Сәрсенбі, 2 Қазан 2024
46 - сөз 3517 2 пікір 15 Шілде, 2019 сағат 11:13

Қоғамдық жауапкершілік арқалаған жазушы деп кімді айта аласыз?

Бір аңгіме оқып отырып аяқ асты есіме қытайдың Нобель сыйлығын алған жазушысы Мо Янның "Өлі мен тірі арасындағы қалжырау"- атты романы есіме түсіп кетті. Мо Ян мырзаның екі-ақ романын толық оқып көрдім. Біреуі -"Мақта", екіншісі жоғарыда аты аталған романы. "Шарап елі"-атты романын бастап оқып жалғастыра алмап едім. Қазақша аудармасы ұнамады. Кітап ары қарай жүрмеді.

Айтарым басқа. Мо Янның "Өлі мен тірі арасындағы қалжырау" - атты шығармасын оқи отырып оның өзі өмір сүріп жатқан қоғамды, сол қоғамды қолдан жасап отырған билікті, Социализмды айызы қана сойып отырғанын сезінесің. Қарабайырлау айтсам емін-еркін боқтап, кекеп отыр. Өзім оқи алған шығармаларында дерлік Мо Янның ашық қарсылығын, кекесінін, әдемі тілдеуін сезінемін." Мо Ян"-деген сөздің мағанасы "Үнсіздік"-деген сөз ғой." мына қоғамға айтарым жоқ"-деп отырған жазушы қызыл қасапшы билікке осыншама ашына тисуі айтқызбасқа қоймаған жауапкершілігі болса керек. Үлкен жазушы болатын адамда үлкен ар, үлкен жауапкершілік болу керек. Ол жауапкершілік беріде өз ұлтының алдында, арыда адамзаттың алдында болуы тиісті міндеті.

Мо Ян партизанға да ұқсайды. Қаша соғысады, жасырынып жатып атады. Өзін қорғай жүріп, бас амандығын ойлай жүріп жаушылық ары айтпасқа қоймаған шындықты, қалыпсыздықты айтқызады. Мо Ян нобель сыйлығын алуға қам-қарекет етіп, бар шығармаларын ағылшын тіліне аудартып дайындалса да, сол сыйлық өзіне шын бұйырған кезде шошып та кеткен сияқты.Әйтеу өзіме солай сезілді. Қатты сақтанды. Көзге түспеуге, пікір айтпауға тырысты. Өйткені оған ең үлкен қатер отанынан,үкілеп отырған партиясынан еді...

Екінші оқыған кітабым - Ян Гылиң деген әйел жазушының адамның "Тоғызыншы жесір" - атты романы. Осы кітапты оқи отырып "Коммунистерді компартияның сыйлығын ала отырып өстіп те тілдеуге, кеспірін ашуға болады екен! "-деп таңқалып едім. Және бұл кітаптың үлкен сыйлықтар алуы, ел ішінде көп таралыммен шығуының өзі қара юмор. Талдап айтар болса өз алдына үлкен әңгіме. Бәлкім олардың зиялылары да бірінің сырын бірі күптеп, саңлауға түсер жарықты молайтуға амал жасауда.Енді жасырса өлімі әшкере болатын қоғамдық, жүйелік кеселді өз әлдерінше емдеуде.айта бастауда...

Сонда біздің үлкен жазушылар не істеуде? Жаңа заман әдебиетінде, қазақстанда қайсы жазушыны ұлттық, қоғамдық жауапкершілігі бар жазушы деп айта аламыз?! Сіз кімді көрсетер едіңіз? Қайсы шығармасын?
Жазушы болу үшін дарын ғана емес батырлық, жауапкершіл, әдіс -айлада қоса керек екен, түйгенім. Кім бар бізде? Сөз еркіндігі қытайдан көп жақсы, көп еркін елімізде үлкен жауапкершілігі бар жазушыдан кімдер бар?

Қанатбек  Қалымханұлының facebook парақшасынан

Abai.kz

2 пікір