Жұма, 4 Қазан 2024
2095 0 пікір 23 Шілде, 2019 сағат 12:59

Елбасы Жолдауына сай жаңа мектептер салынды

Бәріміз білетіндей Тұңғыш Президентіміз - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауының екінші тарауында  "қазақстандықтардың тұрмыс сапасын арттыру" керек екенін айтқан. Аталған тараудың   мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту керектігі айтылған.

Жолдаудағы осы тармақтың екінші бөлімінде мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту керек деп тапсырма берді Елбасы. Жолдауда "біліктілік талаптарын, оқыту әдісін, тәрбиешілердің және балабақшадағы басқа да қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жүйесін қайта қарау қажет" екені анық көрсетілді.

Елбасы тапсырмасына орай жалпы ел көлемінде мектептер мен оқушыларға жан-жақты бұрынғыдан да көп көңіл бөлінуде. Сол бағытта ауқымды жұмыстар қолға алынып, істелуде. Мәселен, балабақша, мектеп салу, мектептердің техникалық мүмкіндіктерін арттыру деген секілді игі басталмалардың көбеюі білім саласының қарыштап дамуына мүмкіндік беріп отыр.

Мысал ретінде айтайық, биыл Қызылорда облысында мектеп табалдырығын аттайтын оқушылардың саны көрнекті түрде артып отыр. Мәселен, былтыр мектепке барған оқушылардың саны биыл 2200 оқушыға артқаны белгілі боды. Анықырақ айтқанда, 2019 жылы 21 600 оқушы бірінші мектеп табалдырығын аттады.

«Алдағы 2019-2020 оқу жылында бірінші сыныпқа 21 600 оқушы барады деп жоспарлануда. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2200 оқушыға артық. Биыл Сыр өңіріндегі барлық 293 мектепте 164 мыңнан астам оқушы білім алады. Биыл 1 маусымынан бастап 1-сыныпқа қабылдау процесі автоматтандырылған жүйеге қосылды. Қазіргі таңда олардың мөлтек аудандар бойынша мектептерге орналастыру картасы дайын»,-деді облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің тағы бір басты талаптарының бірі барлық мектептердің сапалы болуы. Мәселен, тікелей Елбасының бастамасымен елімізде жүз мектеп, жүз ауырухана салу науқаны өткенін бәріміз білеміз. Сол бағытта тәуелсіздік алғалы елімізде көптеген жаңа білім ордалары бой көтерді.

Өзіміз сөз етіп отырған Қызылорда облысының өзінде соңғы жылдары апаттық жағдайдағы мектептердің саны мүлде азайып кетті. Аймақтағы барлық оқу орадалы жаңадан салынды немесе күрделі жөндеуден өтті. Облыста алдағы жылы Жаңақорған ауданындағы №169 мектеп пен Жалағаш ауданындағы №34 мектеп жаңа ғимараттарға кіреді деп жоспарланып отыр. Бұл мектептерде құрлыс жұмысы жүріп жатыр. Бұған қоса, Қызылорда қаласының өзінде 600 орындық жаңа мектеп салынып жатыр. Бұл оқу орны биылғы жылдың қазан айында пайдалануға берілетін болады.

Тағы бір ерекше айта кетерлігі, өңірде мемлекеттік «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында үш бірдей мектепке республикалық бюджет есебінен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, сөз басында айтқанымыздай, мектепке дейінгі біліммен қамту бағытында да жұмыстар жүріп жатыр. Қазіргі таңда облыста бірқатар балабақшалар да жөнделден өтуде.

Анықтап айтқанда, қазіргі таңда Арал және Қазалы аудандарынан 85 орындық екі жеке балабақша, Қызылорда қаласының өзінен 140 орынға арналған бір мемлекеттік балабақша ашылғанын айта кету керек. Бұған қоса, Қызылорда қаласында тағы бір мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде 320 орынға арналған балабақша қыркүйек айында іске қосылады.

Біз үнемі айтатын жақсы бір мәтел бар: "мектеп - білімнің астанасы, балалардың баспанасы". Сол үшін егемен елдің ертеңі үшін білім жүйесін дамытып, жастарын жан-жақты білімді ұрап етіп тәрбиелеу жолында тынбай еңбек ету керек. Сол бағытта Елбасының берген нақты тапсырмалары мен Жолдауларында ұсынған жолдарына сай мемлекет тарапынан жұмыстар тынбай жүріп жатыр. Алдағы уақыттарда бұл қызметтер өз жалғасын табары сөзсіз.

Abai.kz

0 пікір