Жұма, 22 Қараша 2024
3611 32 пікір 28 Қазан, 2019 сағат 13:01

Зеленский: Назарбаев украин халқын қатты жақсы көреді

«Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев украин халқын қатты жақсы көреді», деп мәлімдеді Украина Президенті Зеленский 23 қазанда шыққан Today тілшісіне берген сұхбатында.

«Мен әрқашан осы немесе басқа президенттің ресми пікірін тыңдағым келеді. Мен оның жеке қолдауын, Украинаны, егемендігімізді, территориямызды, тәуелсіздігімізді қолдайтынын көрдім және естідім.

Яғни ол маған Украинаны, украин халқын қатты жақсы көретінін және оны өте жақсы түсінетінін айтты. Өйткені ол өзі Украинада жұмыс істеген және Украинада оқыған.

Менің ойымша, енді біз Украинадағы соғысты аяқтау үшін осындай ғаламдық және басым міндеттерді шешуге көмектескісі келетін барлық адамдармен кездесуіміз керек. Және біз мұны істеп жатырмыз - барлығымен кездесіп жатырмыз. Бұл басқаша болмайды», - деді Зеленский.

22 қазанда Украина Президенті Владимир Зеленский Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен Жапония сапары аясында кездескен.

«Кездесу барысында Донбастағы соғыс және Қырымды басып алу туралы мәселе көтерілді. Назарбаев Қазақстан Украинаның аумақтық тұтастығы мен егемендігін әрқашан қолдайтынын айтты.

Тараптар бейбітшілікке ұмтылудағы оң өзгерістерді, атап айтқанда, тұтқындарды қайтару және дипломатиялық келіссөздерді қайта бастау мәселелерін талқылады және норманд форматында келіссөздерді жедел жүргізудің қажеттілігін атап өтті», - деді Украина мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Керімсал Жұбатқанов,

тарих ғылымдарының кандидаты.

Abai.kz

32 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5303