СҚО-да зейнеткер қарудан ақша талап ткен өзінің шөлмектестерін жаралаған
Солтүстік-Қазақстан облысы Тайыншы ауданы Большой Изюм ауылының 73 жастағы тұрғыны өзін қорғаудағы шектен тыс кетіп денсаулыққа ауыр зақым тигізген деп күдіктелуде. Зейнеткер ақша талап еткен екі кісіні аң аулайтын мылтықпен жаралаған, деп хабарлайды аймақтық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
«Атқан зейнеткердің түсініктемесі бойынша, 24 жастағы және 30 жастағы Тайыншы қаласының тұрғындары және олардың 20 жастағы достары бірге зейнеткердің үйінде ішімдік ішіп отырған. Сол күні қарт кісі олармен Большой Изюм ауылы тұрғындарының бірінің үйінде танысып және таныстығын жалғастыру үшін оларды үйіне шақырған. Стөлде отырған кезінде олардың екеуі қарт кісіні ұрып және одан ақша талап ете бастаған. Зейнеткер кіреберіске барып талап еткен ақшаны алып келу мақсатымен, шкафтың астындағы екі ауыздық аңшылық мылтығын алған», - делінген дүйсенбі күнгі жарияланған мекеменің хабарламасында.
Ол өзінің қонақтарына қайтып келіп, қарт кісі олардың біреуінің аяғынан, екіншісінің ішінен атқан. Олардың досы сыртқа қашып кетіп, өтіп баражатқандардан жедел-жәрдем мен полиция шақыруын өтінген.
Жараланғандар аудандық ауруханаға жеткізілген. Осы факті ҚР ҚК 109 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қарт кісі ешқайда кетпеу туралы қол хатпен босатылған.
ПЕТРОПАВЛ, 1 там - Қазақстан жаңалықтары АА.
newskaz.kz