Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
3433 5 пікір 7 Қараша, 2019 сағат 10:29

Абаев: Экстремистік мазмұндағы 13 мыңнан астам материал жабылды

Қазақстан жыл басынан бері экстремистік мазмұндағы 13 мыңнан астам материалды жапты. Бұл ақпаратты 6 қарашада Нұр-Сұлтандағы дінтанушылар форумы барысында ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев хабарлады.

"2019 жылдың басынан бері интернет-ресурс иелері мен сайт әкімшілігіне ұсыныс айтылып, 25 мыңнан астам заңға қайшы материал жойылды. Терроризм мен діни экстремизм идеологиясын насихаттаған 13 мыңнан астам материал жабылды" деді Дәурен Абаев.

Қазақстан билігі жыл сайын "экстремизмді насихаттаған сайттар мен материалдардың жойылып" жатқанын хабарлағанмен олардың тізімін жариялаған емес. Олардың арасында "билікке жақпайтын сайттар" болуы мүмкін екеніне алаңдаған кейбір құқық қорғаушылар бұл процедура ашық болуы керек деп санайды.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 895
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2321
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 597
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 581