Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3249 6 пікір 26 Шілде, 2019 сағат 11:06

Үш мегаполистің әкімін халық өзі сайлау керек

Бізде алдағы Парламент сайлауы болсын, президент сайлауы болсын заңды қалай өзгертсең де ел аумағындағы 10 мыңнан астам сайлау учаскелеріне өз бақылаушыларын қоя алар не саяси партия, не азаматтық қоғамның күші жоқ. Мұндай масштабты алып шығар тәжірибе де жоқ. Алдағы 2-3 жылда ол мүмкін де емес. Қазақстан жағдайында демократиялық өзгерістерді Парламент не қоғамдық кеңес емес азаматтық қоғам ғана жасай алатыны түсінікті жағдай. Бүгінгі азаматтық қоғамның күші ірі қалаларда салыстырмалы түрде белсенді. Алдағы болатын кеңесте Астана, Шымкент пен Алматы қалаларының әкімдерін тұрғындар өзі сайласын деген принципті алып шығу керек. Бұл елді төмендегідей өзгерістерге алып келеді:

1. Билік шынайы саяси реформаның басталғанына елді сендіріп, сенім кредитін арттырады.

2. Халықтың көзінде сайланған әкімдер "Біз сайлаған азамат" деген иммиджді алады. Қазір азаматтық қоғамға лидерлер қажет. Міне қоғам осы өзі сайлаған әкімдердің төңірегіне топтаса бастайды. Бұл жаңа лидерлермен келесі президент сайдауына да дайындық болады.

3. Билік халық сайлаған әкімдерге қысым көрсете алмайтын болады. Болмашы қысымның өзі қоғам тарапынан үлкен тепкіге ұшырайды. Бұл өз кезегінде сайланған әкімдерге үлкен күш пен сенімділік, саяси ойындарда бос кеңістік береді. Ал, президент халық сайлаған әкімді орнынан алар болса солай жасап көрсін. Қызықтың көкесі сонда болады.

4. Аталған 3 қалада сайлау кезінде ары кеткенде 700-800 сайлау учаскесі болуы мүмкін. Бұл орындарды бақылаушылармен толтырып, бір де бір дауыстың ұрланбауын қадағалауға жастары көп, азаматтық қоғамы белсенді аталған 3 қалада тамаша мүмкіндік бар.

5. Өз басым "Нұр Отанның" ел аумағында 1 млн мүшесі бар дегенді жиі естимін. Әбден мүмкін. Демек 3 қаланың әкімін сайлау арқылы шешуге билік еш қорықпауы керек. Себебі, 1 млн мүшесі бар ең үлкен саяси күш емес пе?.. Тек осыны  Шымкент, Алматы мен Астана қалаларының әкімдерін сайлау арқылы шындыққа қаншалықты жанасатынын практикада дәлелдеп көрейік.

6. Сайланған 3 қаланың әкімі де келесі президент сайлауына түсуі керек. Екеуі сатып кетсе де арасынан ел үшін соңына дейін тұрып берер әйтеуір біреуі қалады. Өзі сайлау мен халықтың арқасында әкім болған адам елдің қолдауының да қадірін түсінер.

Ашығын айтайын қандай заңды өзгерт бірақ ол заңның орындалар нүктесін толық бақылауға алар саяси партия не азаматтық қоғамның күші жетілмей бәрі бекер. Дәл бүгінгі Қазақстан жағдайында бүкіл елді қамтыған сайлаулар біздің жас азаматтық қоғам үшін масштабы тым үлкен. Қазақстан үшін алдағы Парламент сайлауынан аталған 3 қаланың әкімдерін сайлау әлдеқайда маңызды. Басталатын өзгеріс осы 3 мегаполис қаладан басталады.

Бауыржан Серікбайдың facebook парақшасынан

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371