Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 6659 7 пікір 28 Қазан, 2019 сағат 13:31

Бір қап ұнның бағасы 10 мыңнан асады деп отыр...

Сіздер нанның бағасын білесіздер ме? Бәлкім он-жиырма теңгеге қымбаттауы біреулер үшін білінбес. Бірақ нан кетсе, оған қосылып басқа да азық-түлік бағасы шарықтайды.

Қазан айының басында бір қап ұнның көтерме саудадағы бағасы 6500 теңге болған. Бүгін - 8700 теңге. Мына түрімен желтоқсанға қарай 11-12 мыңға жетеді деп отыр базардағылар. Былтыр желтоқсанда бір қап ұн 3800 теңге шамасында болған. Өткенде үкіметте жанармай бағасының қымбаттайтыны да айтылып қалды ғой. Ол көтерілгенде жағдай не болмақ?

Оңтүстік аудандарда егін шығымының нашарлығына байланысты дейді біреулер. Есесіне биыл батыс пен солтүстікте егін бітік шыққан. Бірақ бағаның қымбаттағанынан шаруа қожалықтарының аузы аққа кенелгені шамалы. Ортадағы делдалдардың қалтасы ғана қампайып жатқан.
Тоқаев әлеуметтік нанның қымбаттауына қатысты үкімет пен әкімдерге шаралар қабылдап, субсидияны қарастыруды тапсырдым депті туиттерде.

Қит етсе субсидиялату жақсы нышан емес. Нарықты ретке келтіретін заң, заң аясында қызмет ететін билік керек.
Ит итті, ит құйрығын жұмсайтын жағдай болмаса дейміз...

Бэлла Орынбетованың facebook парақшасынан

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5303