Сенбі, 23 Қараша 2024
3725 8 пікір 4 Қазан, 2019 сағат 12:17

Қазақстан "Қазақ хандығы. Алтын тақ" фильмін "Оскарға" ұсынбақ

Режиссер Рүстем Әбдірашевтің “Қазақ хандығы. Алтын тақ” фильмі Қазақстан атынан “Оскар” сыйлығына ұсынылмақ. Кинокартина “Шет тіліндегі үздік фильм” номинациясына қатысады.

“Оскар” тапсыру рәсімі 2020 жылы ақпанның соңында немесе наурыздың басында Лос-Анджелесте (АҚШ) өтеді.

“Қазақ хандығы. Алтын тақ” – “Қазақ хандығы” сериалының кинонұсқасы. Сериал мен фильм Ілияс Есенберлиннің “Көшпенділер” романының бірінші кітабы – “Алмас қылыштың” желісі бойынша түсірілген. Фильмде 15-ғасырдағы қазақ хандығының құрылуы жайлы баяндалады.

Қазақстан тәуелсіздік алған соң алғаш рет 1991 жылы “Оскарға” “Отырардың” күйреуі фильмін ұсынды. Одан кейін араға 15 жыл салып, 2007 жылы бұл ел “Оскар” сыйлығына ресейлік режиссер Сергей Бодров түсірген “Моңғол” фильмін қосты. “Моңғол” “Оскардың” бес фильмнен тұратын шорт-листіне енді. Бұл фильмді түсіргендер мен актерлердің басым бөлігі басқа елден болды.

2009 жылы Қазақстан атынан “Оскарға” режиссер Ермек Тұрсыновтың “Келін” фильмі қатысып, марапаттау алдындағы қысқа тізімге енді. Бірақ соңғы шорт-листке енбей қалды.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366