Сенбі, 23 Қараша 2024
2411 1 пікір 15 Шілде, 2019 сағат 10:22

Қызылорда облысында V балықшылар слеті өтті

Қызылорда облысында 2015 жылдан бастап дәстүрлі түрде Арал өңірі балықшыларының слеті өткізіліп келеді. Биылғы слет Балық шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесінің ресми бекітілуіне арналды.  Іс-шараға балық шаруашылығы саласындағы республикалық және халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ Ақтөбе мен Түркістан облыстарының делегациялары қатысты.

12-13 шілде аралығында Арал өңірі балықшыларының дәстүрлі 5-ші слетінде облыстың балық шаруашылығы саласындағы жетістіктері қорытындыланып, алдағы жоспарлары анықталды.

Іс-шараға балық аулау ұйымдарының басшылары мен қызметкерлері – барлығы 500 жуық адам қатысты.

Слеттің бірінші күні "Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы"  ЖШС Арал филиалы базасында "Тауарлық балық шаруашылықтарын дамытудың мүмкіндіктері" атты ғылыми-практикалық конференция  өтті.

Екінші күні слетке қатысушылар балық өнімдері көрмесімен және аймақтың балық шаруашылығының даму тарихынан сыр шертетін жәдігерлермен танысып, саланың үздіктері мен ардагерлерін марапаттау рәсіміне қатысты.

V балықшылар слетінің ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Намаев облыстағы балық шаруашылығының дамуы туралы айтты.

«Кеңес заманында Арал өңірінен (Арал, Қазалы аудандары) 8 Кеңес Одағының батыры, 21 Социалистік Еңбек Ері, 2 Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты шыққанын мақтанышпен айта аламыз. Бүгінгі күні де теңіз дауылына желкенін жықпай, өмір соқпағына мойымай ата кәсіпті жалғастырып жүрген балықшылар легі баршылық. Осы ретте, нарықтық экономика заманында балықшылардың басын біріктіріп, ел игілігіне қызмет жасап жүрген Нұрбек Әйімбетов, Аманбай Ерхатов, Төребек Игіліков, Батырхан Пірекеев, Табын Аленов, Шүкірбай Абдуалиев, Ақылбек Байқошқаров,Сәрсенбай Қошқарбаев сияқты ел азаматтарының, кәсіпкер азаматтардың еңбегін ерекше атап өткім келеді. Әрқайсысы жүздеген жұмыс орындарын ашып, өнімдерін алыс - жақын шетелдерге шығарып, облыс экономикасына қомақты үлестерін қосып отыр»,-деді Б.Намаев.

Облыс әкімінің орынбасары қатысушыларды шілденің екінші жексенбісіне ресми бекітілген Балық шаруашылығы қызметкерлері күні кәсіби мерекесімен құттықтады.

Сондай-ақ, саласының үздіктері мен ардагерлері марапатталды.

Слеттің ашылу салтанатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Қайыр Рыскелдинов пен Қазақ КСР балық шаруашылығының экс-министрі Құдайберген Саржанов сөз сөйледі.

Қызылорда облысы республикада балық шаруашылығы дамыған өңірлердің бірі.

Облыс балық аулау, өңдеу көлемі бойынша республикада 3- орында.    2019 жылдың 6 айында облыс бойынша 2397 тонна балық ауланып, республикалық бюджетке 53 млн.теңге қаржы түсті. Бүгінгі күні облыс бойынша жылдық қуаттылығы 11 мың  тоннадан асатын 8 балық өңдеу зауыты жұмыс істеп тұр. Балық өнімдерінің 13 түрі шығарылуда.

Соңғы 5 жылда балдық өнімдерінің экспорының көлемі 9 есеге артты. 2018 жылы облыстан 3804 тонна балық өнімдері экспортталса,осы жылдың 6 айында экспорт көлемі  2406,5 тоннаны құрады. Балық өнімдерін Ресей, Польша, Голландия, Украина, Әзірбайжан, Қытай елдеріне экспорттауда.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522