Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 1872 0 пікір 18 Маусым, 2009 сағат 09:16

Сенатор Әбдікәрімов қорғаныс министрі Ахметовтың қызметінен кетуі, оның ведомствосындағы жемқорлыққа байланысты болуы мүмкіндігін жоққа шығармайды

Астана. 18 маусым. ҚазТАГ – Дина Ермағанбетова. Даниал Ахметовтің қорғаныс министрі қызметінен болсатылуы қорғаныс ведомствосындағы жақында орын алған жемқорлық туралы дауға байланысты болуы мүмкін, деп есептейді парламент сенатының депутаты, халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитет мүшесі, палатаның бұрынғы спикері Оралбай Әбдікәрімов.

«Бәрібір, ол басқарған ведомство соңғы уақыттары даулы болған. Мен, бұл (министрді қызметінен босатуы – ҚазТАГ) сонымен байланысты болды, деп ойлаймын», - деді ол, журналситерге, қорғаныс министрінің қызметінен босатылуына парламент кулуарында түсініктеме бере келіп.

Д. Ахметовтың қызметінен босатылу себептері кейін анық болады, дейді сенатор. Депутат, экс-министр өз ведомствосындағы анықталған жемқорлық құқық бұзушылықтарға байланысты «қылмыстық не әкімшілік жауапкершілік емес, жай ғана моральдық жауапкершілік сезінуі мүмкіндігін»жоққа шығармады.

Алдын хабарланғандай, ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен сәрсенбі күні Д. Ахметов қорғаныс министрі қызметінен босатылған. Мемлекет басшысының өкімімен қорғаныс министрі міндетін уақытша атқару Штаб бастықтары комитетінің төрағасы, қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Мұхтар Алтынбаевқа жүктелді.

Д. Ахметов қорғаныс министрі ведомствосын 2007 жылдан басқарды. Алдындары ол, 2003 жылдан бері ҚР премьері қызметін атқарған.

15 маусымда Д. Ахметов 55 жасқа толды.

Соңғы айларда қорғаныс министрлігін бірқатар жемқорлық туралы дау сілкінтіп жатыр.

Атап айтқанда, ҰҚК қызметкерлері сәуір айының басында қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Қажымұрат Мейірманов ұсталды. Ол, израилдік Imi және Soltam-Systems фирмалармен Қазақстанға реактивті бірден ататын «Найза» жүйесін жеткізіп беру және артилериялық «Семсер» мен «Айбат» жүйелерін жетілдіріп беру туралы контрактілер жасалғанда жемқорлыққа жол берді деп айыпталады. 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588