Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3517 0 пікір 3 Тамыз, 2011 сағат 22:39

Ауыт Мұқибек. Қытайдан келетін қандастардың көші тоқтағалы бес жыл болды

Мемлекеттің Көші-қон саясатын, оның ішінде тағдырдың жазуымен әлемнің әр шалғайына тарыдай шашырап жүрген қандастарымызды қара шаңырақ - Қазақстанға жинап алуды, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев сонау тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында-ақ, қолға алған болатын. Қазақ елінің болашақ тағдыры мемлекет құрушы ұлт санының үстем болуына тікелей байланысты екенін Ол кісінің сол кезде ашық айтқаны да ел есінде. Жас мемлекеттің экономикалық қиыншылықтарға қарамастан, үкімет қоржынынынан көші-қонға арнап қомақты қаражат бөлгені, оны алыстан келген қандастардың қажетіне жұмсағаны, шеттегі қазақтардың жүрегіне үміт отын жағып еді. Онымен қоймай, «Халықтың көші-қон туралы заңын» қабылдатуы, тек көші-қон жұмысымен айналысатын, бастабында арнайы агенттік, кейін келе Комитет құруы, қазірге дейін араға жылдар салып төрт бірдей құрылтай өткізуі, оған әр жолы өзі келіп қатысып, сөз сөйлеуі аталмыш сала жұмысының басым бағыттарын анықтап отырды. Осының өзі-ақ Көші-қон жұмысының Мемлекет үшін аса маңызды екенін көрсетсе керек.

Халықарада болып жатқан сандаған толқулар мен қантөгістер қай елге болмасын кесірін тигізбей қоймайды. Оның үстіне біз көп этносты құшағына алып отырған елміз. Айрандай ұйыған тыныштық, тату-тәттілік, береке-бірлік ауадай қажет. Осындай жағдайда Президеттің кейбір нұсқауларды емеуірінмен, ыммен кейде астарлап айтуына тура келетін шығар.

Мемлекеттің Көші-қон саясатын, оның ішінде тағдырдың жазуымен әлемнің әр шалғайына тарыдай шашырап жүрген қандастарымызды қара шаңырақ - Қазақстанға жинап алуды, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев сонау тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында-ақ, қолға алған болатын. Қазақ елінің болашақ тағдыры мемлекет құрушы ұлт санының үстем болуына тікелей байланысты екенін Ол кісінің сол кезде ашық айтқаны да ел есінде. Жас мемлекеттің экономикалық қиыншылықтарға қарамастан, үкімет қоржынынынан көші-қонға арнап қомақты қаражат бөлгені, оны алыстан келген қандастардың қажетіне жұмсағаны, шеттегі қазақтардың жүрегіне үміт отын жағып еді. Онымен қоймай, «Халықтың көші-қон туралы заңын» қабылдатуы, тек көші-қон жұмысымен айналысатын, бастабында арнайы агенттік, кейін келе Комитет құруы, қазірге дейін араға жылдар салып төрт бірдей құрылтай өткізуі, оған әр жолы өзі келіп қатысып, сөз сөйлеуі аталмыш сала жұмысының басым бағыттарын анықтап отырды. Осының өзі-ақ Көші-қон жұмысының Мемлекет үшін аса маңызды екенін көрсетсе керек.

Халықарада болып жатқан сандаған толқулар мен қантөгістер қай елге болмасын кесірін тигізбей қоймайды. Оның үстіне біз көп этносты құшағына алып отырған елміз. Айрандай ұйыған тыныштық, тату-тәттілік, береке-бірлік ауадай қажет. Осындай жағдайда Президеттің кейбір нұсқауларды емеуірінмен, ыммен кейде астарлап айтуына тура келетін шығар.

Солай болуына қарамастан, қай құрылтайда да, Нұрсұлтан Назарбаев шеттегі қандастарымызды елге оралтудың маңызын, оның жолын ашудың кезек күттірмейтін тым қажет шаруа екенін, естір құлақ, түйер кеуде болса, айтудай-ақ айтып келді. Неге екенін кім білсін, жұмыс атқарып отырған органдар президент тапсырмасын ары қарай іліп әкетуге шабан, құлықсыз.

Халыққа істелетін қызметтің сапасы, кейде, соған жауапты адамның мемлекетшілдігіне, ұлттық сана-сезіміне, қабілет-қарымына байланысты екен. Қазіргі виза ала алмай он бір мың адам кезекте тұрған, Үрімжідегі Консулдық қызметті бір кездері Бағдат Сейтбатталов деген азамат басқарды. Виза аштыруға кірген әр адам, құжат қабылдайтын жай қызметкерден бастап, бастықтың өзіне дейінгі кісілердің кішпейілділігіне, қандастарына деген ыстық ықыласына, бауырмалдығына, жоғары адамгершілігіне тәнті болып шығатын. Елге келетіндердің саны сол өткен ғасырдың 90-жылдарда қазіргіден екі есе артық болмаса, кем емес болды ғой. Соның өзінде, бүгін өткізген төлқұжатыңа дәл он күде виза жапсырылып, қолыңа тие қалатын. Өлім-жітім, той-томалақ сыйяқты жағдайы барлардың жұмысын, он кұнсіз-ақ, қалаған уақытында дайындап беретін. Сол жылдардың бірінде Іленің Маңғұлкүре ауданында бұршақ апаты болды. Халық күзгі өнімнен құралақан қалды. Осы қиыншылықты айтып келген бір ақсақалдың  визасын тегін ашып бергенін мен өз көзіммен көргенім бар. Қазақстанға тұңғыш аттанғалы отырған адамның көңіліне қанат бітіретін, жүрегіне жылу құятын, сәт-сапар тілеп, иіліп тұрып шығарып салатын сол ізгі жандарды мен қазір қайда жүр екен деп ауық-ауық сағына еске алам.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы Істер министрі болған жылдары қазақ көші тіпті қарқын алды. Елбасы саясатының астарын жете түсінген бірден-бір кісі болса, ол осы әлемдік депломатияның қыр-сырын жеттік меңгерген, ұлтжанды, текті азамат Қасым-Жомарт Кемелұлы-ау. Қ. Тоқаев мырза қандастардың виза аштыруға төлейтін құжаттық төлемдерінің құнын жүз АҚШ долларынан күрт төмендетіп, небәрі үш долларға түсіріп берді. Қазақтарға үш айға бір мәрте ашылатын визаны бірден бір жылға көп мәртелі етіп ашуды жолға қойды. Мұндай визамен бір туысыңның үйіне уақытша тіркелесің де, Қазақстанға жыл бойы келіп-кетіп еркін жүре беруіңе болады. Осы мезгілде азаматтыққа, квотаға құжаттарыңды тапсырасың. Қоныстанатын қонысыңды да белгілеп үлгіресің. Бұл жеңілділік Қытайда тұратын ағайындардың Елге келуіне, тұрақтап тұрып қалуына өте тиімді болды.

Еңбек және Халықты әлеументтік қорғау министрі болып тұрған кезінде Бердібек Сапарбаев та қандастарымыздың жағдайын жасауға барын салды. Ел дегенде еңіреп туған ерің осы Б. Машбекұлы. «Нұрлы көш» атты үлкен бағдарлама жасады да тастады. Жасап қана қойған жоқ, ШҚО-на әкім боп тағайындалғасын, сол бағдарламаны одан ары нақтылай түсіп, қандастар келгенде кіретін көлемді ауыл салып үлгірді. Кіргізетінге адам таппай қалмаса, бұл барлық облстарға үлгі болуға тиіс бастама...

Соның арқасында Көші-қон саласында еліміздің жеткен жетістіктері жаман болған жоқ. Қазірге дейін, Құдайға тәубе, Қытайдан 84 мың адам, жалпы шетелден бір миллионның үстіндегі қандасымыз Отан құшағына оралыпты. Бұл егемендігін енді ғана алған жас мемлекет үшін, әрине, аз көрсеткіш емес. Дегенмен бес миллион қазақтың әлі де жат жұртта жүргенін ескерсек, біз атқарар жұмыстың көкесі тағы алда екені, бірден байқаймыз.

Жасырары жоқ, соңғы төрт-бес жылдың көлемінде көшіп келушілердің қарқыны өте баяулап қалды. Бірен-сарандап жеке сапармен келіп-кетіп жатқандар болмаса,  Қытай жағынан келетін арнаулы көш негізінен тоқтады. Мұны осы рет ашылған төртінші құрылтайда «соңғы кездері белгіленген квота толмауда» деп Нұрсұлтан Әбішұлының өзі де ашық айтты.

Әу бастан Мемлекттің ұстанған саясаты дұрыс, Елбасының бағыт-бағдары айқын. Сонда Қытайдағы қандастарымыздың елге келуіне не кедергі болды?

Оған «мынау» деп, бір сөзбен жауап беру, әрине, қиын. Деседе, осыған дейін қолданыста болған «Халықтың көші-қон заңының» шикі тұстары жалпы көшке салқынын әбден тигізді. «...Жеке өзi жүгiнуi мүмкiн болмаған жағдайда өтiнiш берушi уәкiлеттi өкiлге жүгiнуге нотариалды расталған сенiмхатты оралман мәртебесiн беру және (немесе) оралмандардың көшiп келу квотасына енгiзу туралы өтiнiшпен қоса бередi» деген 14- баптағы 1-тармақтың осы біз келтіріп отырған соңғы тұжырымы жең ұшынан жалғасқан жемқорлыққа даңғыл жол ашып берді. Соны пайдаланып, жалған құжатпен үкімет қаржысын үптеп кеткендердің санын осы саламен айналысқандар жақсы біледі. «Оралман мәртебесi ол Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейiн тоқтатылады» деген жоғарыдағы баптың бір ғана 4-тармағы Қазақстан азаматтығын тездетіп алған сан мыңдаған қандасымызды берілетін әлеументтік көмектен қақты.

Оның үстіне, кезіндегі Қытайдағы қазақтар үшін Қасым-Жомарт Тоқаев жолға қойған жеңілдік қазір желге ұшқан. Қазақтардың визасы басқа ұлттардікімен бірдей, үш айға бір не екі мәрте кіріп-шығатын етіліп ашылылатын болды. Демек, оларды «қазақ», «оралман», «қандас» демей, қытайлық деп бір шыбықпен айдалатын халге түсірдік. Осындай күйіне қарап, енді қазақтарды да хансу деп айта берсеңіз де еш оғаттығы жоқ... Үш ай деген не ол, мұнда келген соң тұрақты тіркеуге тұрып, азаматтыққа құжат жиып үлгірмей жатып, зу етіп өте шығады. Сосын, Қазақстаннан қытай есебінде қуыласың.  Сөйтіп, жыл бойы виза аштырам деп Үрімжіге шабасың да жүресің. Бұндай жағдайда қырғын кезек болмай, жемқорлық пен пысықай делдалдардың айы оңынан тумай қайтсін?

Дегенмен, кеш те болса, бір жақсылықтың құлағы қылтиғандай. Өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жаңа «Заң жобасы» парламенттің қарауынан өтіп, сенаттың мақұлдауына жіберіліпті. Сенат та екі аптада 180 заң жобасын апалақ-сапалақ оқып, президенттің қол қоюына сырғытқан көрінеді. Оған «Қазақстан азаматтығын алғаннан кейін де қандастарымыздың «оралман» мәртебесі белгіленген квотасын алғанға дейін сақталады» деген аса қажет екі ауыз сөз қосылыпты. Әліппелік сауатпен-ақ енгізуге болатын бұл тармақты көп талқыға салудың, ұзақ жыл тұзетпей созуыдың өзі кісі күлерлік жағдай. Құзырлы органдардың қазақ көшіне деген қырсыздығының көрінісі, Президент нұсқауына болған немқұрайдылықтың, Үкімет қызметіне жауапкерсіздіктің белгісі  бұл.

Араздық біткеннің бәрі әділетсіздіктен туындайды. Манағы көшіп келген миллионнан астам қандасымыздың арасында, «Халықтың көші-қон заңының» сол кемшіл тармақтарының кесірінен, Президент белгілеген қаражатын ала алмағандар неше мыңдап табылады. Сол себепті, кері көшіп кеткендер де бар бірен-саран. Дегенмен, басым көбі Қазақ жеріне тұяғын ілгенін зор бақыт санап, өз күшімен өмір сүріп кетті. Ақтан қағылып, ашынған жандардың аузына ешкім де қақпақ қоя алмайды. Осыдан барып бұқаралық ақпарат құралдары арқылы билікті сынау, мемлекетті жазғыру басталады. От басы, ошақ қасындағы осындай уытты әңгімелерді естіген балалардан біз ертең қандай отансүйгіштікті күтеміз? Ең ұяты - біз елу алты елдің президентін Астанаға шақырып, ЕЫҚҰ-ның саммиті мен Қысқы Азияда ойындарының жарысын өткізіп, әлем алдында асқақ бейнемізді көрсетіп, мерейіміз тасып жатқан тұста, Қытайдағы он бір мың қандасымызға визаның кезегін күттіріп, шулатып қойғанымыз болды. Ел іші-сыртындағы баспа сөз дуылдатып жатты осы келеңсіздікті. Бұл түбі келіп жаңа жарқырай бастаған еліміздің бетіне шіркеу болар жағымсыз жай еді.

Біз сырттағы қандастарын Отанына шақырып отырған әлемдегі үш елдің біріміз. Бұл - шындық. Көш тоқырауға тап болып, қандастарымыздың Қазақстанға деген сеніміне қылау түсе бастаған тұста, төртінші реткі қазақ Құрылтайының ашылуы, оған Елбасы Н. Назарбаевтың тағы да арнайы келіп, сөз сөйлеуі, айта қалсын уақиға болды. Сенімі қожырай бастаған шеттегі Алаш жұртының жанар оты жарқ ете түсті. Жүрегіндегі үміт жалыны қайта лаулай бастады. Көңілі алаңнан айықты. Бұл жолғы Құрылтай шынында доп тебетін жастардың көп келуімен емес, «Тәуелсіздіктің жиырма жылдығы» қарсаңында ашылғанымен өзгерек болды.

«Тәуелсіздіктің жиырма жылдығы» біз үшін шынында орны ерекше мереке. Мереке ғана емес, өткенімізді саралап, болашағымызды бағамдайтын бетбұрыс кезең. Жоғарыда да айттық, қазақ көші де осы екі он жылда ауыр сыннан, қайқаң кезеңнен өтті. Қандастарымызды несібесінен қағып, аз болмаған қаржыны тістегеннің аузында, ұстағанның қолында жібердік. Демек, төртінші Құрылтайдың дәл осы қарсаңда ашылуы біраз нәрсенің бетін ашты. Кеткен «әттеген-айлар» қанша жасырып-жабылғанымен, ашық айтылмағанмен әркімнің көкейінде сайрап тұрды. Құрылтайда сөз алған делагаттардың сөзінен ендігі жерде қазақ көшіне барынша зәру боп тұрғандардың кім, қай елдердегі қазақтар екені анық байқалды.

Ресейде тұратын қазақтардың өкілі, орыс қармағында қалған қазақ жерінен, қазақ мектебін ашып берсеңіз деген талап қойды мемлекет басшысына.

Мына іргемізде түрған Қырғызыстандағы қандастардың да өтініші осы тақлеттес. Бірақ, бұдан гөрі зор. Үш-төрт жылда бір төңкеріс болып жататын Бішкектен «Н. Назарбаев атындағы халықаралық қазақ университетін» ашу керек депті, Қырғызстандағы қазақтар ассоциациясының төрағасы, генерал-майор Серікқұл Қосақов деген ағамыз.(«Түркістан» газеті. 19-мамыр, 2011жыл).

«Қазақстанға келгенімен орыс тілін білмей, қиналамыз». Бұл Голландиядан келген жігіттің «сылтауы».

Ал, Түркиядағы қазақтардың талабы тіпті басқа. Олардың балалары ана тілінен ажырап барады екен. Соны сақтап қалу үшін, Қазақ елі оларға арнаулы мұғалім және қазақ тіліндегі кітап-журнал (бұрын домбыра жіберіңдер дейтін) жіберіп тұруы керек.

Демек, бәрі де ұрпақтарының келешекте қазақ деген аты ғана болмаса, затының басқа болып кететін тағдырын жақсы түсінеді әрі одан қатты алаңдайды. Бірақ, солардың келешегі үшін көшіп келе қояйын деп емешегі үзіліп тұрған біреуі байқалмайды. Бабалар арманы орындалып, қазақ жеке мемлекет болды. Біз енді соған барып қоныстанайық, ірге тасын бірге қаласайық, балаларымыз өз Отанында өсіп-өркендесін, туған ұлтының салт-дәстүрін қанына сіңірсін, Еліне қызмет етсін деп тұрғандары тағы шамалы. Болмаса, олардың ата-бабалары осы азаттықтың жолында аз құрбандық берген жоқ. Ата қонысынан ауа көшіп, шет жер, жат елдерді паналағаны кеше ғана емес пе еді? Енді сол Оспан мен Қалибек аңсаған азаттыққа олар сыртта, жайлі жерде жатып алып, масаттанғанды жөн көретін тәрізді. Келіп-кетіп қонақ болғанды, Құрылтай-жиын, той-томалақ бола қалса, шауып келіп қатынасқанды, мадақ айтқанды, шалқайып қонақ болғанды ұнататындарын көрсетіп келеді. Дұрыс қой бәрі. Өз Елі болған соң, сөйтеді де. Бірақ, қара басының қамын күйіттеп кісі жерінде жүре бермей, есі барда елдерін тапқандары одан да жөн болар еді-ау!

Әрине, туған жер, ата-бабамыздың сүйегі жатқан құт-мекен әркімге де ыстық. Ата қонысқа кіндігі байланған көне көздер кетеді ертең. Сонда осы жердің қадірін біздің ғаламдасу дәуірінде дүниеге келген ұрпақтарымыз біле қояр ма екен? «Дүниенің қай түк­пірінде жүрсе де тұтас қазақ халқының бір бөлшегі екенін» сезіне алса жақсы-ау?! Шеттегі аға ұрпақ осы жағын жақсы ойланса болады.

Қазір Қазақстан айналасындағы барлық елмен шегарасын айқындаған, тастай ғып бекемдеп алған дербес ел. Елбасы өте дұрыс айтты: «Біз қанша еліміз кең, осындай кең-байтақ деп жүрсек те, дәл бүгінгідей өз мемлекеттігіміз болған жоқ. Қазақтың табан тірейтін, дәл қазіргідей мағынада «елім, жерім» дейтін мемлекеті болған жоқ». Айтуға оңай болғанмен, осының бәрі бірден оп-оңай қолға келе салған жоқ. Біле-білсек, бұл біздің теңдесі жоқ олжамыз. Соның арқасында, тәуелсіз ел ретінде еңсе көтерген, дамудың даңғыл жолына түскен мемлекет болғанымызды бүгін бүкіл әлем білді. «Аталарымыздың сан ғасырлық аң­са­ры болған тәуелсіздікті көздің қарашы­ғын­дай сақтап, оны нығайта беруіміз қажет». Шетел қарамағында қалған қазақ жерін қимай отыра беру мен «Эко­но­микасы қуатты, саясаты тұ­рақ­ты, жері дәулетті, елі сәулетті мемлекет» (Н.Назарбаев) Қазақстанға көшіп келіп, өмір сүрудің қайсысының маңызды екенін таразыға салудың өзі артық.

ТМД аумағындағы қандастар ғой көптеп келіп жатыр. Манағы «миллионнан астамның» бүйірін қампайтқан осы ағайындар...

Моңғолдағы қазақтардың келуіне кедергі болып тұрғаны - жол. Шығыс Қазақстаннан төте өте қалатын етіп шешіп берсек, ондағы ел баяғындай түйемен-ақ көшіп келе беретін көрінеді.

Енді көшіп келуге барынша құлшынып отырған Қытайдағы қандастар. Қазіргі таңда олардың саны да қомақты. Тағдыры да қыл үстінде. Болашағы ­- түнек. Барлық елдің азаматының қолында бар шетелге шығатын Төлқұжат осы Қытай халқына бұйырмапты. Нақтылап айтсақ, Қытай үкіметі өз азаматтарына, тек, Азаматтық куәлік береді де, Төлқұжат ұстатпайды. Сондықтан, ондағы қазақтар басқа шетелдегі қандастары секілді қонышынан басатын, қалаған шетеліне кете беретін жағдайда емес, «Ұшарға қанатым жоқ...» күйде. Қазақстанға келу үшін де біздің елдің бір азаматының шақыртуына жүгінеді. Орысша жазылған ол шақырту барған соң, оның әр бетіне ақша төлеп аудартады. Содан барып көп тексеруден, мақұлдаудан өтіп, қатысты орынға тапсырып барып, әрең дегенде, Төлқұжат алады қолдарына. Мехнет осымен бітсе, жақсы ғой. Бұған енді өз Еліміздің кедергілері қосылады. Ол - виза деген алынбас қамал. Төлқұжат алған байқұс қазақ енді Үрімжідеге қарай жолға шығады. Онда барып, біздің Консулдық қызметтің босағасына ұшы-қиыры жоқ кезекке тұрады. Ал, олардың жасап отырғандары - анау. Мұндай қиындық қытайдан басқа еш бір елде жоқ шығар деп ойлаймын. Азап деп осыны айт. Азап емес, бұл барып тұрған - қасірет.

Шақырту дегеннен шығады, осы жиырма жылдың ішінде бұл шақыртудың сан түрі болды. Бірі тоқтаса, екіншісі шығып отырды. Ең алғашқысы, Жеке сапарға арналған көк түсті қағаз еді. Мұны «Туысшылау шақыртуы» деп атадық. Қытайдағы туысыңды шақырту үшін, қажетті бланктті толтырып, өзің тұрған жердің Көші-қон полициясы басқармасына өткізесің. Ол кемінде үш айдан кейін барып мақұлданып шығады. Аласың да, арғы бетке жөнелтетінсің. Екіншісі, «Іскерлік шақырту» деп аталды. Оны Қазақстандағы кез келген ЖШС-тен алуға болатын. Үшіншісі, оқуға келетіндердің шақыртуы. Мұны барлық  жоғарғы оқу орындары беретін. Бір жаманы, осы шақыртулардың қай қайссымен де келетін адамның кеденнен тек өз соқа басы ғана өте алады. Оған оқу жасындағы баласын Қытай жағы тіркемейді. Қазақстан шегарасынан бар болғаны 50 кг-нан артық жүк алып өтуге де рұхсат жоқ.

Төртіншісі, «Көші-қон шақыртуы». Шақыртуларың ішіндегі ең тиімдісі осы болды. Қазақстан азаматы Қытайдағы туысының отбасында қанша адам бар, соның бәрін бір қағазға тіркеп жазады. Араларындағы туыстық байланысын көрсетеді. «Қазақстанға көшіп келген соң, тіркеуге тұратын мекен-жаймен, баспанамен, жұмыспен, балаларын оқумен қамтамасыз етем» деп нотариалды расталған кепілдік береді. Сыртына өзі тұрған жердің Көші-қон департаментінің келісімін алып, таңбасын бастырады. Сонымен бірге, Консулдық департамент те (МИД) мөрін соғады.  Бұл шақыртуды алған Қытайдағы отбасы мүшелері түгелдей, жоғарыдағы тәртіппен, Төлқұжатқа кезексіз ие болады. Үрімжідегі консулдық қызметтен Қазақстанға тұрақты тұру визасын да кезек күтпей ала алады. Отбасы мүшелерін, барлық жүгін «Халықтың көші-қон» заңының «Кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган: мүлiктi шекара арқылы кеден төлемдерiн алмай өткiзеді» деген 29-4-баптың 1-тармағына сай, кеден салығынан босатылған жеңілдікпен кеденнен бері өткізе алады. Неге екенін білмеймін, біздің Ел Қытайдағы қандастарымыздың осынау ерекше жағдайын, мүшкіл халін, қиын тағдырын біле тұра, аяққа ылғау қылып келе жатқан осы «Көші-қон шақыртуын» заңсыз деп, төрт-бес жылдан бері тоқтатып тастады. Менің  арғы бетте тұратын өз туыстарымнан, құда-жұраттырымнан, ауылдастарымнан құралған 138 отбасын Елге көшіріп әкелем деп жүгіргеніме, міне, биыл табаны күректей үш жыл болды. Президент әкімшілігінің басшысынан бастап, хат жазбаған министрім, төрағам қалмады. Бәрі бірыңғай жауаппен бұрынғы Көші-қон комитетіне сілтейді. Ол Комитет қазір ІІМ-не біріктірілді. Түк нәтиже шықпады. Қазір ол шақыртулар депутат Б. Тілеуханның хатымен бірге ІІМ Көші-қон комитетінің бастығы Х. Досқалиевтің қоржынына келіп түскен еді. Төраға ШҚО-тық Көші-қон департаментіне тапсырдым, сол жерден жасалады деген соң, Астана айналып Өскеменге де бардым. Департамент бастығы Нұрлан Мұқаев мырза жоғарғы жақтың жазбаша қаулысы керек деп, қол қоюдан бас тартты. Алты алашқа танымал жезтаңдай, халық қалаулысы Бекболаттың сол үшбу депутаттық талабы жерде қалды. Досқалиев алдап соқты Тілеуханды. Кеше ғана құрылтайда Елбасымыз айтқан «Шеттегі бауырларының табаны­на кірген шөңге», Хибыратолла Ермекұлының жан-жүрегін сыздататын» түрі жоқ. Бұл шақырту заңсыз болса, заңдысын жасамай ма? Оған құлықсыз.

Демек, осындай жағдайда, ойлаңызшы, Қытайдағы қазақтар Қазақстанға қайтіп келмек?! Жасыратын несі бар, өткен  үш жылда «Нұрлы көш» бағдарламасының аясында Қытайдан бір отбасы да көшіп келген жоқ. Бұрын «көшіп» келген, бірақ, квота ала алмай қалған ағайындарды сол бағдарламаға кіргізіп, артымызды жаптық.

Шынын айтсақ, қытайда түрып жатқан туыстарымызды шақыртатын заңды құжаттың жоқтығынан, олардың көші тоқтады. Манағы «соңғы кездері белгіленген квота толмауда»-ның басты себебі осы.

Қытай үкіметі қазақтардың өз Отанына қотарыла көшуін тежегенімен, халықаралық зағнамалардың талабына сай, бөлініп-жарылған ағайын-туыстың бір-біріне қосылуы үшін, ептеп қоныс аударуына аса қарсы емес.

Бұл мәселе 1995-жылдың қыркүйек айында Н. Назарбаев Пекинде болған сапары кезінде шешілген. Оны Қ. Тоқаев «Беласу» деп аталатын кітабының 212-бетінде: «Дегенмен, бұл мәселе жөнінде де принципті уағдаластыққа қол жеткіздік: Қазақстанға тұрақты тұруға көшкісі келетін ұлты қазақ ҚХР азаматтарына Қытай үкіметі тарапынан ешбір кедергі жасалмайды. Бұл маңызды келісім Қытайдан көшіп келем деген оралмандар санын арттыра түсуге жәрдемдесері анық» деп ашық жазған.

Қытайдағы қандастарымыздың көшіп келу мәселесін шешу, керек болса, өз қолымызда тұр. Сол қазақтардың қарғыс-наласына қалмайық десек, манағы «Көші-қон» шақыртуын қолданыска енгізу мен бір жылға көп мәртелі виза алу мәселесін бір-бір тармақ етіп, осы жолы қайталай түзетулер мен толықтырулар енгізіліп жатқан «Халықтың көші-қон заңына» сөзсіз енгізуіміз керек. Ұлт Көшбасшымыз осы құрылтайда «Парламентте «Халық­тың көші-қоны туралы» заң жобасы қаралуда. Кеңінен талқыланып, қабылданатын жаңа заң қандастарымыздың жағдайын жақсартуға  септігін тигізеді деп есептеймін. Ол қандастарымыздың құжат тап­сы­руда, тіркеуге тұруда, азаматтық алуда кездесетін түрлі кедергілерді жоюы тиіс!» дегенде, осындай аса маңызды, кезек күттірмейтін, көкейтесті мәселелерді кешіктірмей шешуді меңзегені айдан анық. Енді сол «Халықтың көші-қон заңы» Нұрекеңнің өз қолына барды. Кері қайтарып, осы Көші-қон шақыртуын қостырса, жақсы-ақ болар еді,

2000-жылы Ресейдің жаңа сайланған президенті Елімізге ресіми сапармен келді. Қазақстанда тұрып жатқан орыс диаспорасы өкілдерімен Лермонтов атындағы театрда кездесті. Сонда оның: «Қазақстанда орыстардың ешбір болашағы жоқ. Мені сіздердің бүгін қалай өмір сүріп жатқандықтарыңыз емес, ұлт ретіндегі ертеңгі болашақтарыңыз алаңдатады. Сол себепті, мен сіздерге Ресейге қоныс аударуға кеңес берер едім» дегені әлі есімде.

Владимир Путиннің осы сөзінің тонын айналдырып «Шеттегі қазақтардың шет жерде ешбір болашағы жоқ.  Мені сіздердің бүгін қалай өмір сүріп жатқандарыңыз емес, ұлт ретіндегі ертеңгі болашақтарыңыз алаңдатады. Сол себепті мен сіздерге Қазақстанға қоныс аударуға кеңес берер едім.» деп шеттегі қандастарға, оның ішінде Ресейдегі туыстардың құлағына, тағдырлас бауыр ретінде, менің де айғайлап тұрып айтқым келеді.

Елбасымыздың: «Туған елге табан тіреймін, көшіп келемін деушілерге қашанда есігіміз ашық екенін мен тағы да қайталап айтамын» деп қадап-қадап айтуы, Қазақ көшіне тың серпін береді деп сенем Көші-қон заңын шығарушы, түзетуші орган осы сөзді негізге алғаны жөн..

Алматы

05.06.2011ж

Ауыт Мұқибек
«Балдырған» журналының ақысыз демалыстағы қызметкері

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371