Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2763 0 пікір 19 Маусым, 2009 сағат 10:35

Ғалым СҮЛЕЙМЕН. Қазақ жігіттері жекпе-жекте жеңілмеуге тиіс

Қазақтардың оң жамбасына келетін спорт түрлері аз емес. Солардың арасындағы негізгісі - бокс пен күрес. Осы өнерді серік еткен қандастарымыз әр жылдары Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарында атой салды. Талай боксшылар мен балуандарымыз байрақты бәсекелерде жеңіс тұғырынан қол бұлғады. Сондай толағай табыстардың арқасында әлем жұртшылығы Алтай мен Атырау аралығын алып жатқан кең-байтақ жерде қазақ деген халықтың мекендейтінін білді. Сол себепті біз бүгінгі мақаламызда осы спорт түрлеріне ерекше тоқталғанды жөн көрдік.
Биылғы жылдың басты бә­се­к­е­сі - төрткүл дүниенің әр қиы­рын­да өтетін әлем чемпио­нат­тары. Боксшылар 29 тамыз бен 17 қыркүйек аралығында Аппенин түбегінде шеберлік байқасады. Грек-рим, еркін және әйелдер кү­ре­с­інің өкілдері 21-27 қыркүйек аралығында Данияда бас қосады. 25-30 тамызда дзюдошылар Гол­ландия татамиінде күш сына­са­ды. Осы бәсекелерде бізді не күтіп тұр? Қазақстан спортшылары өз жанкүйерлеріне қуаныш сыйлай ала ма? Әлде «әттеген-ай» деген­нен басқа айтар уәжіміз болмай, жа­нарымызбен жер шұқып қа­ламыз ба? Осы және өзге де сауал­дарға жауап алу үшін спорт­шы­лары­мыздың соңғы кездері көр­сеткен нәтижелеріне үңілген жөн.

Қазақтардың оң жамбасына келетін спорт түрлері аз емес. Солардың арасындағы негізгісі - бокс пен күрес. Осы өнерді серік еткен қандастарымыз әр жылдары Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарында атой салды. Талай боксшылар мен балуандарымыз байрақты бәсекелерде жеңіс тұғырынан қол бұлғады. Сондай толағай табыстардың арқасында әлем жұртшылығы Алтай мен Атырау аралығын алып жатқан кең-байтақ жерде қазақ деген халықтың мекендейтінін білді. Сол себепті біз бүгінгі мақаламызда осы спорт түрлеріне ерекше тоқталғанды жөн көрдік.
Биылғы жылдың басты бә­се­к­е­сі - төрткүл дүниенің әр қиы­рын­да өтетін әлем чемпио­нат­тары. Боксшылар 29 тамыз бен 17 қыркүйек аралығында Аппенин түбегінде шеберлік байқасады. Грек-рим, еркін және әйелдер кү­ре­с­інің өкілдері 21-27 қыркүйек аралығында Данияда бас қосады. 25-30 тамызда дзюдошылар Гол­ландия татамиінде күш сына­са­ды. Осы бәсекелерде бізді не күтіп тұр? Қазақстан спортшылары өз жанкүйерлеріне қуаныш сыйлай ала ма? Әлде «әттеген-ай» деген­нен басқа айтар уәжіміз болмай, жа­нарымызбен жер шұқып қа­ламыз ба? Осы және өзге де сауал­дарға жауап алу үшін спорт­шы­лары­мыздың соңғы кездері көр­сеткен нәтижелеріне үңілген жөн.
Жоғарыда аталған спорт түр­лері бойынша Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Бірақ «бәрі ке­ремет» деп айта алмаймыз. Жеңіс пен жеңіліс қатар жүрді. Бірде қуаныштан бөрікімізді аспанға атсақ, енді бірде өкініштен өзегі­міз өртенді. Енді соларға жеке-же­ке тоқталайық.
Грек-рим күресі шеберлері Тай елінен алты бірдей медальмен орал­ды. Бақ сынаған жеті спорт­шының арасынан тек Генна­дий Лященко елге құралақан қайтты. Қалғандары өз жанкүйерлеріне ме­дальдің сыңғырын есітті. Бір қа­рағанда, тәп-тәуір көрсеткіш. Бі­рақ бізді абыржытатыны - ал­тын­ның аздығы. Құрлықтың бас­ты додасында Дархан Баяхметов­тің әнұранымызды шырқатуға күш-жігері жетті. Жалпы, сол аза­матты Алла тағалла тіл-көзден сақ­­­таса, ол қазақтың абыройын әлі талай мәрте асқақтатады. Бей­жің Олимпиадасында Дар­хан­ның жүлде алатындай жөні бар еді. Алайда айлаға жүгінген қар­сыласы қандасымыздың ая­ғы­нан ұстап қалып, грек-рим кү­ре­сі ережесінде жоқ әдісті қол­дан­ды. Арамза төреші байқама­ған­сып, жұм­ған аузын ашпады. Әйт­пе­ген­де Дархан да даралана­тын еді.
Талай құқайды көрген Мар­ғұ­лан Әсембековтің ақтық ай­қас­та сүрінуі көпшілік үшін то­сын жайт болды. Осыдан екі-үш жыл бұрын ғана Азияны «ойнап-күліп» ұтатын Марғұлан күмісті қанағат тұтты. Тәжірибелі Роман Мелешин бар қабілеті қола ме­даль алуға ғана жетті. Ал Алмат Ке­бісбаев, Андрей Самохин және Ас­хат Құдайбергеновтер үшін дәл қа­зір әлемдік деңгейдегі жарыс­тардың бас жүл­де­сін болжау - ар­ман. Азия чем­пио­натында медаль ал­ған­дары үшін оларға алғыс айт­сақ артық ет­пес.
Грек-рим күресі бойынша Қа­­зақстанда жақсы дәстүр қа­лыптасқан. Алдындағы ағалары­ның жеңісті жолын былтыр Бей­жіңде Нұрбақыт Теңізбаев пен Әсет Мәмбетов мақ­та­нар­лық­тай жалғастырды. Олардың ізін басып Дархан Баях­метов, Нұрмұхан Тінәлиев, Елдар Қай­ра­тов сынды сайыпқырандар өсіп ке­леді. Ал­да­ғы әлем чем­пио­на­тын­да Қазақ­стан балуандары­ның қос медаль алу­ға қауқары же­теді деп ойлай­мыз. Соның бірі ал­тын бол­са, нұр үсті­не нұр болар еді.
Грек-рим күресі өкілдеріне қа­ра­ғанда еркін күрес шебер­лері­нің табысы біршама төмен. Десек те, тәуелсіздік алғалы бері Олим­пиа­да ойындарында қазақстан­дық­тардың жүлдесіз қайтқан кезі жоқ. Атланта, Сидней, Афиныда бір-бір медальға иелік етсе, Бей­жіңде екі мәрте туымыз көкте жел­біреді. Бұл, әрине, қуанышты жайт. Бірақ бізді бір қынжыл­та­ты­ны - медаль алғандардың дені легионерлер. 2004 жылы күміске қол созған Геннадий Лалиев, 2008 жылы жүлдегер атанған Таймұраз Тигиев пен Марид Муталимов Ре­сей күрес мектебінің түлектері. Қа­зақстанда туып-өскендер ара­сынан Мәулен Мамыров пен Ис­лам Байрамуковтың бағы жанды. Алайда бұл біздің елде ғана орын алып отырған жағдай емес. Қап тауының қырандары күллі әлемді мойындатқан. Алысқа бармай-ақ, аспанасты еліндегі ойындар­ды мысалға алайық. Бейжіңде жеті салмақ бойынша жеңімпаз­дар анықталса, соның біреуінде АҚШ азаматы озды. Ол - 55 келі салмақта белдескен Хенри Ке­жудо. Ал 60 және 96 келіде сал­мақ дәрежелерінде күресіп, Ре­сей­ге алтын сыйлаған Мавлет Ба­тыров пен Ширвани Мұрадовтың тегі - дағыстандық. 66 және 74 ке­лі салмақта шешеннің қос өре­ні бас жүлдені олжалады. Олар - Түркия туы астында өнер көр­сет­кен Рамазан Шахин мен Ресейдің аты­нан сынға түскен Бувайсар Сай­тиев. 84 келі салмақта гру­зия­лық Ревази Миндорашвили қарсылас шыдатпады. 120 келі сал­мақта чемпион атанған өзбек­стандық Артур Таймазовтың ұлты - осетин. Сөйтіп, жеті сал­мақ­тың алатауында Қап тауының балуандары үстемдік құрды. Ал жүл­дегер атанғаны қаншама?...
Соңғы Азия чемпионатында ер­кін күрес шеберлері бір күміс жә­не екі қола медаль еншіледі. 74 келі салмақта белдескен Абдул­ха­кім Шәпиев екінші орын алса, 96 келі салмақта күш сынасқан Дәу­лет Шабанбай мен аса ауыр сал­мақтағы Марид Муталимов үшін­ші тұғырға табан тіреді. Бұл жі­гіттің үшеуінің де әлем чем­пио­натында жүлде алуға әлеуеті же­теді. Әсіресе, біз Дәулет Шаба­н­бай­дың жолына зор үмітпен қарап отыр­мыз. Шынтуайтына келсек, тоқ­саныншы жылдардың бел ор­та­сында атой салған Мәулен Ма­мыровтан кейін әлемдік дең­гейдегі жарыстарда оза шапқан қа­зақтың ұлын кезіктірген жоқ­пыз. Осы жағы бізді қынжыл­та­ды. Енді сол олқылықтың орнын тол­тыратын кез жетті. Дәулет Ша­банбай шабысынан жаңылмаса, Ақжүрек Таңатаров пен Жасұлан Мұхтарбекұлы намысын қам­шы­ласа, қазақтың еркін күресі еңсе тік­тейтін еді.
Әйелдер күресі бойынша та­бы­­сымыз қомақты. Соңғы жыл­дары әлем чемпионаты мен Олим­пиада ойындарынан қанжығамыз майланып қайтты. Биыл Азия чем­пионатында Татьяна Ба­катюк пен Елена Шалы­ги­на бас жүлдені олжа­ла­са, Жұлдыз Иши­мова кү­міс­ке қол созды. Айым Әбділ­ди­на үшінші сатыға та­бан тіреді. Бұйыртса, әлем чем­пио­натында да асығымыз ал­шы­сы­нан түсуге тиіс.
Ұзақ жылдар бойы ресми аса ірі додалардан құр қол қайтып жүр­ген дзюдошылардың жаңа ға­с­ыр табалдырықтан аттағаннан соң жағдайы жақсарды. 2001 жы­лы қос Асхат - Житкеев пен Ша­харов әлем чемпионатының қола жүл­дегері атанды. Арада жеті жыл өт­кенде Олимпиада ойын­дарында ме­дальдің сыңғырын естідік. Ақтық бәсекеде ғана қарсыла­сы­на жол берген Асхат Житкеев кү­міс медальді еншіледі. Таяуда Тай­пейде өткен Азия чемпиона­тында татами шеберлері екі алтын және төрт қолаға қол жеткізді. Жерлестеріміз арасынан Максим Раков пен Гүлжан Исанова топ жар­ды. Қола медаль Ұлан Рыс­құл, Тимур Болат, Зарина Әл­ді­кова және Ленария Мингазоваға бұйыр­ды. Енді әлем чемпио­натын­да кемінде бір медальға қол жет­кізуді мақсат тұтып отырмыз.
Қазақстанның даңқын ша­рық­татқан спорт түрі бокс екені дау­сыз. Әр Олимпиада, әр әлем чем­пионатынан мол олжамен ора­лып жүрміз. Тек соңғы жыл­дардағы көрсеткіштеріміз кеу­демізде күмән тудырды. Бей­жіңде екі-ақ медаль алдық. Күні кеше Қытайда аяқталған Азия чемпио­на­тында екі алтын және үш қо­ланы иемдендік. Бір қарағанда, жа­ман нәтиже емес. Алайда ке­зінде Азияның алды болған ұжым­ның қазір командалық есеп­те үшінші орынды місе тұтуы, әрине, мақтаныш емес. Ал­ды­мызды Қытай мен Өзбекстан орап кетті. Аталмыш мемлекеттің өрен­дері біздің жігіттерден алымды көрінді. Былғары қолғаптың бауын байлауды кеше ғана үй­ренген үнділермен болған жекпе-жектің көбінде жерлестеріміздің жанарларымен жер шұқып қал­ғанын қайтерсіз. Осы жайттар көңіл­ге кірбің түсірді. Енді бокс­шыларымыз барын салуға тиіс. Серік Сәпиев бастаған сарбаздар сара жол салса, Әділбек Ния­зым­бетов, Біржан Жақыпов, Олжас Сәттібаев, Данияр Үстембаев, Ғани Жайлауов сынды жастар жасындай жарқырайды. Ал олар­дың ізін басып өсіп келе жат­қан жас буын қаншама... Бір сөз­бен айт­сақ, алдағы әлем чем­пио­на­тында Алаштың абыройы ас­қақ­тауы тиіс.
Қазақ намысқой халық. Елдің елдігі сынға түсетін сәтте арамыздан «жаным - арымның садағасы» дейтін жігіттер табылады. Шешуші тұста ширатылған арқандай шиыршық ататын азаматтарымыз да аз емес. Міне, сондай қасиеттерге ие қазақ жігіттері, Қазақстанның спортшылары енді бірер айдан кейін жалауын көтеретін әлемдік додадаларда да дараланатынына сенімдіміз.

 

 

 

Ғалым СҮЛЕЙМЕН

"Айқын" газеті 18 маусым 2009 жыл

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5570