Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2474 0 пікір 7 Шілде, 2011 сағат 08:56

Петропавл тұрғыны «жедел жәрдем» көлігін айдап әкетпек болды

ПЕТРОПАВЛ.  7 шілде.  ҚазАқпарат  /Сергей Кузнецов/ - «Жедел жәрдем» көлігін  айдап  әкетпек  болған Петропавл тұрғыны  жол  полиция   қызметкерлеріне  тұтылды, деп  хабарлады Солтүстік Қазақстан  облысы   ішкі істер   департаментінің баспасөз қызметінен.

Күндіз сағат  1-лердің  шамасында     белгісіз   бір  азамат  №4 қалалық  емхананың     аумағынан    «жедел жәрдем» көлігін  айдап  әкетеді.  Жол  полицейлері  «Тосқауыл»  операциясын   жариялайды.  «Уют»  дүкенінің маңында  кезекшілік атқарып жүрген   полиция сержанты Александр Ушаков пен  старшина Рүстем Өкенов  рация арқылы     хабар ала салысымен  дереу оқиға орнына аттанады.

Полицейлер   «автобарымташыны»   Петропавлдың  сыртындағы  Мещанский  орманы  маңында  қуып  жетеді.   Сөйтсе,  ол    жүйке аурулары диспансерінде есепте тұрған    Петропавл тұрғыны болып шығады.   Әлгінің айтуынша,   ол   аурухананың  жанынан  өтіп бара  жатып,   кілті    қалдырылған  «жедел жәрдем» көлігін көрген.    Ол   медициналық көлікпен     Мамлют  ауданына  саңырауқұлақ теруге     бармақ болыпты.

Көлікке   мас болып отырғаны  үшін оның  үстінен    ҚР  Әкімшілік құқықбұзушылықтар  кодексінің  467-ші бабы  бойынша әкімшілік  хаттама  толтырылды.  Көлік айдап  әкету фактісі  бойынша   қылмыстық іс қозғау мәселесі   қаралуда.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5420