Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2156 0 пікір 18 Маусым, 2009 сағат 08:48

Ресей түрік республикаларының суверенитетіне шабуыл бастады

Ресей өзінің империялық саясатын одан әрі жүргізуде. Бұл мемлекетте болып жатқан саяси үрдістерді «конституциялық төңкеріс» деп атауға болады. Себебі, бүгінгі Ресей басшылығы осы елдің Конституциясында бекітілген федеративтік жүйені қайта қарап, бүрұлтты унитарлы мемлекетті құруға кірісіп кеткен. Осы мақсатына жету үшін Кремль ең алдымен өздеріне қауіпті саналатын түрік республикаларын, яғни Татарстан, Башқұртстан, Саха және Туваны ауыздықтауға бағыт алып отыр. Ресейдің Конституциялық соты жақында арнайы ұйғарым шығарып, осы республикалардан өз конституциялары мен заңдарындағы «суверенитет» туралы барлық баптарды алып тастауды талап етті. Кеше ғана Саха Республикасының мемлекеттік жиыны Кремльдің қысымына шыдай алмай, тиісті «өзгерістер мен толықтыруларды» қабылдауға мәжбүр болды...

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қараша айында Саха Республикасының жаңадан тағайындалған прокуроры Анатолий Подласенко Мемлекеттік жиын алдына шығып, осы автономиялық құрылымның 1990 жылы қабылданған конституциясын қайта қарап, оның ішінен «суверенитет» туралы барлық тұжырымдар мен баптарды алып тастауды талап еткен болатын. Прокурордың пайымынша, республиканың Ата заңындағы суверенитет туралы баптар «болашақтағы сепаратизмге алып келеді» екен.

Саха депутаттары прокурордың бұл талаптарын «барып тұрған астамшылдық» деп танып, наразылығын білдіріп жатты. Көп ұзамай саха депутаттарының тапсырысы бойынша Мемлекеттік жиынның мемлекеттік құрылыс және заңнама жөніндегі комитетінің орынбасары Александр Ким-Кимэн Саха Республикасының Конституциялық сотына шағымданып, прокурордың талаптарын заңсыз деп табуды сұрады.

Араға екі ай сала,  2009 жылдың 18 ақпан күні Саханың Конституциялық соты өз шешімін жариялады. Онда республиканың Конституциясындағы «суверенитет» туралы баптар Ресейдің заңнамасына қайшы келмейтіні, ал 1990 жылғы Саханың мемлекеттік суверенитеті туралы декларация «белгілі бір тарихи кезеңде қабылданған тарихи құжат болып табылады» деп көрсетілген болатын. Осы себепті де республикасы прокурорының талаптары негізсіз деп танылды.

Келесі күні Саханың Мемлекеттік жиыны Республика Конституциясына отыздан астам өзгерістерді енгізсе де, республика суверенитеті туралы барлық баптарды принципті түрде сақтап қалады. Мемлекеттік жиын төрағасы Виталий Басығысов сөйлеген сөзінде «Саха Республикасының Ата заңы кезінде республикалық референдумда қабылданған болатын, сондықтан да суверенитет туралы, мемлекеттік жүйе туралы баптарды өзгерту үшін ең алдымен халықтың тікелей ұйғарымы керек» деп басып-басып айтты.

Алайда, Саха прокурорлары да қарап қалған жоқ. Олар Ресейдің Конституциялық соты мен Бас прокуратурасына шағымданып, республикада орын алып жатқан «келеңсіздіктердің болашақта сепаратизмге апаратыны туралы» тағы да мәселе көтереді. Кремль саясатының құқықтық құралына айналған Конституциялық сот 8 маусым күні арнайы шешім шығарып, Татарстан, Башқұртстан, Саха және Тува республикаларын қысқа мерзім ішінде өз конституцияларынан суверенитет туралы барлық баптарды алып тастауға міндеттейді. Бір қызығы, Конституциялық сот өз шешімінде осы республикалардың конституцияларындағы «жергілікті мемлекеттік биліктің қайнар көзі - жергілікті халық» деген сөздердің өзін Ресей Конституциясына қайшы деп тапқан екен!

Конституциялық соттың ұйғарымы шыққан бойдан, Саханың мемлекеттік жиыны кеше тағы да жиналып, өз Ата заңынан суверенитет, азаматтық, автономиялық басқару туралы баптарды алып тастауға мәжбүр болды. Жаңа өзгерістерге сай, осы уақыттан бастап Саха Республикасындағы «биліктің қайнар көзі республика халқы» емес, «Ресей халқы» болатын болды! Басқа сөзбен айтсақ, Саха Республикасы өзінің автономиялық, мемлекеттік нышандарынан айрылып бітті!

Ендігі уақытта Ресейдің авторитарлық режимі қалған үш түрік республикасының басшылары мен заң шығарушы органдарының қолын бұрап, дәл осындай шешімдерді қабылдауға итермелейтін сияқты. Алайда, біздің түсінігімізше, Кремльдің «елімізді күшейтеміз» деген бүгінгі ұрандары Ресейдің мемлекеттігіне теріс әсерін тигізеді. Ұлттық намысы, тілі, ділі, тарихы бар ұлттар бұндай өктемдік пен астамшылдыққа басын мәңгі ие бермейтіні анық. Сондықтан да осыған дейін басылып қалған татар, башқұрт, саха, тува халықтарының ұлт-азаттық күресі қайта жанданатын секілді. Лайым солай болсын! Ресейдегі түрік текті бауырларымыздың рухани күресіне сәттілік тілейміз!

Айдос Сарым, «Абай-информ»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588