Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2736 0 пікір 21 Шілде, 2011 сағат 22:58

Оңғар қажы Өмірбек: «Ағымдардың алшаңдауы заңның осалдығынан»

Ел ішін дүр сілкінтіп басылған Ақтөбедегі оқиға діни ағымдардың әркетімен байланысты екені турасында бейресми мәліметтер қарша борағаны белгілі. Кеңқияқ пен Шұбарши тыншығанымен қоғамдағы діни жағдай өткір күйінде қалып отыр. Осыған орай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Оңғар қажы Өмірбекпен болған шағын сұхбатты ұсынып отырмыз.

«Абай-ақпарат»

- Бір сұхбатыңызда сәләфи ағымына тыйым салу керек депсіз. Әңгімені осыдан бастаңызшы?

Ел ішін дүр сілкінтіп басылған Ақтөбедегі оқиға діни ағымдардың әркетімен байланысты екені турасында бейресми мәліметтер қарша борағаны белгілі. Кеңқияқ пен Шұбарши тыншығанымен қоғамдағы діни жағдай өткір күйінде қалып отыр. Осыған орай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Оңғар қажы Өмірбекпен болған шағын сұхбатты ұсынып отырмыз.

«Абай-ақпарат»

- Бір сұхбатыңызда сәләфи ағымына тыйым салу керек депсіз. Әңгімені осыдан бастаңызшы?

- Ең әуелі дін жөніндегі заң кейін оның қоғамға қаншалықты зардапты болатыны және рухани өмірімізде ерекше рөл атқаратынына заң қабылданатын кезде ешкімнің көзі жетпегендіктен, жеңіл-желпі қалпында қабылданып кеткені белгілі. Соның нәтижесінде әлемдегі әртүрлі секталар мен ислам дінінің атын жамылған ағымдар елге еркін кіріп алды. Соның ішінде ислам дінін бүркеніп, тахбирші, хизбут-тахрир, сәләфи секілді өте қауіпті ағымдар қоғамға дендеп еніп кетті. Сол кездегі сауатты діни мамандардың жоқтығын пайдаланып, жоғарыдағы ағымдар өздерінің іс-әрекеттерін астыртын да, ашық та жүргізіп, өрісін кеңейтіп алды. Мысалы, Айнбұлақтағы «Тәииба» дейтін медіресе қаншама жыл дәл осы сәләфи ағымында мамандар дайындап келді. Шымкенттегі Қазақ-Араб университеті де осы ағымның мүриттерін оқытып келгені белгілі болып отыр. Және Арабтардың мәдени орталығына тіл үйренуге барған жастар тағы да сәләфи ағымында тәрбиеленіп шықты. Оларға ешқандай тыйым салынбады. Олар діни басқарманы көзге ілмейді. Тіпті, мемлекеттік орындардың келісімінсіз қажылық сапарын жасап, сол жаққа барып дайындалып енді міне, елімізде үлкен жағдайларға душар етіп отыр. Осылайша, сәләфилер қауіпті ағымға айналды. Бұлар әсіресе, елдің батыс аймағында көбірек көзге түсті. Ол жақ мұнайлы өлке болғандықтан арабиядан келген түрлі мамандар жұмыс істейді. Олар мешітке намазға оқуға ғана барып қоймай, жамағатты өздерінің жолына түсуіне ықпал етті. Бұған мемлекеттің тарапынан дер кезінде тыйым салу әрекеті болмады.

Ал, діни басқарма бұл ағымға әлдеқашан өзінің пәтуасын шығарып қойған. Алайда, пәтуаны түсініп, соған иланатын адам болмаса, ол заң бола алмайды. Кейбіреулер пәтуаны оқымайды да. Сосын мүфтият қоғамдық бірлестік болғандықтан көп нәрсеге құзыры жүрмейді.

Қоғамға осы жайттар сияқты діни мәселелерден хабардар етіп отыру үшін «Хабар», «Қазақстан» арналарынан  эфирден уақыт беруін осы күнге дейін сұрап келеміз. Бірақ, олар жолатпай келеді.

Халықтың діни сауатын көтеру, өскелең ұрпақтың адасушылыққа ұрынбауы үшін біз өзіміздің мәзһабымыздың аясында «Ислам негіздері» деген пәннің мектептерде оқытылуын сұрап келдік. Осы жылдың қаңтарынан бастап, діни пән оқытыла бастады. Бірақ, бұл сабақтың бағдарламасы бізді қанағаттандырмайды. Себебі, онда әлемдегі діндер туралы атүсті түсінік қана беріледі. Оның үстіне Ислам дініне бөлінген сағат аз.

Діни сауаты бар, көзі ашық адам ғана өзге ағымдардың жетегінде кетпейді. Бұл - қауіпсіздігіміз үшін де қажет нәрсе.

- Дін істері жөніндегі комитеттің төрағасы Қайрат Лама Шарифтің «Бір  ұлт, бір  дін» деген бастамасына кейбір депутаттар қарсы шығып жатыр ғой. Осыған не дейсіз?

- Ол депуттар діннен және оның мәселесінен мақұрым. Бір дінде, бір тілде біртұтас болуымыз - Тәуелсіздік болашағының кепілі. Ал, түрлі ағымға бөлінудің арты неге апарып соғатыны соңғы кезде байқалып отыр. «Бір ұлт, бір дінге» қарсы депутаттарға елдің тыныштығы мен келешектен гөрі өзінің креслосы қымбат.

- Әңгімеңізге рахмет!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5401