Сенбі, 3 Қазан 2026
4629 0 пікір 9 Қазан, 2019 сағат 15:33

Дархан Қанатбеков ҚР ІІМ ҚАЖК төрағасы қызметінен босатылды

Дархан Қанатбеков ҚР ІІМ Қылмыстық-атқарушы жүйесі комитетінің (ҚАЖК) төрағасы қызметінен кетті. 

"Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Дархан Қанатбеков қызметінен босатылды", - делінген ІІМ хабарламасында.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының қызметтік міндеттерін уақытша атқару осы комитет төрағасының бірінші орынбасары Теңізжан Жәнібековке жүктелді.

Ол биыл сәуірде ҚАЖК төрағасы қызметіне тағайындалған еді. Сол кезде ол Азамат Базылбековты алмастырған еді. Базылбеков қарамағындағы қызметкердің ағаттығы үшін жұмыстан кеткен. Оның бірінші орынбасары Бекболат Төремұратовты Батыс Қазақстан облыстық арнайы прокуратура қызметкерлері ұстады.

Дархан Қанатбеков осыған дейін Қарағанды облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде бөлім басшысы, басшының орынбасары, мекеме басшысы, ҚАЖД басшысының орынбасары, сосын басшысы болып қызмет атқарды. Сондай-ақ, ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Түпнұсқа: Тengrinews.kz

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 560
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 816