Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2342 0 пікір 18 Маусым, 2009 сағат 08:28

Білім және ғылым министрлігі: Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындылары

Мемлекеттік комиссиялар мен министрлік өкілдерінің басшылығымен елімізде маусымның 4 мен 10 аралығында 154 тестілеуді өткізу пункттерінде (49 қалада, 105 ауылдық жерлерде орналасқан) ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) өткізілді.
Мемлекеттік комиссияларды аудан әкімдерінің орынбасарлары, аудандық білім бөлімдерінің бастықтары және білім беру ұйымдарының басшылары басқарды.
Министрлік ҰБТ-ны өткізу үшін тестілеу пункттеріне 154 апелляциялық комиссиялардың төрағаларын, 154 программисті, 270 министрлік өкілдерін жіберді.
Тестілеу кезінде аудиторияларда ата-аналар мен бұқаралық ақпарат құралдары және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен 2 бақылаушыдан қатысты.
Тестілеу рәсімін ұйымдасқан түрде өткізу мақсатында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ҰБТ-ны өткізу және үйлестіру жөніндегі штабтар құрылды.
Облыс орталықтарына қосымша Министрліктің 13 қызметкері жіберілді.
ҰБТ-ға енгізілген өзгерістер:
- тестілеу уақыты 30 минутқа ұзартылды;
- Тест тапсырмаларының мазмұны, әрі техникалық себептер бойынша апелляциялық өтініштер бір уақытта қабылданды;
- ұйғыр, өзбек, тәжік мектептерінің бітірушілері өз қалаулары бойынша ҰБТ-ны қазақ және орыс тілдерінде тапсыру мүмкіндіктеріне ие болды;
- бір лектегі адамдардың саны 800-ге дейін азайтылды.
- лектердің саны 5-ден 7-ге дейін көбейді;

- тест тапсырмаларының базасына талдау жасалып, жаңартылды;
- сканердің дұрыс жұмыс жасауы тест басталмас бұрын арнайы бағдарламамен тексерілді. Облыс орталықтарында техникалық құралдардың резерві даярланды.
- министрліктің жауапты қызметкерлері ағымдағы жылғы қаңтардан бастап барлық облыстарда ҰБТ-ны өткізу тәртібі жөнінде мектеп бітірушілер, олардың ата-аналары және педагогтар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
- республика көлемінде биылғы ҰБТ-ны өткізу тәртібі туралы 3 республикалық интерактивтік сабақ өткізілді;
- бұқаралық ақпарат құралдарына 300-ден астам хабарламалар жіберілді;
- ҰБТ-ы туралы ақпараттық материалдар министрліктің сайтына орналастырылды;
- мемлекеттік комиссиялардың мүшелері, мектеп бітірушілер үшін ҰБТ-ны өткізу тәртібі туралы жадынамалар әзірленіп, таратылды;
- мемлекеттік комиссиялардың мүшелері, кезекшілер, министрлік өкілдері мен программистер, апелляциялық комиссиялардың төрағалары үшін өңірлік оқыту семинарлары мен тренингтер өткізілді;
- телеарналарда ҰБТ-ы туралы ақпараттық роликтер көрсетілді. Мектеп бітірушілердің ҰБТ-ға ең көп қатысқаны: Алматы қаласынан – 90,5 %; Шығыс Қазақстан - 89,2 %; Павлодар облысынан – 87,6%. Аз қатысқан Қостанай 69,6%; Маңғыстау 71,9%; Қызылорда облыстарынан 73,3 %.
Республика бойынша орташа балл 74,9 құрады.
“Алтын белгіге” үміткер 2 938 бітірушінің, 2845-і тестілеуге қатысып, олардың 1547-і (54,4 %) өздерінің үздік білімдерін растады.
8 мектеп бітіруші 125 балл жинады. Олар: Батыс Қазақстан облысындағы дарынды балаларға арналған облыстық мектептің түлегі Аманғалиева Шынар, Маңғыстау облысы Бейнеу мектебінің түлегі Байбозтегі Ақниет, Жәутіков атындағы республикалық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернаттың түлегі Жексенбаев Абылай, Солтүстік Қазақстан облысы Чириков мектебінің түлегі Есенаева Жадыра, Талдықорған қаласындағы № 20 мектептің түлегі Қожамұратова Арай, Алматы қаласындағы № 21 гимназияның түлегі Меньшова Анна, Батыс Қазақстан облысындағы дарынды балаларға арналған облыстық мектептің түлегі Нұрабай Арайлым, Жамбыл облысы Мерке ауданының № 17 мектебінің түлегі Хасенова Сабира.
11 374 (10,64 %) оқушы 100 балдан артық балл жинады.
15 476 (14, 48 %) оқушы 45 баллдан төмен балл жинады.
Тестілеу кезінде Министрлік өкілдері мен мемлекеттік комиссиялардың мүшелері ҰБТ-ы технологиясының бұзылуына әрекет жасағандарды анықтады және алдын алды.
Апелляцияларды қарау жөніндегі республикалық комиссияға 4-9 маусым аралығында 1034 өтініштер түсті.
603 апелляция қанағаттандырылған жоқ.
431 апелляция қанағаттандырылды.
10 маусым күні өткізілген тестілеу үшін апелляция 11 маусым сағат 13.00-ге дейін жалғасады.
Жалпы алғанда, Білім және ғылым министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, жергілікті атқарушы органдардың және басқа да мемлекеттік органдардың ұйымдасқан жұмысы байқалды.
Бақылаушылар тестілеу рәсімінің өту барысына көңілдерінің толатынын білдірді. Олар ұйымдастырушылардың тест тапсырушыларды аудиторияға кіргізу және орындарына отырғызу жұмыстарының дұрыс жолға қойылғандығын атап өтті. Аудиторияда тест тапсырушылардың өзін-өзі ұстау ережесі, жауап парақтарының бланкісін толтыру, емтихан материалдарымен жұмыс істеу жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жеткілікті деңгейде жүргізілді. Сонымен қатар, олар тестілеу барысындағы ұйымдастырушылар мен кезекшілердің өзара түсіністікпен атқарған жұмыстарына ризашылықтарын білдірді. Бақылаушылардың пікірлері бойынша, аудитория кезекшілері тестілеу кезінде туындаған әрбір сұраққа байыппен қарап, нақты жауаптар бере білген.
ҰБТ-ның нәтижелеріне талдау жасалынып, мектептердегі оқу-тәрбие процесін, стандарттар мен оқу бағдарламаларын жетілдіру, мұғалімдерді даярлауды және олардың біліктілігін көтеруді ұйымдастыру кезінде пайдаланылатын болады.

«Абай-информ»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5592