Сенбі, 23 Қараша 2024
4254 0 пікір 12 Қараша, 2019 сағат 10:32

«Текті сөздің төресі — терме» атты жыршы-термешілер байқауы өтті

Қызылорда қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің қолдауымен «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық Одағы» РҚБ ұйымдастыруымен «Текті сөздің төресі — терме» атты республикалық жыршы-термешілер байқауы өтті.

А.Тоқмағамбетов атындағы Мәдениет орталығында өткен сайысқа Республиканың 14 облысы мен 3 мегаполисінен 17 өтініш түсіп, іс жүзінде 13 үміткер өнер көрсетті.

Іс-шараны «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық Одағы» РҚБ Басқарма төрағасы Ж. Ерман мен Қызылорда облыстық Әкімдігі Ішкі саясат басқармасының басшысы Т.Мақанов сөз сөйлеп ашып берді.

ҚР Халық әртісі Қ. Бекбосынов төрағалық еткен қазылар алқасының құрамында ҚР Мәдениет қайраткері, жыршы Е.Шалдыбеков, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының, «Құрмет» орденінің иегері, ақын Б.Шойбеков, ҚР «Мәдениет саласының үздігі», өнертанушы Е.Қайназар, екі дүркін «Алтын домбыра» иегері М.Ниязов қазылық етті.

Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлде — Елбол Қуанбекке (Алматы облысы) бұйырды. І-орын Шынболат Айданаға (Шымкент), екі ІІ-орындар Бекпейісов Мұхамедәліге (Қызылорда) және Әлбосын Таңнұрға (Көкшетау) бұйырды. Үшінші орынға ІҚайыржанова Гүлбағым(Алматы) мен Қисатова Салтанатқа (Павлодар) тиесілі болды.

Жүлдегерлер мен қатысушылар ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің дипломымен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435