Сейсенбі, 1 Қыркүйек 2026
Экономика 7374 0 пікір 23 Шілде, 2025 сағат 12:15

Банктер үшін есеп берудің бірыңғай қағидасы енгізіледі

Сурет: exclusive.kz сайтынан алынды.

Екінші деңгейдегі банктер, резидент емес банк филиалдары және Қазақстанның даму банкінің есепті ұсыну қағидасы жаңартылды. Құжат жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Ұлттық банк әзірлеген қаулы жобасында еліміздегі екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанда резидент емес банк филиалдарының, Қазақстан даму банкінің есеп ұсынудың бірыңғай қағидасымен қоса, әкімшілік деректі жинау ережесін бекіту ұсынылып отыр.

Осылайша, есепті ұсынуға қатысты біртектес және өзара байланысты мәселені реттейтін Ұлттық банктің 2020 жылғы 21 сәуірдегі №54 қаулысы, 2021 жылғы 2 наурыздағы №22 қаулысы және 2018 жылғы 29 маусымдағы №139 қаулысы біріктірілді. Жаңа қағида бекітілгеннен кейін аталған қаулылардың күші жойылады.

Айта кететін жайт, екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанда резидент емес банк филиалдары және Қазақстанның даму банкінің есептілік нысандары және оларды ұсыну тәртібі өзгермейді.

Құжат жобасы 2025 жылғы 6 тамызға дейін қоғамдық талқылауға ұсынып отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 240
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 594
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 254
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 251