Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5637 8 пікір 13 Қараша, 2019 сағат 12:03

Біздің еліміз кедей емес. Бірақ...

Биылғы көктемде «Qazaqstan» ұлттық телеарнасындағы «Шаңырақ» хабарына қатыстым. Көпбалалы отбасылардың жағдайы жайлы әңгіме қозғалды.

Астанаға ауылдан көшіп келген бір отбасының өкілі – жеті бала өсіріп отырған ардақты анадан тележүргізуші: «Балаларыңыз үшін мемлекеттен айына қанша жәрдемақы аласыз?» - деп сұрады. Ол: «170 мың теңгедей,»- деді. Одан кейінгі сұхбат былай өрбіді:
- Бұл сома отбасыңыз үшін жеткілікті ме?
- Аздау ғой...
- Жұбайыңыз жұмыс істейді ме?
- Жоқ... Ол ауырыңқырайды...
- Мүгедек пе?
- Жоқ...

Менің есіме астанада тұратын бір танысымның үй салуына көмектесіп жүрген, шет елден келген азамат түсті. «Бізде бір ай бойы таң атқаннан кешке дейін тыным алмай жұмыс істеп жүргенде табатының – 100 доллардай ғана. Қазақстанға келіп, жұмысқа жалданып жүргеніміз сондықтан. Мұнда кемінде 300-400 доллар табыс табамын. Елімде қалған бала-шағама ай сайын 200-300 доллар ақша жіберіп тұрамын,»-деген еді ол.

Аллаға шүкір, біздің еліміз кедей емес. Бірақ, мемлекет өз мүмкіндігінше беріп отырған жәрдемақыны азсынатын болсақ, онда жалқау ағайындарымыздың «екі қолына бір күрек беріп», жұмыс істетудің жолын қарастырғанымыз жөн емес пе? Осыны ойлап, атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетігін ұсынып отырған Үкімет ұсынысын қолдау керек деп білемін. Атап айтқанда, егер Үкімет келесі жылдан бастап мемлекеттен жәрдемақы сұрап отырған отбасыдағы еңбекке қабілетті азамат өзіне ұсынылған жұмыстан бас тартатын болса, онда сол отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетуден алты айға дейін бас тартуды ұсынып отыр. Біз осындай жаңа норма енгізілген заң жобасын Парламент Мәжілісінің бүгінгі жалпы отырысында мақұлдап, Сенаттың бекітуіне жібердік.

Бұл «жалқаулық, шіркін, жақсы екен, жатып ішер ас болса» деп, бұрау басын сындыруға ерінетін ағайындарымыздың бойындағы масылдық дертіне ем болатын шығар...

Кәрібай Мұсырманның facebook парақшасынан

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373