Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2765 0 пікір 18 Маусым, 2009 сағат 09:15

Алматы облысындағы Текелі қаласында тағы да жер сілкінді, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ

Алматы. 18 маусым. ҚазТАГ – Бейсенбіге қараған түні Алматы облысында кіндігі Текелі қаласында болған жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ТЖМ.

«ҚР БҒМ сейсмология институтының мәліметтеріне сәйкес, 18 маусымда 1 сағат 30 минутта Алматы облысында кіндігінде энергетикалық класы  К=9,6 тең болған жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің кіндігі Алматының солтүстік-шығысында: 44° 42” солтүстік ендік және 78° 50” шығыс бойлық бойынша тіркелді. Текелі қаласында MSK-64 шкаласы бойынша 3 балл болды. Қаза болғандар мен қираулар жоқ», - делінген хабарламада.

Ал ТЖМ хабарлауынша, «Сейсмология иституты» ЖШС мәліметтеріне сәйкес, 2009 жылғы маусымның 18-інен 24-не дейін 42°30”–44° солтүстік ендік және 75°00”–80° шығыс бойлық координаттарымен шектелген  Алматы болжам полигонының аумағында Рихтер бағамы бойынша күші 5,5 балдан асатын жер сілкінісі болмайды (MSK-64 сейсмикалық бағам бойынша 7 балл)».

Бұрын хабарланғандай, 13  маусымда 23 сағат 17 минутта Алматы облысында кіндігінде энергетикалық класы  К=14,3 жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің кіндігі Алматының солтүстік –шығысында 230 шақырым қашықтықта 44° 45” солтүстік ендік және 78°49” шығыс бойлық координаттары бойынша тіркелген. Алматыда жер асты дүмпулерінің күші MSK-64 шкаласы бойынша 3-4 балл, Талдықорғанда 5-6 балл, кіндігі Текеліде 6-7 балл болған.

Текелі қаласында 13 маусымда болған жер сілкінісі салдарынан бірнеше ондаған тұрғын үй мен басқа да ғимараттар бүлінді. Қабырғаларында, төбесінде жарықшақтар пайда болып, шатырлары бүлінген, іргетастары отырып қалған.

Қазіргі уақытта ҚАЗНИИСА , сейсмология институтының және басқа да республикалық және облыстық ведомстволардың мамандарынан жасақталған республикалық комиссия әр түрлі діңгейде бүлінген тұрғын үй және басқа нысандарды есепке алу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Жер сілкінісінен ең көп зардап шеккен ғимараттар - өткен ғасырдың 50-ші жылдары салынған сегіз пәтерлік 3 үй,  №1 орта мектеп пен қарттар үйі. Халық арасында адам шығыны және жарақат алғандар тіркелген жоқ. Комиссияның ресми қортындысы бойынша зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетілетін болады. Әзерге көмек сұрап келгендердің саны - 250 адам.

Кеншілер қаласында облыс әкімінің бірінші орынбасары Амандық Баталовтың басшылығымен облыстық штаб жұмыс істеуде. Оның айтуынша, бүлінген ғимараттарды жөндеу үшін 250 миллион теңгеге жуық қаржы қажет. Ақша облыстық бюджеттен бөлінеді. Жергілікті билік жер сілкінісінің салдарын жаздың аяғына дейін жоюды жоспарлап отыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588