Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2169 0 пікір 13 Шілде, 2011 сағат 00:49

Ғаббас Қабышұлы. Қазақты басынбаған кім қалды?

Қойдан қоңыр қазақтың кеңдігі, кешірімділігі басқа жұртқа баяғыдан мәлім. Өткен ғасырларда қазақ даласын аралаған шетелдік саяхатшы тарихшы-ғалымдардың қайсысының жолжазбасын оқысаң да, арғылары «көшпенді қырғыз-қайсақ» деп, бергілері «көшпенді қазақ» деп бастап: мінезі ашық-жарқын, қарапайым, әңгімеқұмар халық; аты-жөніңді сұрап білуден бұрын дастарқанын жасап, бар-жоғын аузыңа тосады», дейді. Бертінде өзіміз де сан рет куә болған шындық. Қазақстанның басқа елдерше бүлінбей, қаншама ұлт-ұлысының ұйып отырғаны - ең алдымен қазағының құдай берген осы қасиетінің арқасы. Ал соңғы жылдары мұны тәрк етуге тырысушылар табылып, жер-жерде ұлтаралық қажетсіз дау-жанжал, қанды қақтығыс бола бастады. Ол - елдің ішінен шыққандардың емес, базар нарқын пайдалана сырттан келіп жатқан пайдакүнем сан-сапалақ топтардың, исламға дұшпан діндарлардың кесірі. Олардың ешқайсысы Қазақстанды көркейтуді, қазақты, исламды көгертуді мақсат етіп келген жоқ. Бай елді сору үшін алаөкпеленіп, арампиғылданып жетті. Ал уақытша қиыншылыққа ұшыраған елді есін жиғызбастан талау-тонау оның халқын әуелі астыртын алдап-арбап, болмай бара жатса - ашық  арандаудату арқылы татулығынан, бірлігінен айыру оңай болады. Әне, республикамыздың батысында сол зымияндық  іске асырылып, оқ атылып, өлім болып жатыр! Сұмдық!

Жат елдік зәлімдер  сұмдықтарын  халықты ұйытушы дін әлемімізге  у шашудан бастады. Өздерінің діни ұйымдары мен топтарын өркештендіру үстіне біздегі бір исламнан әлденеше «ислам» жасады. Соның салдарынан бөгде дінге өтіп кеткен қазақ қанша? Отбасы екі-үш дінге бөлініп, ортасына түскен шаңырақ қанша?  Жат дінді еркектердің етегінен ұстап кеткен қазақ қызы қанша?  Діндардың киімін киіп, қалтасына қара кездігін сала келген  теріс саясатшы ол іріткілер тыныш қазақ ортасын осылайша лаңдағалы қашан?!

Заң жүйеміздегі мұндай сорақылықтың салдары қазаққа қара таяқ болып тиіп жүр. Қазақ пен чешеннің, қазақ пен ұйғырдың, қазақ пен курдтың арасында жанжал, қақтығыс бола қалса, бәрінде қазақ айыпталып, сотталып-қатталып кете барады.  Қойдан қоңыр қазақты басқалардың басынуы аздай,  қағынан жеріген қазақтар-ақ түбімізге жететін шығар! Ал билік - бейтарап. «Бірің өліп, бірің қал» ма?

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5534