтқандай, Семей шаңы шығып, қурап жатқан жоқ, жап-жасыл болып құлпырып келеді. Облыс басшылығы үлкен сенім артқан жаңа әкім қаланың жолдарын заманауи тұрғыда жөндеуге кірісіпті. Сұрастыра келе, қала тұрғындарынан бұл азаматтың сөзінде тұратындығын, іскер екендігін, жылдар бойы былығып жататын вокзал мен орталық базар айналасын тазартып, қайта жөндеп, жұрттың ризашылығын алып жатқанын білдік. Қаншама жылдар бойы қыс түссе қатып қалып, қала халқын тоңдыратын қазандықтардың қайтадан қауырт түрде жөнделіп жатқандығын, қысқа дейін жөндеу жұмыстары аяқталатынын, жұмыстың сапалы болуын әкімнің өзі тікелей қадағалап отырғанын естіп, көңіліміз марқайып қалды.

Бір сөзбен айтқанда, семейліктердің ертеңге деген үміті қайта ояныпты. Бүкіл қазаққа қымбат қала шығыстың шырайына айналады деген сенім оты сөнбек емес. Лайым, солай болсын!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371