Жұма, 4 Қазан 2024
2468 0 пікір 22 Шілде, 2019 сағат 14:31

Мүгедек жандар назардан тыс қалмайды

Елімізде осы жылдың басынан бері әлеуметтің әлсіз топтарын қолдауға барлық жағдай жасалып отыр. Оның дәлелі – мемлекет тарапынан көпбалалы отбасыларға қолдау мен жәрдемақы тағайындау тұрғысында айтарлықтай жеңілдіктер қарастырылды. Сонымен қатар, жыл басынан бастап мүгедек бала асырап отырған отбасыларға да мемлекет тарапынан айрықша көмектер қарастырылған.

Атап айтсақ, мүмкіндігі шектеулі бала бағып отырған отбасылар мемлекет тарапынан арнайы жәрдемақы алады. Сонымен қатар олардың тұрғын үй алу кезегіне тұруда да біршама жеңілдіктер қарастырылған. Себебі, елімізде ерекше күтімді талап ететін балалар әлеуметтік қорғауға мұқтаж екені рас.

Енді сол балалар мен ата-аналарға көрсетілетін көмектерге аз-кем тоқталып өтсек. Біріншіден, мүмкіндігі шектеулі және ерекше күтімді талап ететін баласы бар аналарға мемлекет тарапынан әр бала үшін 31 183 теңге жәрдемақы төленеді. Сонымен қатар, дүниеге келгеннен бастап 1-топтағы мүгедектігі бар балалардың күтімі үшін де осы көлемде жәрдемақы тағайындалған. Сондай-ақ, әр айда сол отбасындағы әр адам басына 15 498 теңге қарастырылған. Бұл әлеуметтік қолдау мақсатындағы шаралар.

Одан бөлек, түрлі қиын жағдайға тап болған, сол үшін тиісті дәрі-дәрмек пен ақылы медициналық қызмет алу үшін әр жылда бір реттен 32 825 теңге көлемінде ақша төленеді. Бқл дегеніңің – 13 айлық есептік көрсеткішке тең. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі балаларды үйден оқыту мақсатында мемлекет тарапынан 16 413 теңге көлемінде ақша қарастырылған. Яғни, 6,5 айлық есептік көрсеткіш.

Бұл жәрдемақылардан бөлек, мүгедек бала бағып отырған отбасылардың әрбір мүшесіне мүгедек бала бағып отырған отбасы статусы бойынша тұрғын үй кезегіне тұруға мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, үй күтіміндегі стационар мен жартылай стационар жағдайында арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуді пайдалануларына болады. Одан бөлек бұл санаттағы отбасы мүшелерін әлеуметтік қолдау мақсатында қалалық қоғамдық көліктерде тегін жүру де қарастырылған.

Енді мемлекет тарапынан мүгедек жандарға берілетін жәрдемақы көлеміне тоқталып өтсек. 1-топтағы мүгедек жандарға  - 57 021 теңге төленеді. 2- топтағыларға – 45 438 теңге, 3-топтағы мүгедек жандарға – 30 886 теңге  көлемінде жәрдемақы қарарстырылған.

Ал, ерекше күтімді қажет ететін баласы бар ата-аналарға берілетін жәрдемақы көлеміне тоқталсақ.

16 жасқа дейінгі мүгедек баласы бар ата-аналарға 41 578 теңге төленеді. Ал, бірінші топтағы мүгедек баласы бар ата-аналарға  - 57 021 теңге, екінші топтағыларға  - 47 220 теңге, үшінші топтағы мүгедек баласы бар ата-аналарға – 35 638 теңге көлемінде жәрдемақы қарастырылған.

Одан бөлек, бірінші топтағы мүгедек жандарға – 3 763 теңге, екінші топтағыларға – 3 763 тг, үшінші топтағыларға – 1 616 теңге көлемінде мемлекет тарапынан берілетін арнайы жәрдемақы қарастырылған.

Айта кетейік, мемлекет тарапынан ел азаматтарының табысын арттыру сонымен қатар, тұрмыс сапасын жақсарту үшін бірқатара шаралар қабылданған. Сонымен қатар, көпбалалы отбасыларды әлеуметтік жағынан қолдау шаралараны күшейту мәселелері де назардан тыс қалмайды. Ол үшін жыл басында үкімет жанынан арнайы комиссия да құрылған болатын.

Қорыта айтқанда, мүмкіндігі шектеулі жандар да,  ерекше күтімді қажет ететін  баласы бар отбасылар да мемлекет тарапынан жан-жақты қолдауға ие. Оны әр жыл сайын Елбасы өз Жолдауында да назардан тыс қалдырған емес. Алдағы уақытта да, Президенттің әлеуметтік әлеуетін арттыруға бағытталған шаралары негізінде де біраз іргелі жұмыстар атқарылмақ. Себебі, мемлекет өз азаматтарын қашан да жан-жақты қолдауға дайын.

Abai.kz

0 пікір