Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4224 2 пікір 16 Тамыз, 2019 сағат 13:49

Мемлекеттік жәрдемақы аналардың жеке өтінішінсіз тағайындалады

Батыр аналарға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау енді автоматты режимде жүзеге асырылады.

Егер бұрын аналар Халыққа қызмет көрсету орталығына барып өтініш жазса, енді осы айдан бастап қызмет алу рәсімі проактивті бола бастады. Басқаша айтқанда, мемлекеттік жәрдемақы аналардың жеке өтінішінсіз тағайындалатын болады.

Алайда, қызметтер мобильді азаматтар базасында тіркелген азаматтарға ғана проактивті түрде көрсетілетінін атап өткен жөн. Ол үшін ЭЦҚ-ға қол қою арқылы ұялы телефонының нөмірін Халыққа қызмет көрсету орталығында немесе egov.kz порталында бір рет тіркеу жеткілікті.

Мұндай тіркеуден өтпеген адамдар «бұрынғыдай тәртіппен» қызмет көрсетуге өтініш беруі қажет.

​​Қазақстанда алтыншы немесе жетінші баланы дүниеге әкелген аналар «Күміс алқа» және «Алтын алқа» мемлекеттік наградаларымен марапатталады. Бұл мемлекеттік наградаларды алған аналар ай сайын 16 160 теңге (6,4 АЕК) мөлшерінде жәрдемақы алады, оның мөлшері жыл сайын инфляция деңгейін ескере отырып қайта есептеліп отырады.

Айдос Жұқанұлының facebook парақшасынан

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1489
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5531