Сейсенбі, 29 Қыркүйек 2026
5357 3 пікір 25 Қыркүйек, 2019 сағат 11:58

Дипломаттар Шымкент тұрғындарынан қысым көргенін айтқан өзбек студенттерімен кездесті

Шымкент қаласындағы Инновация академиялық университетінде оқитын өзбек студенттері жақында әлеуметтік желілер арқылы видеоүндеу жасады. Онда студенттер жергілікті тұрғындардан қысым көргенін айтқан.

21 қыркүйекте Шымкентте Өзбекстан елшісі Саидикром Ниязходжаев, Шымкент қаласы әкімдігінің, Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері қатысқан жиналыс болды.

Онда Шымкент қаласында оқитын Өзбекстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі де сөз болды. Бұл туралы Өзбекстанның сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Өзбекстанның Қазақстандағы елшілігі мен Алматы қаласындағы бас консулдығы жағдайды бақылауға алған. Өзбек студенттеріне дипломатиялық өкілдік қорғауында екені хабарланған.

"Бұл мәселе Шымкент билігімен бірге шешіледі. Жергілікті билік дипломатиялық өкілдік жұмысына қолдау көрсетіп отыр" делінген Өзбекстан СІМ мәлімдемесінде.

Abai.kz
3 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1571
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3182
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1175
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1090