Жұма, 18 Сәуір 2025
3323 1 пікір 22 Шілде, 2019 сағат 10:02

Ерлан сияқты азаматтардың ерлігін еске алып жүруге тиіспіз

Биылғы жылдың 10 мамыры күні Нұр-Сұлтан қаласындағы Есіл өзенінің бойында 12 жасар қыз итін құтқармақ болып суға түседі. Сол сәтте өзен жағасында балық аулап отырған ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің әскери қызметшісі Ерлан Райымқұлов қызды көріп қалып, өз өміріне төнген қауіпке қарамастан қызды жағаға шығарып үлгереді де, өзі сол бойы суға кетті.

Ерланның артында әйелі мен екі баласы қалды. Әуе қорғанысы күштері отбасына Ерланның жанқиярлық ерлігі мен батылдығы үшін медаль табыстады. Сын сағатта, дәл осындай жігіттер өзгелерге қол ұшын созудан қашпайды.

Өкінішке орай, Ерлан қазір арамызда жоқ. Дегенмен, біз басқа адамдарды құтқару үшін өз өмірін қиған жандардың ерліктері жөнінде өскелең ұрпаққа айтып, еске алып жүруге тиіспіз.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1984
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4834
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4012