Сенбі, 23 Қараша 2024
2439 0 пікір 4 Қазан, 2019 сағат 21:33

Қызылордада қоғамдық көлік қызметі электронды билет жүйсіне ауысады

Желтоқсан айынан бастап Қызылордада қоғамдық көлік қызметі толығымен электронды билет жүйсіне ауысады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бердібаев хабарлады.

«Үстіміздегі жылдың 1 желтоқсанына дейін Автопарктың меншігіндегі автобустарға «Alem Pay» ЖШС-мен электрондық билеттік жүйе орнатылады. Соған сәйкес, желтоқсан айының екінші жартысынан бастап жүйені қалаішілік барлық машруттарға орнату жоспарлануда. Сондай-ақ, автобустардың жұмыс уақыты, қозғалыс жылдамдығы, жиілігінің сақталу қадағаланатын болады»,-деді Ерлан Құлахметұлы.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың қаңтар айынан бастап жаңа тариф енгізіледі. Яғни қалаішілік машруттарда жолақы тарифі онлайн төлемдермен 80 теңге, қолма-қол төлемдермен 150 теңге болып бекітіледі.

Жаңа жүйенің тағы бір тиімділігі - көлеңкелі жолмен табыс тапқысы келетін қоғамдық көлік компанияларының жұмысына тосқауыл қояды. Сонымен қатар, жолаушылардың қала ішінде еркін қозғалуына жағдай жасайды. Бір карта арқылы барлық автобуста қатынауға мүмкіндік туады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394