Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 1900 0 пікір 19 Маусым, 2009 сағат 09:48

Нәзия ЖОЯМЕРГЕНҚЫЗЫ. Бiлiктi мұнайшылар тапшы

“Бiлiмдiлiкке емес, дипломға қызығатын жастардың көбеюi кәсiби бiлiгi жоғары мамандардың тапшылығына әкеп соғуда”. Осылайша дабыл қаққан мұнай компанияларының өкiлдерi тапсырыс бойынша маман дайындауға ұсыныс бiлдiруде.
Қызылорда, Ақтау, Атырау, Орал, Ақтөбе аймағындағы мұнай компаниялары кәсiби деңгейi жоғары мамандардың тапшы екендiгiн айтып шағымдануда. Өйткенi, Қазақстандағы жоғары оқу орындарын бiтiрген жас түлектер компаниялар тарапынан қойылатын талаптарға сәйкес келмейтiн көрiнедi. Мамандар пiкiрiнше, бүгiнде бiлiм алуға емес, дипломға қол жеткiзуге қызығатындардың саны артуы кесiрiнен кәсiби тұрғыда бәсекелестiкке төтеп бере алатын мамандар азайып кеткен. Осы себептi, ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi тапсырыс бойынша маман дайындауды қолға алғалы отыр. Ол үшiн елiмiздегi iрi мұнай компаниялары тәжiрибесiз жас мамандарға артылатын ортақ талаптарды түзуi тиiс. Негiзi берiлетiн бiлiм де сол талаптарды ескере отырып жүргiзiледi. Ресми деректерге сүйенсек, қазiргi таңда мамандар сәйкес келуi тиiс стандарттарды елiмiздегi Темiр балқытушылар ассоциациясы дайындап қойған. Тәжiрибе ретiнде ұсынылған бұл талаптар алдағы 2-3 жыл iшiнде жүктелетiн мiндет ретiнде бекiтiлуi тиiс.

Статистика бойынша бүгiнде Қазақстандағы еңбекке қабiлеттi 8413,5 мың адамның 935,9 мыңы ғана өндiрiс саласында жұмыспен қамтамасыз етiлген. ҚР бiлiм және ғылым министрлiгiндегiлер жыл сайын жұмысшы мен орташа топ бойынша 127-130 маман бiтiрiп шығатынын, олардың 63,5 пайызы қызметке орналасатынын көлденең тартады. Өкiнiшке қарай, шетелдiк компанияларға қабылданатындары – 3-5 пайызы ғана. Бұл ҚР заңдарын бұзатын кейбiр жатжұрттық кәсiпорындардың жауапкершiлiксiздiгiнiң кесiрiнен. Әйтпесе, қарапайым жұмысшысы мен аспазына дейiн шекара сыртынан, өз елiнен әкелетiн шетелдiктерге ҚР Президентi Н.Назарбаев бiрнеше рет ескерту жасағаны белгiлi. Оны құлаққа iлгендер кем де кем. Тағы бiр маызды жайт, шетелдiктер жұмысқа қабылдарда өз талаптарына сәйкес келетiндерге ғана бүйректерi бұрады. Компаниялардың көпшiлiгiнде өздерiнiң қоу орталықтары жұмыс iстейдi. Бiр iрi компанияның қызметкерге қоятын талабы екiншi бiр компаниянiкiмен сәйкес келе бермесi айтпаса да түсiнiктi. Оның үстiне, маман қабылдау мәселесiн әр кәсiпорын өз бетiнше шешуге мүдделi. Мысалы, кейбiр мекемелер оқу орталықтарын ашса, ендi бiрi үмiткерлердi сынақтан өткiзедi, кейбiрi жастар бiлiм алу үшiн компания бюджетiнен гранттар бөледi. Грантқа ие болған жастар батыстық компанияларда тәжiрибе жинақтап қайтуға мүмкiндiк алады.
Дағдарысқа қарсы күрес бағдарламасын түзген, арнайы Жол картасын сызған ҚР Үкiметi отандастарымызды жұмыссыздық дертiнен құтқаруға тырысуда. Бiрақ соған қарамастан, сандық көрсеткiштер құрғыр бой бермей отыр. Мысалы, үстiмiздегi жылдың басында 6,6 пайыз болған жұмыссыздық 2009 жылдың 1 мамырында 7,2 пайызға өсiптi. Жыл соңына дейiн жұмыссыздық деңгейiн төмендетуге уәде берген билiк мамандандыру, қайта мамандандыру мен жас түлектердi жұмыспен қамтамасыз етуге көңiл бөлуде. Мысалы, “Жол картасында” құжатта әлеуметтiк жұмыс орындарын кеңейту және жастар тәжiрибесi бағыты бойынша атқарылатын шаралар тәжiрибесiн жүзеге асыруға назар аударылған. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiндегiлер 2009 жылы республикалық бюджеттен 8,6 млрд. теңге бөлiнiп, аталған қаражатқа 69 мыңға жуық отандасты жұмыспен қамтамасыз ету көзделгенiн айтады. Жол картасын қаржыландыруға арналған 8,6 млрд. теңгенiң 3,1 млрд. теңгесi жастар тәжiрибесiне бағытталмақ. Бұл сома жоғары және орта оқу орындарын бiтiрген 34 452 түлектi уақытша жұмысқа орналастыруға мүмкiндiк бередi екен. 6 ай бойы тәжiрибе жинақтау барысында жұмыс берушiнiң сынынан сүрiнбей өткен жас түлек сол мекемеде тұрақты түрде жұмысқа орналасуға мүмкiндiгi бар. Ал арнайы құрылатын әлеуметтiк жұмыс орындарына бөлiнген қаражат – 5,5 млрд. Бұл елiмiздегi мақсатты топ тiзiмiнде тұрған 61 248 адамды уақытша, яғни, 2009 жылдың соңына дейiн жұмыспен қамтамсыз етуге сеп. Халық қазынасынан бөлiнген қыруар қаржы “ұстағанның қолында, тiстегеннiң аузында” кетпеуi үшiн ҚР Үкiметi жанынан құрылған ведомствоаралық комиссия жүйелi түрде қатаң бақылау жүргiзiп отыруға мiндеттi. Сонымен қатар азаматтар арасында кәсiби дайындық, қайта мамандандыру және кәсiби бiлiктiлiктi арттыру шараларын жүзеге асыру мәселесi бүгiнде мақсатты әрi жүйелi түрде қарастырылып жатқан көрiнедi. Республикалық бюджеттен маман дайындау мен қайта мамандандыру iсiне бұған дейiн бөлiнген қаражатқа қосымша жергiлiктi бюджеттерден 14,4 млрд. теңге көлемiнде қаржы бөлiнiптi. 146,5 мың адамды қамтитын бұл жоба “Жол картасының” инвестициялық бағыттары шеңберiнде жүзеге асырылмақ. Сонымен қатар жұмыстан шығып қалған қызметкерлер, жоғары оқу орындарының түлектерi мен оралмандар секiлдi жалпы саны 100 мыңға жуық отандасты қайта оқыту жоспарда бар. Ал макроаймақтарды экспорттық мамандандыру бағыты бойынша – 20 мың, түскен ұсыныстар бойынша – 3,5 адам, шет мемлекеттерден тартылған жұмыс күшiнiң орнын толтыру үшiн 23 мың адам жұмыспен қаматамасыз етiледi.

Нәзия ЖОЯМЕРГЕНҚЫЗЫ
“Түркістан” газеті 18 маусым 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5578