Сенбі, 23 Қараша 2024
4255 8 пікір 23 Қазан, 2019 сағат 12:22

«әл-Ахрам» журналы Ердоғанды «қасапшы» деп атады

Египетте жарық көрген және Араб әлемінің беделді жаңалықтар журналының бірі саналатын «әл-Ахрам Әл-Араби» журналының соңғы санының мұқабасында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның суреті жарияланды. Мұқабасында Ердоғанның суретіне «Қасапшы» деп жазылған.

«әл-Ахрам әл-Араби» журналының 1.171 санында Түркия президентінің қанға боялған суреті қойылып, «Қасапшы» деген атаумен жарияланған. «әл-Ахрам» журналы Ердоғанның бұйрығымен Сирияның солтүстік-шығысында басталған әскери операцияда бейбіт тұрғындар қырылды және сол қырғынға Ердоған жауапты делінген.

«Нацист Ердоған» атты мақала доктор Әйман Семир Ердоғанның соңғы кездері сайлауларда дауыс жоғалтуына байланысты назарды сыртқы әлемге аударту үшін әскери операциялар  ұйымдастырды деп айыптаған.

Журнал «Ердоған күрдтерден кек алу үшін операцияға кірісті» деп жазады. Операцияның басталуымен түрік лирасының долларға шаққандағы бағамының  күрт төмендегені ишарат етілген мақалада экономикалық дағдарыс туралы сөздердің желдей ескені, инвесторлардың елден қашқаны, биліктің Орталық Банкке жария түрде араласқаны, Түркияның ашық түрмеге айналғаны айтылған. Ердоған 31 наурыздағы муниципалдық сайлауда көп дауыс жоғалтқанына күрдтерді айыптады және әскери операциялар арқылы күрд халқынан кек алды делінген.

Доктор Семир Ердоғанның халықаралық заңдар бойынша соғыстың басталуына кінәлі саналатын  қылмыстар жасағанын айта отырып, «оның Сирияның солтүстік-шығысында құрғысы келген қауіпсіздік  аймағының ИШИМ содырларының басқа ешкімге пайдасы жоқ» деп мәлімдейді.

«Араб елдеріндегі түрік басқыншылығына қарсы қозғалыс» деп аталатын мақаланың авторы Адил Абу Талиб «Араб мемлекеттері одағының» қабылдаған шешіміне назар аударды.

Талиб бірнеше араб елдерінің сыртқы істер министрлері қатысқан жиында Түркияның Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің шешіміне қайшы әрекет етіп, Сирия аумағына басқыншылық жасағаны айыпталып, Сирияны қайтадан Араб мемлекеттері одағына қосу үшін дипломатиялық қадамдар жасалатынын атап өткен. Мақалада Түркияның Сирия аймағына басып кіргеніне наразылық танытып, айыптаған Египеттің көзқарасы  Араб елдеріне  ықпал еткені баса айтылған. «әл-Ахрам әл-Араби» журналында жазылған тағы бір мақалада Ердоғанның Осман империясын қайта жандандыру туралы  арманы бары да айтылған.

Мақалада  Ердоғанның террористік және радикалды топтармен байланысы да айтылған. Сомали және Катарда Түркияның әскери база құрғаны, Түркияның, Сирия, Ирак, Әзербайжан елдерінде де әскери базаларының бары жазылған. Түркияның Сирияның солтүстік-шығысының ішкі істеріне АҚШ пен  Еуропалық Одақтың қолдауымен араласты деп жазылған.

Дайындаған Еркін Көшкінбай

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5409