Билік лауазымында әйелдер саны артып келеді
Қазіргі таңда қоғамдық өмірімізге “гендерлік саясат” деген сөз етене араласып кетті. Ал, гендер деген сөздің өзін жеке алып қарасақ, “Gender” – ерлер мен нәзік жандылардың ортасындағы өзара әлеуметтік қарым-қатынасты анықтап көрсетеді.
Ал, елімізде жиырма бес жылға жуық уақыттан бері Қазақстан Республикасының Президенті жанынан “отбасы, әйелдер істері және демографиялық саясат жөніндегі кеңес” жұмысын бастаған болатын. Аталған кеңес кейіннен әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия болып қайта құрылды.
Ал, 2005 жылы Елбасы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен ҚР гендерлік саясаттың он жылдық стратегиясы жасалды. Аталған саясат билік саласындағы ерлер мен әйелдердің құқығын теңестіруді мақсат тұтқан.
Алайда, аталған саясатты бастапқы кезеңде қабылдай алмайтындар көп болды. Оған себеп те жоқ емес. Өйткені, біздің менталитетімізде ер мен әйелдің теңдігі деген ұғым жоқ. Алайда, уақыт талабы біздің де әлемнің дамыған елдері секілді адам құқығын, оның ішінде әйелдер құқығын ерлермен теңестіру қажеттігін туындатты. Бүгінде гендерлік саясат дүниежүзінің көптеген елдерінде жан-жақты зерттеу жасалып, нақты әрекеттер арқылы жүзеге асуда.
Осыны тереңнен ұғынған Елбасымыз, Тұңғыш Президент Н.Ә.Назаррбаев “ҚР дағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын” бекітті. Ол Қазақстан Республикасы тұңғыш президентінің 2016 жылдың 6-желтоқсан күнгі №384 Жарлығына сәйкес жасалған.
Айта кетейік, еліміз “Қазақстан – 2050 ”стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” жоспары бойынша, Қазақстан дүниежүзінің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру жөніндегі жоспарын бекітті. Аталған жоспарды жүзеге асыру үшін: ғылымды қажет ететін экономика құру, адами капиталды дамыту, заманауи инфрақұрылымдарды қалыптастыру және халықаралық интеграцияны тереңдету, институционалдық ортаны жетілдіру сынды тиімді жолдарды қарастырады.
Бұл тұрғыда Елбасының қабылдаған 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік саясаьтының да маңызы орасан зор. Себебі мұнда тек әйелдердің ғана емес, сондай-ақ, ер азаматтардың да құқықтары мен олардың мүмкіндіктеріне тең қарауға жол ашады.
Айта кетейік, еліміздегі барлық саладағы ійелдерді кемсітушілікке жол бермеу туралы халықаралық конвенцияның ережелерін орындауда Біріккен Ұлттар Ұйымы Комитеті еліміздегі ійелдер мен ерлердің мүмкіндіктері мен құқықтарын теңестіру туралы заңнамалық базаға оң көзқарас танытып, жақсы баға берді.
Елімізде, гендерлік теңдік стратегиясына сәйкес, әр саладағы әйелдер үлесін 35% ке жеткізу жоспарланған.
Одан бөлек, елімізде барлық деңгейдегі бджеттерді және әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын даярлау барысында гендерлік саясаттың ұстанымдарын енгізу де қолға алынған.
Бүгінде Қазақстанның заң шығарушы орындарында 26 әйел адам отыр. Одан бөлек, облыс әкімдері мен аудан әкімдерін де ійел азаматтар басқаратын өңірлер бар. Осыдан екі жыл бұрын аудандық деңгейдегі әкімдердің орынбасараларының 18 % тін әйел азаматтар құраған болатын. Қазір де бұл көрсеткіш едәуір ұлғайған. Сонымен қатар, жоғарғы билікте де министр, вице-министр лауазымындағы нәзік жандарымыз жетерлік. Еліміздегі гендерлік саясаттың дұрыс іске асуы алады уақытта бұл көрсеткішті одан әрі ұлғайтатынына сенеміз.
Қазіргі кезеңнің өзі үздіксіз еңбек ету мен өзіңді дамытуға бағыттайды десек, әр саладағы әйелдер үлесінің артуы қоғам үшін үлкен жетістік. Себебі, ер азаматтың жауапкершілігін бөлісіп, олармен иық тіресе қызмет етіп жүрген нәзік жандыларымыздың іс-әрекеті қоғамның дамуына да үлкен үлес қосары анық.
Abai.kz