Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3575 0 пікір 21 Шілде, 2011 сағат 09:36

Тiлеу Көлбаев. Сталин және Қазақстан

ГОЛОЩЕКИН НЕГЕ «ҚУЖАҚ» АТАНДЫ?

Өткен күндердi еске түсiрудегi мақсатымыз: Бастан кешкен қасiретiмiздiң себептерiн саралау, халқымызды тәуелсiздiкке бастайтын, өз тағдырын өзi айқындауға жеткiзетiн ең тура жолды анықтап алу болып табылады.

Мұстафа ШОҚАЙ


ГОЛОЩЕКИН НЕГЕ «ҚУЖАҚ» АТАНДЫ?

Өткен күндердi еске түсiрудегi мақсатымыз: Бастан кешкен қасiретiмiздiң себептерiн саралау, халқымызды тәуелсiздiкке бастайтын, өз тағдырын өзi айқындауға жеткiзетiн ең тура жолды анықтап алу болып табылады.

Мұстафа ШОҚАЙ

Соңғы кезеңнiң өзектi проблемаларының бiрi - ұлттың сақталуы, халықтың саулығы. Бұл мәселенiң көтерiлуi кездейсоқ та емес. Адамзат тарихында тұтас бiр халықтардың жойылып кеткен кездерi де аз болмаған. Оның басты себептерiнiң бiрi - зорлық-зомбылық. Ол ғылым тiлiнде геноцид деп аталады. Қазақ халқы ерекше геноцидке, этноцидке ұшырады. Мұны түгелдей айтып шығу қиын. Ұлт, халық қамын ойлағандардың «саясатқа қайшы» пiкiрлерi мұқият қадағаланып, сталиндiк «ерекше папкаға» түсiп отырды. Тоталитарлық езгi машинасы үздiксiз жұмыс iстеп келдi.
Голощекин саясаты - сталинизмнiң Қазақстандағы айқын көшiрмесi болатын.
Голощекин патша отаршылдығын кеңестiк тәсiлмен пәрмендi түрде жүргiзген Қазақстандағы кiшi Сталин едi. Патшалық Ресейдiң екi ғасыр бойы iске асыра алмағанын коммунистiк жүйе сегiз-ақ жыл iшiнде жүзеге асырды.
Демографтардың нақты деректерiне сүйенсек, 20-30 жылдардың ойраны анау «ақтабан шұбырындыны» екi орап алардай тым алапат. Сонда тұтас бiр халықтың тоз-тозын шығарып, ұлы сүргiнге душар еткен кiм? Ол ел жадында «Қужақ» деп сақталған ғасырлар бойында «Қужақ» аталып кете баратын кәдiмгi Филипп Исаевич Голощекин едi.
Ф.И.Голощекин (Шая Ицкович) 1876 жылы 26 ақпанда (ескiше 10 наурызда) Витебск губерниясындағы Невель деген шағын қаладағы ұсақ буржуаға жататын отбасында дүниеге келдi. Қазақстанға келуiне орай өз аузынан жазып алынып «Советская степь» газетiнiң 1925 ж. 18 қыркүйегiнде жарияланған өмiрбаянында «В общем по образованию Филипп Исаевич имеет шестиклассный курс гимназии, а с 1901 по 1903 года обучался в зубоврачебной школе, которую он и окончил. С 1896 по 1900 г. служил приказчиком в письмебумажном магазине. Читал много, но бессистемно. С начала увлекался философией, а потом общественными науками. Нелегальную литературу в очень ограниченном размере начал читать с 1900 года» - деп жазылған.
1913-1914 жылдары Турухан өлкесiнде Селивановск селосында жер аударылған Я.М.Свердлов және Ф.И.Голощекин бiр жылдай бiрге тұрды. Яков Михайлович Свердлов өз естелiгiнде: «Несколько дней пробыл с Ж. («Жорж» Голощекиннiң лақап аты) с ним дело плохо. Он стал форменным неврастеником и становится мизантропом. Он безобразно придирчив к конкретному человеку, с которым ему приходится соприкасаться. В результате - контры со всеми ... Он портится, создает сам себе невыносимые существования».
Байырғы революционер Я.М.Свердловтың Голощекиндi «неврастеник», «мизантроп» деуге мәжбүр болуы көп нәрсенi аңғартады. Ал Қазақ өлкелiк партия комитетiнiң хатшысы болған кезде серiктесi Г.Зиновьевтiң «Қазақстан Голощекинге басы байлы берiлдi», - деп айтуы оның диктаторлық өктемдiгiне бар мүмкiндiктiң туғанын бiлдiрсе керек.
Голощекиннiң шынайы жендеттiк бейнесiн ағылшын журналисi Р.Вильтон төмендегiдей суреттейдi.
«Шая Голощекин Свердловпен өте жақын қарым-қатынаста болған. Олар саяси себеппен Сiбiрге жер аударылып, ондағы күндерiн бiрге өткiзген. Әлi де болса жас ол екеуiне большевиктiк құлшыныс тән едi. Шая Орал Кеңесiн басқарды. Патша отбасын ұрып-соғуды олар сол жерде егжей-тегжейлi белгiлеген едi. Жаратылысынан қатыгездiкке жаны құштар ол құрбандарды азаптағандықтары туралы жантүршiгерлiк әңгiмелер тыңдауға құмар едi. Ал өзi қорқақ болғандықтан, ондай азаптауларға тiкелей қатыспайтын.
Төтенше комиссияның (ВЧК) мүшесi ретiнде большевиктердiң әлде бiр сормаңдай құрбандығын өлiмге не азапқа кескен Шая төсегiне жайғасып, жендеттiң оралуын тағатсыздана күтетiн, жендеттiң құрбанды қалай азаптағаны жайындағы әңгiмесiн рахаттана тыңдап, басқа да егжей-тегжейлердi бiлгiсi келiп мазасызданатын». («Заң газетi», 1997, 12 наурыз).
Саясатта Сталиннiң шәкiртi бола тұра Голощекин қатыгездiк жағынан ұстазынан асып түсер басбұзардың өзi болды. Бұған Екатеринбургте оның Романовтың бүкiл отбасын, оған қоса патша отбасының күтушiлерiн, аспазын, дәрiгерiн қоса барлығы 11 адамды атып тастау жөнiндегi бұйрыққа қол қойғаны куә емес пе? Тiптi қылмысының iзiн жасыру үшiн терең шахтаға тасталған патша мәйiтiн, оның әйелi мен ұл-қыздарының денесiн шыңыраудан қайта алдырып, өлiктердiң үстiне жермай, күкiрт қышқылын құйдырып, өртеткен де осы Голощекин болатын.
Голощекин 1923 жылдың қыркүйегiнен Қазақстанға келгенге дейiн Самара губерниялық атқару комитетiнiң төрағасы болып iстейдi.

 

АЛҒАШҚЫ СОҚҚЫ

1925 жылдың желтоқсанында Қызылорда қаласында V өлкелiк партия конференциясы өттi. Өлкелiк комитеттiң есептi баяндамасын Сталиннiң Қазақстанға арнайы жiберген өкiлi Ф.И.Голощекин жасады. Алғашқы конференцияда-ақ партия қатарына өтушiлердiң көпшiлiгi шаруалар мен интеллигенттер екен, жұмысшылар жоқ екен, демек коммунистермен нақты жұмыс жүргiзу керек деген сияқты қызыл сөзге ұрынды. Партия құрылысына терең талдау жасай алмады. Бар болғаны «Киргизиядағы (Қазақстандағы) партия-совет кадрларының бұдан былайғы азғындауын тоқтату үшiн, тоқырау ахуалын сауықтыру үшiн ең алдымен бүкiл билiктi РКП(б) Орталық Комитетi тiкелей өз қолына алуы керек» дегендi барынша нығырлай айтты. Оның бұлай демеске шарасы да жоқ-ты. Бұл - Сталиннiң Голощекинге жүктеген арнайы партиялық тапсырмасы едi.
Голощекин «Ауылда Совет өкiметi жоқ, тек байдың үстемдiгi мен ру билiгi бар» дей келiп, осы оқтай атылған бiр-ақ сөзбен екi қоянды соғып алмақшы болды. Бiрiншiден, автономиялы республика партия ұйымының бұған дейiнгi жұмысының бәрiн мансұқ еттi. Екiншiден қазақ сахарасында тезiрек «кiшi Октябрь» идеясын жүзеге асыруға негiз қалады.
Голощекиннiң әмiршiлдiк-әкiмшiлдiк жұмыс әдiсi етек алып, өрiстей бастаған кезде республикалық партия, совет активi оған қарсылық та көрсете бастады. Қарсы шыққандарға неше түрлi жала жабылды. Т.Рысқұлов, Н.Төреқұлов, С.Сейфуллин, О.Жандосов, Н.Нұрмақов, С.Сәдуақасов, С.Қожанов, С.Мендешев, М.Мырзағалиев, Ә.Әйтиев сияқты партия, совет қызметкерлерiнiң атына ғайбат сөз айтушылар, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов және басқалардың соңына шам алып түсушiлер көбейдi.
Мiне осы тұста әккi әкiмшiл, өктем Ф.Голощекин оппозицияның қанатын бiрден қырқу үшiн, жаңа саяси бағытты дәлелдеп, Сталинге хат жолдады. Голощекиннiң хаты жауапсыз қалмады. Көп ұзамай оның арандатушылық саясатына тоқтаусыз жол ашқан: «Тов.Голощекин. Я думаю, что политика, намеченная в настоящей записке, является в основном единственно правильной политикой. И.Сталин» деген жауап та келiп жеттi. Ал Сталиннiң бұл жауап-хатына дейiн Голощекин оның атына Қазақстанда «Кiшi Октябрь төңкерiсiн» жасау керек екендiгiн негiздеп, осы шараны жүзеге асыруына «келiсiм» сұраған болатын. Осылайша республикалық партия белсендiлерiнiң алдында сөз сөйлеген ол «генсектiң» беделiн жамыла отырып, мұнда өзiн кiм жiбергенiн және кiм қолдайтынын ашықтан-ашық айтып салды.
Бiрақ Голощекин Сталиннiң дегенiн мәймөңкелiкпен орындаушы болды. Қажет болғанда ол мәселенiң тонын айналдырып кигiзуден де тайынбады. Сталиндiк - голощекиндiк бағыттың бұра тартқан арнасымен жүргiсi келмеген партия қайраткерлерiмен аяусыз күрес бастады.
Голощекиннiң көп күш салуының нәтижесiнде өлкелiк партия комитетiнде дерттi жағдай қалыптасты. Жiк-жiкке бөлiнiп, бiр-бiрiн аңду басталды, партия қызметкерлерiнiң көп уақыты бiр-бiрлерiнiң арасындағы айтыс-тартысты шешуге кетiп жатты. Дәл осындай тартысты жағдай кезiнде бiр-бiрiнен өш алу, ыңғайға көнбейтiн бiрбеткей адамдардың мойындарына саяси қарғыбау таға салу өте ыңғайлы едi.
Елдегi азық-түлiк дағдарысын сейiлту үшiн шаруалардың да қарсылығын жеңу қажет болды. Ал мұны мүлтiксiз орындай алатын адамға жүктеу арқылы жүзеге асырып, ауылдардағы қайта құрудың жоспарын орындау мен азық-түлiктi неғұрлым молырақ жинап алуды қамтамасыз етуге болатынын Сталин жақсы түсiндi. Сөйтiп оның таңдауы қазақ халқының мүддесiнен алшақ және қатыгез, тәкәппар адам - тiс фельдшерi Филипп (Шая) Голощекинге түстi.

 

АЛАШ АРДАҚТЫЛАРЫН АЛҒАШҚЫ АЙЫПТАУ

 

Голощекиннiң басшылығы кезеңiнде халықтың мәдени iргетасы болған ұлт зиялыларының беделдi адамдарын қырып-жою басталды. Жаппай күдiктенушiлiк пен жауқұмарлыққа байланысты үрей тудырған ахуал жағдайында олардың көбi арандату мен қуғындау нысанына айналды. Орайы келген жағдайда,олардың көпшiлiгiнiң «Алаш» демократиялық қозғалысына қатысқандарын беттерiне басты. Осылайша 1928 жылдың соңында «буржуазиялық ұлтшылдар» деген жалған айыптаумен «Алашорда» ұйымының бұрынғы 44 қайраткерi тұтқындалды. Олардың iшiнде А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Х.Ғаббасов, Ж.Ақпаев, Ә.Мұңайтпасов, Қ.Кемеңгеров, М.Бұралқиев, Н.Қожамқұлов, Ә.Ақпаев, С.Қадырбаев, Ж.Тiлеуменов, М.Мұртазин, А.Үмбетбаев, Ә.Омаров, Ә.Ермеков, М.Әуезов, У.Омаров, Б.Сүлеев, Д.Ысқақов және басқалары бар. Көп кешiкпей Ж.Аймауытов, А.Байдiлдин, Г.Бiрiмжанов және Д.Әдiлов атылды. Басқалары әртүрлi мерзiмдерге сотталды. М.Дулатов лагерьде өлдi. А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев және басқалар өз жазаларын өтеген соң 1937 жылы жауапкершiлiкке қайта тартылып, «Алашорда» қызметiне қатысқандары үшiн 1937-1938 жылдары атылып кеттi. Құрамында М.Тынышпаев, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов, Ж.Ақпаев және басқалар бар ұлттық зиялылар тобы (40-қа жуық адам) 1930 жылдың қыркүйек-қазан айларында тұтқынға алынған болатын. Көп уақыт өтпестен олардың iшiнен 15 адам (М.Тынышпаев, Ж.Досмұхамедов, Х.Досмұхамедов, Ж.Ақпаев, Қ.Кемеңгеров және басқалар) Ресейдiң Орталық - қаратопырақты облысына айдауға жiберiлдi. Қоғамды «әлеуметтiк жат және идеологиялық төзуге болмайтын құрамалардан тазарту» операциясы кезiнде ұлт зиялылары түгелге жуық қуғын-сүргiнге ұшырады.
Осы аласапыран кезеңде ауылдағы тап күресiн және идеологиядағы таптық принциптi жоққа шығара отырып, А.Байтұрсынов: «Қазақтың қалам ұстаған отаншыл қайраткерлерi әрi интернационалист болып, әрi өз Отанына қарсы шығушылар қатарында қала алмайды. Олар сырттай өзгеруi мүмкiн, бiрақ iшкi жан дүниесi өзгермейдi. Олар қазақ халқын құрбандыққа апаратын отаншыл рухтағы емес өкiметпен бiрге бола алмайды» - деп ашық айтты.
Қазақ мемлекетiнiң апатқа бет алғанын аңғарған Смағұл Сәдуақасов, Сұлтанбек Қожанов, Жалау Мыңбаев, Нығмет Нұрмақов, Ораз Жандосов iспеттi қайсар қайраткерлер екi-үш жыл қасарысып күрестi. Бiрақ та Голощекин өзiнiң көбiкауыз әккiлiгiн пайдаланып, қазақ зиялыларының арасына сезiк пен секем септi. Оларды тыңшылық әрекет арқылы iштен ыдыратып, ойсырата соққы берiлдi. Сөйтiп, ұлттық дiл мен мәдениеттiң тамырына балта шабылды.
Сталиннiң өзi: «Қазақ большевиктерiнiң кезектi мiндеттерiнiң бiрi - ұлыорыстық шовинизммен күресе отырып, барлық күш-қуатты қазақ ұлтшылдығы мен соған беймiдеушiлерге қарсы күреске жұмылдыру болып табылады. Онсыз Қазақстанда лениндiк интернационализмдi ұстап тұру мүмкiн емес», - деп нұсқау берiп отырған.
Голощекин өзiнiң басты қарсыластарын ашық қуғындауға салды. «Ұлтшылдық - жiкшiлдiк», «пантүрiкшiлдiк», «ұлтшылдар» т.б. қайдағы жоқ атаулы айыптауларды тауып алып, бәрiне қара күйе жағудан жалықпады. Бұған аса таңқалуға болмайтын едi. Ал оның үйренiскен жаулары, басты қарсыластары - көрнектi қазақ коммунистерi Т.Рысқұлов, С.Қожанов, С.Меңдешев, С.Сәдуақасов, О.Жандосов т.б. болды. Ол бұл азаматтардың аттарын сан тарапқа саяси таңбалай жiктеп, «рысқұловшылдар», «қожановшылдар», «сәдуақасовшылар» деп мойынтұрықтаумен болды. Оның айтуынша, бұл адамдардың бәрi де «қазақ ұлтшыл-жiкшiл тобының көсемдерi» саналады. Республиканың беделдi де көрнектi қайраткерлерi елдегi қалыптасқан ауыр жағдайда күрестерiн жалғастыру мүмкiн болмағандықтан сырт жақтарға кетуге мәжбүр болды.

 

ТӘРКIЛЕУ НАУҚАНЫ (КОНФИСКАЦИЯ)

 

Қазақ халқының қолындағы бар байлығы - малын тартып алу Кеңес өкiметi жүзеге асырған тәркiлеу науқанынан басталады.
Қазақстан Орталық Атқару Комитетi мен Халық Комиссарлары Кеңесiнiң 1928 жылы тамызда «Iрi бай шаруашылықтары және жартылай феодалдарды тәркiлеу және жер аудару туралы» заңы қабылданды. Заңға сол кездегi ОАК-нiң төрағасы Елтай Ерназаров, Халық Комиссарлар Кеңесiнiң төрағасы Нығмет Нұрмақов қол қояды. Осы заң бойынша, көшпелi аудандарда iрi қараға шаққанда 400 бастан, ал жартылай көшпелi аудандарда 300 бастан, сондай-ақ отырықшы аудандарда 100-150 бастан асатын малы барлар тәркiленуге тиiс болған.
1928 жылы 30 тамызда «Қазақстанның көшпелi, жартылай көшпелi және отырықшы аудандарын белгiлеу туралы» қаулы қабылданды. Осы қаулы бойынша, отырықшы аудандарға Қазақстанның барлық округiнен -25 аудан, ал жартылай көшпелi аудандарға - 5, ал көшпелiлерге - 9 аудан жатқызылады. Көшпелi ауданға Алматы округiндегi Балқаш ауданы, Сырдария округiндегi Қызылқұм, Созақ, Сарысу және Шу аудандары, Қызылорда округiндегi Арал, Қазалы, Аламысық, Қарсақбай аудандары жатқызылады.
Қазақстанның басым көпшiлiгi бұл жылдары жартылай көшпелi және көшпелi аудандарға жатқызылыпты. Қазақ халқының ғасырлар бойы дамып келе жатқан дәстүрлi мал шаруашылығы, негiзiнен, осы көшпелi және жартылай көшпелi аудандаға шоғырланғаны белгiлi.
Бастапқыда байлардың мүлiктерi мен малдары тәркiлеуге iлiгiп, сондай-ақ тұрғылықты мекен-жайларынан барлығы 700 шаруашылықтың ығыстырылуы жоспарланды. Сонымен қатар 75 ерекше әлеуметтiк қауiптi байды Қазақстан шекарасынан тысқары жер аудару мақсатына сай болып табылды.
1928 жылдың соңында республика басшылығы Сталиннiң қолдауымен Қазақстанда байларды жоюдың «құқықтық негiзiн» қамтамасыз ететiн акт қабылдады. Бұдан кейiн-ақ iс барысы жылдам жүргiзiлдi. Ендi 700 деген санмен шектелмедi: өзiнiң күн-көрiсiне жарап отырған кiшiгiрм шаруашылығы бар және адал еңбегiмен өмiр сүрiп жатқандардың бәрi де тәркiленуден тыс қалмады. Республиканың жарты аумағын қамтыған мұндай үлкен қысым көлемiндегi шара кезiнде адам естiп-бiлмеген заңсыздықтар мен адам құқын аяққа таптаған оспадарлықтар өрттей қаулады...
Газеттер күн сайын өзгерiп жатқан «ұжымдар майданындағы» ақпараттарды жариялап үлгере алмай жатты. Егер де 1928 жылы Қазақстанда барлық шаруашылықтардың 2 пайызы ғана ұйымдастырылған болса, ал 1930 жылдың 1 қаңтарында бұл көрсеткiш 53,9 пайызға жеттi.
Орал мен Қызылжар (Петропавл) уездерiнде дәл осы кезеңде шаруашылықты ұжымдардың саны 70 пайыздан да асып кеттi. («Большевик Казахстана». 1930, №10, 25-б).

Қазақ өлкелiк комитетiнiң бюро мүшелерiнiң мәжiлiсi

ХАТТАМАСЫНАН
1930 жыл, 17 қаңтар
Өте құпия

Қатысқандар: Голощекин, Құрамысов, Исаев, Сәдуақасов, Волленберг, Альшанский, Жалкин, Гумен, Залогин, Богданов, Беликов, Юсупбеков, Тоғжанов, Звонарев, Манаев және Чирков жолдастар

Құлақтар мен байларды тап ретiнде жою мәселесi бойынша ОК-те талқылау үшiн мынандай шаралар белгiленсiн:
1. Үш айлық мерзiмде ОГПУ қарауында жатқан құлақтың контртөңкерiсшiлiк ұйымдар мен топтар, бұлармен бiрге бұдан бұрынырақ тәркiлеу бойынша жер аударылған жартылай феодал байлар да жойылсын.
2. Жаппай ұжымдастырылған және мақта өсiрушi аудандарға екi айлық мерзiмде барлық құлақтардың отбасы мен солардың маңайындағылардың да отбасы мүшелерi ұжымшарлардан аластатылып, осы аудандардың неғұрлым еңбектi көбiрек қажет ететiн шет жерлерiне көшiрiлсiн. Жер аударылған құлақтардың мүлiктерiн оларға тиесiлi еңбеккүнмен қоса тәркiленедi. Күрделi өндiрiстiк құрал-саймандары тартып алынады.
Мал шаруашылығы мен жартылай мал шаруашылығы аудандарындағы байлар мен құлақтардың малдары, өздерiнен күнкөрiс нормасы ғана қалдырылып, тартып алынсын. Алынған мал ұжымшарларға берiлсiн. Мiндеттемелер мен салық бойынша ақша төлемдерi толық қайтарылсын. (РГАСПИ, 17-қор,1-тiзбе,25-iс,129-б).
Қазақстанда өлкелiк партия комитетiнiң және округтiк партия комитеттерiнiң жанынан байлар мен құлақтарды қысқа мерзiмде тап ретiнде жоюды басқаратын арнайы «үштiктер» құрылды. Өлкелiк партия комитетi жанындағы «үштiктiң» (төрағасы Ф.Голощекин) 1930 жылы қаңтардың 23-iнде өткен алғашқы мәжiлiсiнде-ақ Қазақстанның жаппай ұжымдастыру аудандарынан 20 мың бай мен құлақты жанұяларымен шұғыл түрде елсiз жапан далаға жер аудару туралы шешiм қабылданып, жауыздық әрекеттер арқылы iске асырылды (Бұл да сонда, 172-б).
1930 жылдың наурыз айының басында Сталиннiң «Табыстардан бас айналу» атты мақаласы және БКП(б) Орталық Комитетiнiң «Колхоз қозғалысында партия бағытының бұрмалауларымен күрес туралы» қаулысы жарияланды. Сталин барлық кiнәнi жергiлiктi қызметкерлерге аударды. Қазақстан өлкелiк комитетi де осы әдiстi қолданды.

 

«КIШI ҚАЗАННЫҢ» КЕСАПАТЫ

 

75 жыл бойы тарихшыларға ұжымдастыру iсiне тереңiрек үңiлуге, көлеңкелi жақтарына көңiл бөлуге тыйым салынды. Керiсiнше, көшпелi, жартылай көшпелi шаруашылықтарды отырықшылыққа айналдыру мен жаппай ұжымдастыру Қазан төңкерiсiнен кейiнгi социализм жолындағы «екiншi революция» деп даурыға дәрiптелдi. Сталиннiң жеке басына табынушылық кезiнде ұжымдастыру тарихы бұрмалап көрсетiлдi, ақиқат жасырылды.
Ұжымдастыру қарсаңында Қазақстан территориясының 75 пайызы көшпелi мал шаруашылығымен айналысып, 25-i ғана отырықшылық жағдайда болған едi. Колхоз қозғалысы басталғанға дейiн КСРО деп аталатын елде 24,5 миллион жеке меншiк шаруа шаруашылығы бар едi, оның iшiнде 8,5 миллион кедей, 15 миллион орта шаруашылық және 1 миллионнан астам кулак шарауашылығы болатын. (РГАСПИ, 558-қор,1-тiзбе, 21-iс, 229 б.).
1926 жылғы бүкiлодақтық санақ бойынша қазақ шаруашылықтарының 2,6 пайызы, орыс, украин шаруашылықтарының 7,1 пайызы кiсi еңбегiн қанайтын. (Всесоюзная перепись населения. 1626, М., 1928,25-том, с.з.).
Ал Өлкелiк партия комитетi жаппай ұжымдастыру кезiнде бай мен жартылай феодалдардың үлес салмағы 5-7 пайыз деген жаңсақ деректi басшылыққа алды. Сөйтiп, 10 мыңнан астам орта шаруашылықтар ешқандай негiзсiз бай мен жартылай феодалдың қатарына қосылды.
Орташа шаруаларға әкiмшiлер тарапынан зәбiр көрсетiлдi. Тек 1929 жылы ұжымдастырудың алғашқы сәтiнде ғана 56408 шаруа жауапқа тартылып, оның 34 мыңнан астамы сотталды.
1932 жылы шыққан мемлекет мүлкiн сақтау туралы Заңға сәйкес бiр уыс бидай үшiн ату жазасы мен 10 жыл түрмеде отыру белгiлендi. Бұл заң бойынша алғашқы жылы-ақ 33.345 адам сотталған, оның 7728-i колхозшы, 5315-i жеке шаруа едi. Бұл заң шықпай тұрып 1931 жылдың өзiнде астық дайындауға байланысты 79 адам атылған.
1928 жылдан бастап жүргiзiлген тәркiлеуден кейiн жалғасқан 1931-32 жылдардағы аштық, үстi-үстiне салынған салық ауыртпалығы халықты ашындырып, наразылық көтерiлiстерiне жалғасты.
Қазақстанда 1929-1931 жылдары 372 көтерiлiс болып, оларға 80 мыңға жуық адам қатысты. Әсiресе Созақ, Шемонаиха, Бұқтырма, Ырғыз, Қазалы, Қармақшы, Абыралы, Бүйiн-Ақсу, Шыңғыстау, Қастек, Балқаш, Шұбартау, Маңғыстау және басқа аудандарда шаруа қозғалыстары ерекше қасiретiмен әйгiлi болды.
Тұрақты әскерлердiң және ОГПУ органдарының күшiмен бас көтерген халыққа аяусыз жазалау шарасы жүргiзiлдi. 1929-1931 жылдары iрi көтерiлiстер мен толқуларға қатысқаны үшiн осы органдардың өзi ғана 5551 адамды соттап, оның 883-iн атып жiбердi. Жалпы алғанда күштеп ұжымдастыру кезiнде 100 мыңнан астам адам жазаланды.
Алматы, Шымкент, Семей, Әулиеата, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай және басқа да қалалардың көшелерiнде аштан өлiп жатқандар көп болды. Оларды жинап, көмуге арнайы жасақтар құрылды. Алыс ауылдардан қалалық жерге жете алмаған байғұс аналар балаларын суға лақтыруға, тастап кетуге мәжбүр болды. 1932 жылдың 5-6 қаңтарында Әулиеатада бiр шайханада үсiп өлген 20 баланың, қаладан 84 ересек адамның денесi табылды.
Торғай, Бетбаққара аудандарында халықтың 20-30 пайызы қырылып, қалғандары бас сауғалап безiп кеттi. Шалқар ауданындағы кейбiр ауылдарда адамдардың 30-35 пайызы аштан өлдi. Жалпы Ақтөбе облысы бойынша 1930 жылы шiлдедегi 1.012500 адамнан 1932 жылы 725800-i ғана қалды (71 пайыз). Қазақстанның басқа облыстары мен аудандарында жағдай осындай едi.
Бекболат МУСТАФИННIҢ естелiгiнен:
- Бiр жолы менi Өлкелiк партия комитетiнiң комиссиясы құрамында Абралы ауданына жiбердi... Жол езiлiп, ми батпақ болып жатты. Жол-жөнекей көлiгiмiз аударылып қалды. Жаяулап, жалпылап, ауылдан-ауылға өтiп келемiз. Өлмелi шал-кемпiрлер ғана қалған. Жол бойы сұлап жатқан адамдар. Шамамыз келгенше жолдан шетке шығарып, бетiн жапқан боламыз.
- Бұдан кейiн Ертiс ауданына келдiк. Мұнда да сол жағдай, аудан партия ұйымының хатшысы қорыққан болуы керек, өлiктердi бiр үйге үйiп қойыпты. Жатаған тамның жанынан өтiп бара жатқанымызда құлағымызға әлдекiмнiң ыңырсыған дауысы келдi. Үйге кiрiп барсақ, толған өлiк. Ыңырсып, тiрi жатқандары да бар... («Лениншiл жас», 1987, 20 наурыз).
Қазақстан Республикасы Президентiнiң мұрағатында мына бiр хат сақталған.

БК(б) Өлкелiк партия комитетi
Хатшы Мирзоян жолдасқа
Совнарком Исаев жолдасқа

Сiзге мынаны хабарлауды өзiмнiң парызым деп санаймын. Азық-түлiк тапшылығына байланысты ауыр жағдай қалыптасып отырған Қостанай, Федоров және Қарабалық аудандарындағы еуропалық ұжымшарларда бiрқатар адамдардың аштан өлген оқиғалары орын алды. Мен бұл арада қазақтардың жағдайы туралы айтып отырған жоқпын. Олардың жағдайының бiздiң облыста қандай екенiн жақсы бiлесiз.
...Қостанай ауданында аштықтан адам етiн жеу сияқты қорқынышты оқиғалар белең алуда. Атап айтқанда:
а) Азамат Ткалич Н.М. 25 жаста. Үйленген. Ашыққан соң әйелi екеуi бiрiгiп, туысқандары - ұжымшарға кiрер қақпаның күзетшiсi Броневиктi өлтiрiп, жеп қойған.
б) Азамат Коваленко Е.У. 52 жаста. Әйелi аштан өлген. Ашыққан соң өзiнiң бажасының әйелi - Клименкованы ұйықтап жатқан кезiнде балтамен шауып өлтiрiп, бiрнеше күн соның етiн азық еткен.
в) Азамат Корольков Е.С. 34 жаста. Алғашқы кезде түрлi қалдықтармен, иттермен, мысықтармен коректенiп жүрген болса, ал кейiн кулактың қызы (көршiсiнiң қызы) - Авуйлова Марияны балтамен өлтiрiп, 3 күн бойы осы етпен жан сақтаған.
..Сiзге басқа аудандардағы мәлiметтер туралы хабарлауға мүмкiндiктiң жоқтығынан, бiздiң облыстың түрлi аудан аудандарындағы ұжымшарлардың бiразындағы жағдай да дәл осындай күйде екенiн айтуға тиiспiн.
А.Иванов, 2 мамыр, 1933 жыл. Қостанай қаласы (ҚР Президентiнiң Мұрағаты, 141-қор,1-тiзбе, 5814-iс,143-б)
«Тезiрек қол үшiн берiңiздер. Өзегiмiз талып, аштықтан үзiлiп барамыз» деген сипаттағы хаттар мен жеделхаттар Голощекин мен Исаевтың атына қардай борап жатты...
Табанын тас тiлiп, көзiн қарға шұқып, аштықтан есi ауып, бiрiнiң етiн бiрi жейтiн халге ұшыраған жандардың дәлме-дәл есебiн бiзге ендi ешқандай құпия мұрағат та бере алмайды.
Дегенмен, қазiрдiң өзiнде де белгiлi болып қалған нәрселер аз емес. 1930-1933 жылғы ашаршылық халқымыздың қабырғасын күйреттi. Демограф-ғалым М.Тәтiмовтың мәлiметi бойынша 2 миллион 20 мыңның үстiнде немесе ұлтымыздың 52 пайызы опат болды дейдi. (Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 1-том. 1998,552-бет). Коммунистiк солақай саясатқа, ашаршылыққа, қысымға шыдамай 1930 жылдың басынан 1931 жылдың ортасына дейiн, яғни бiр жарым жылда 281230 шаруа қожалығы, 1 миллион 30 мың адам шет елге босып кеткендiгi де халқымыздың өсуiне елеулi нұқсан келтiрдi. Ендi осы шығындарды қазақ халқының басынан өткен алдыңғы және кейiнгi шығынмен салыстырып байқайық. Бұл шығын «ақтабан шұбырынды» шығыннан екi есе, Ұлы Отан соғысының тура және жанама шығынмен салыстырғанда алты есеге асып түседi.
Бiздiң халқымыз осы шығындарды тек 1980 жылдары ғана толтырып, ендi ғана даму жолына түстi.

 

ХАЛЫҚТЫҢ ЖАН ДАУЫСЫ

 

Әкiмшiлдiк зорлықтың, асыра сiлтеулер мен сорақы бұрмалаулардың алғашқы көрiнiстерi-ақ партия және совет органдарына еңбекшiлердiң телеграммалары, хаттары мен өтiнiш шағымдарының тасқынын туғызды. Қазақстан Жұмысшы-Шаруа Инспекциясы халық комиссариатының арыз-шағым қабылдайтын орталық бюросы 1930 жылдың өзiнде сондай хат-хабарлардың 17 мыңнан астамын алды. Хабарлаушылардың көпшiлiгi өздерiнiң жеке мұңдары туралы жазды. Бiрақ олардың iшiнде мәселенi әлдеқайда кеңiрек қойып, өзi туралы емес, жалпыхалықтық апат туралы дабыл қаққан, жағдайды түзетудiң нақты шараларын ұсынған адамдар да болды.
1932 жылғы 4 шiлдеде ВКП(б) Қазақ Өлкелiк комитетiне ауыл шаруашылығын басқарудағы өрескел қателiктердi, қазақ ауылын социалистiк қайта құрудағы асыра сiлтеулердi сынаған бiр топ коммунистер - Ғ.Мүсiреповтiң, М.Ғатаулиннiң, М.Дәулетқалиевтiң, Е. Алтынбеков пен Қ.Қуанышевтiң хаты («Бесеудiң хаты») түстi.
Осы хат бойынша өлкелiк комитет бюросы 1932 жылдың 15 шiлде күнi арнаулы қаулы қабылдады. Онда былай делiнген:
«Сенiмсiздiк тұңғиығына батты, үрейге түстi, өздерiнiң пiкiрлерiн 24 маусымда жиналып, мәжiлiсте талқылап, 4 шiлдеде Өлкелiк комитет атына берген документтi жазды, сөйтiп олар оңшыл оппортунистiк ұлтшыл элементтердiң ықпалына түстi. Бұл Қазақстанды социалистiк жолмен жоққа құру және лениндiк ұлт саясатының жетiстiктерiн толығынан қайта шығару, тек қана кемшiлiктердi алға тосу, Өлкелiк комитеттiң iске асырып жатқан бағытын сынап, объективтi түрде Сәдуақасов пен Қожановтың позициясына көшу» (РГАСПИ, ф.17, оп.1, д.25, л.121).
1932 жылдың тамызында ВКП(б) қазақ өлкелiк комитетiнiң бюро мүшесi, қазақ АССР Халық Комиссарлар Кеңесiнiң төрағасы Ораз Исаев И.Сталинге хат жолдады. Онда Қазақстандағы өнiм дайындау науқандарына, ұжымдастыру мен ашаршылыққа байланысты барлық проблемалар комплексi ашық көрсетiлдi.

О.Исаев Сталинге хатының соңында:

«Әлбетте, бiздiң олқылықтарымыздың бүкiл кiнәсiн бiр ғана адамға артуға болмайды. Мұнда өлкелiк комитеттiң бүкiл бюросы тұтастай кiнәлi. Тiкелей мен өлкелiк комитеттiң де, Қазақстандағы бiздiң бүкiл жұмысымыздың да олқылықтары мен қателiктерi үшiн белгiлi бiр жауапкершiлiктi өз мойныма аламын, өйткенi мен Қазақстанның басшы қызметкерiмiн. Бiрақ жұмысты шешушi түрде қайта құрып, басшылықты күшейту үшiн өлкелiк комитет басшылығын жаңғыртып, жаңарту керек. Бiрiншi хатшының айрықша ролi жалпыға мәлiм. Өз басым былай деп ойлаймын: Голощекин жолдас өлкелiк комитеттiң де, тiкелей өзiнiң де қателiктерi үшiн айтылатын сынның негiзiнде шешушi бетбұрысқа қажеттi күштi бойынан таба алмайды. (РГАСПИ,558-қор, 1 тiзбе, 2520-iс,142-150 бб.).
Әрине, қазақстанда болған опат үшiн Голощекинмен қатар Исаевтiң өзi де жауап бередi. Ол өлкелiк комитеттiң өзге мүшелерiмен бiрге кiнәнi бөлiсуден бас тартқан да емес. Халықты қырылып қалудан сақтау үшiн Т.Рысқұлов Қазақстанға РСФСР Халық Комиссарлар Кеңесi тарапынан қызметкер жiберiп, iстiң мән жайын анықтайды. Мiне, осы оқиғадан кейiн ол республикада ауыл шаруашылығын ұжымдастыру кезiнде орын алған асыра сiлтеушiлiктер, оның орасан зор зардаптары туралы И.В.Сталинге хат жазып, қабылдауында болады.
Оның Сталинге жазған үш хаты (1932 жылғы 29 қыркүйекте, 1933 жылғы 31 қаңтарда және 9 наурызда) сақталған.

P.S.«Екi тұйғын жабылса, қаздың соры» демекшi, Сталин мен Голощекиннiң «шұғыл шаралары» жергiлiктi қазақтардың сорын қайната түстi. Ұлы нәубет жылдары орны толмас апатқа ұшыраған тұтас бiр халық тарихындағы азалы ақиқат осындай.
Бұл кезең тарихта «ұлы жұт» деп те аталады. Қазақ халқының аса iрi трагедиясын таныту үшiн «ұлы» сөзiнiң әдеттен тыс мағынада қолданылып тұрғаны түсiнiктi.
Осылайша қазақ халқы өзiнiң ата жұртында отырып өз ана тiлiнен, ұлттық ерекшелiгiнен, өз мемлекеттiгiн сезiнуден айырмақшы болған қауiптi қара сызықты алғаш рет аттаған едi.
Ел басына қара бұлт төндiрген, қазақ халқын қырғынға ұшыратқан, жерiнен безiнуге мәжбүр еткен, Ұлт араздығын қоздырған ұлы державалық шовинизмнiң отына май құйған Филипп Голощекин Қазақстанды сегiз жыл сергелдеңге салып, 1933 жылғы 21 қаңтарда орнынан алынды. Соңғы сөзiнде ол өзiнiң бүкiл сәтсiздiгiн қазақ коммунистерiне аударуға тырысып бақты. Белгiлi ғалым, марқұм Манаш Қозыбаев жазғандай, ол қазақ коммунистерiнiң бiр тобын ешбiр тәрбиеге көнбейтiн, пайдалануға мүмкiн емес ұлтшыл уклонистер қатарына жатқызды. Екiншi категориясын - жағдайға қарай бет пердесiн өзгертiп отыратын хамелеонға теңедi. Әлбетте үшiншi топ - өз қателерiн бiр ғана Голощекинге аударғысы келетiн арамзалар. Демек, Қазақстаннан бiрден-бiр ары таза коммунист көре алмаған. Мәскеуге КСРО Халық Комиссарлары Советiнiң жанындағы мемлекеттiк бас арбитрi болып кетiп бара жатып та өзiнiң осынау арам пиғылын жасыра алмады.
Елдi қу тақырға отырғызып, халықты қырған адам ақырында өзiне лайықты бағасын алды. 1934 жылғы 24 қазанда Берияның нұсқауы бойынша оны Куйбышев облысындағы ВКП(б) Қазақстан өлкелiк партия комитетiнiң бiрiншi хатшысы болып Левон Исаевич Мирзоян сайланды.

Тiлеу КӨЛБАЕВ, тарих ғылымдарының докторы, профессор

http://www.turkystan.kz/page.php?page_id=35&id=6373

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5402