Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2026
4774 1 пікір 10 Қыркүйек, 2019 сағат 15:51

Солтүстік Корея маусым айынан бері сегізінші зымыран сынағын өткізді

10 қыркүйекте Cолтүстік Корея Жапон теңізіне қарата екі зымыран ұшырды деп хабарлады Оңтүстік Корея әскерилері. Пхеньян ядролық бағдарламасының болашағы туралы АҚШ-пен келіссөздерді жалғастырмақ ниеті барын білдірген соң іле-шала зымыран ұшырған.

Солтүстік Корея зымырандарының қай аумаққа түскені туралы әзірге ақпарат жоқ.

Жапония қорғаныс министрлігі ел аумағына Солтүстік Корея ұшырған зымырандар түскені туралы мәлімет жоғын, қазіргі кезде ұлттық қауіпсіздігіне төтенше қауіп төніп тұрмағанын хабарлады.

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея арасындағы шекарада кездескеннен кейін Пхеньян осымен сегізінші мәрте зымыран сынағын өткізді.

"Америка дауысы" радиосы АҚШ әкімшілігінің жоғары лауазымды өкілінің "Біз Солтүстік Кореяның зымыран ұшырғанынан хабардармыз. Біз жағдайды бақылап, аймақтағы одақтастарымызбен кеңесіп отырмыз" деген сөзін келтірген.

Сеул Пхеньянды баллистикалық зымыран ұшыруды тоқтатуға шақырып келеді. Оңтүстік Корея билігі зымыран сынағы Корей түбегіндегі шиеленісті азайтуға септесе алмайды деп санайды. Пхеньян зымыран ұшыруды көрші елге АҚШ-пен әскери саладағы ынтымақтастығы үшін жасалған ескерту деп атаған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1222
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2751
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 879
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 831