Жұма, 22 Қараша 2024
Саяси портрет 6573 7 пікір 18 Шілде, 2019 сағат 11:52

Райымқұлова: Өнер таза болуы керек

ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова халықаралық байқауларда жүлдегер атанған жастармен кездесті.

Кездесуге «Славян базары – 2019» конкурсының жеңімпазы Әдіхан Макин мен Украинада өткен «Молодая гиличина-2019» халықаралық ән байқауының бас жүлдесін алған Қуаныш Ерзатұлы және І орын жүлдегерлері Мереке Кенжеғұл мен «Қазақ қыздары» триосы келді.

«Күллі әлемге Ұлы дала елінің өнері мен мәдениетін насихаттап жүрген еңбектеріңізге шексіз алғысымды білдіремін. Қазақтың қоңыр үні халқымыздың маңдайына біткен бағы десем, артық айтқаным емес. Өздеріңіз білесіздер, Әміре Қашаубаев Парижді қалай бағындырса, Димашымыз миллиардтаған халқы бар Қытайды, кейінірек әлемді мойындатты. Мінекей, сіздер де дарындарыңызбен көзге түсіп, жүлдемен келіп отырсыздар. Шын жүректен қуаныштымын. Болашақта әлем сахналарында бұдан да зор жетістіктерге жететіндеріңізге сенімдімін», - деді Ақтоты Райымқұлова.

Сонымен қатар, Мәдениет және спорт министрі фонограммамен ән айтуын шектейтін заң жуық арада қолданысқа енгізілуі мүмкін айтты. Оның айтуынша, өзге елдерде топ жарған әншілеріміз әнді жанды дауыста айтудың өзектілігін танытып отыр.

"Фонограмманың әр түрі болады. Бірақ, біздің министрліктің көзқарасы: өнер таза болуы керек. Және эстрадада ән жанды дауыспен айтылуы керек, - деді министр.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1455
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3218
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5269