Сенбі, 23 Қараша 2024
4382 1 пікір 8 Тамыз, 2019 сағат 10:58

Атамбаевты ұстау операциясында жараланған арнайы жасақ өкілі қаза болды

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың резиденциясына шабуыл кезінде жараланған арнайы жасақ өкілі қаза болды.

Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі Кой-Ташта елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты ұстау операциясы кезінде жараланған арнайы жасақ өкілі ауруханада көз жұмғанын хабарлады. Министрліктің дерегінше, операция кезінде 41 адам жараланған, олардың 15-і - арнайы жасақ қызметкері.

Дәрігерлердің сөзінше, көз жұмған 22 жастағы арнайы жасақ қызметкерінің жүрегіне оқ тиген. Ол ауруханада қайтыс болған.

7 тамызда Бішкек уақытымен кешкі сағат сегіз шамасында арнайы жасақ экс-резидент Алмазбек Атамбаевты ұстау операциясын бастаған. 8 тамыз түнгі үш шамасында арнайы жасақ Кой-Таштан шықты, Алмазбек Атамбаевты ұстаған жоқ.

27 маусымда Қырғызстан парламенті Алмазбек Атамбаевты экс-президент және тиіспеушілік мәртебесінен айырған.Кейін ІІМ Атамбаевты тергеуге шақыра бастады.

Қырғызстанның бұрынғы президентіне қызметте жүріп жемқорлыққа жол берді, өкілетін асыра пайдаланды және заңсыз байыды деген сияқты жалпы саны бес айып тағылған. Прокуратура Атамбаев қылмыстық топтар арасында танымал Азиз Батукаевтың заңсыз босатылуымен байланысты істе куәгер ретінде танылғанын мәлімдеген.

Атамбаев бұл айыптардың бәрін жоққа шығарып, өзін тергеуге шақырудың саяси астары бар деп мәлімдеген. Ол Азиз Батукаевты босатуға қатысы жоғын да айтады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5442