Сенбі, 23 Қараша 2024
Саңлақ 6634 5 пікір 18 Қараша, 2019 сағат 12:40

Азия чемпионаты: Қазақстан 6, Өзбекстан 3 алтын медаль алды

10-17 қараша аралығында Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласындағы «Buyant Ukhaa» спорт сарайында бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты өтті. Туринге 2001-2002 жылдары дүниеге келген боксшылар қатысты. 

Жас боксшылар арасында өткен құрлық біріншілігі Қазақстан құрамасы үшін табысты болды деуге толық негіз бар. Себебі, біздің боксшылар бұл сында 6 алтын, 6 күміс, 2 қола медаль алып, жалпы командалық есепте бірінші орынға ие болды. Ал Өзбекстан құрамасы екінші орынға жайғасты.

Кезекті чемпионаттың жартылай финалына 15 қазақстандық боксшы жолдама алған. Олардың тоғызы жігіт, алтауы бұрымды боксшы болатын.

Жартылай финалға жеткен жігіттер: Базарбайұлы Мұхаммедсабыр (49 келі), Махмуд Сабырхан (52), Бейбарыс Жексен (56), Дархан Дүйсебай (64), Марғұлан Айдарұлы (69), Азамат Бектас (75), Ерасыл Жақпеков (81), Тоғамбай Сағындық (91) және Сабырғали Аманат (+91).

Қыздар - Анель Сакыш (51 келі), Ұлжанай Мамутова (60), Балжан Асқар (64), Мая Бейсебаева (69), Арайлым Бақытжанқызы (81) және Гүлсая Ержан (+81).

Аталған 15 боксшының үшеуі 1/2 финалда сүрініп, қола медалді қанағат тұтты. Олар: Марғұлан Айдарұлы (69 келі), Ерасыл Жақпеков (81) және Балжан Асқар (64).

Осылайша финалға Қазақстан құрамасынан он екі боксшы шықты. Ал Өзбекстан, Қытай және Үндістан құрамаларынан алты, Тайландтан төрт, Жапония, Тайпей, Қырғызстан және Оңтүстік Кореядан бір боксшы финалға жолдама алды.

Ақтық сында жұдырықтасқан 12 қазақстандықтың алтауы алтын медаль алды. Өкініштісі, финалға шыққан бес бұрымды боксшымыздың бесеуі де күміс медаль алды.

Қазақстандық ер боксшылардың қатысуымен өткен финалдық жекпе-жектердің нәтижелері:

49 келі Мұхаммедсабыр Базарбайұлы - Селай Сой (Үндістан) - 4:1
52 келі Махмуд Сабырхан - Сухет Суравут (Тайланд) - 5:0
56 келі Бейбарыс Жексен - Хуршидбек Расулжонов (Өзбекстан) - 5:0
64 келі. Дархан Дүйсебай - Жавлонбек Юлдошев (Өзбекстан) - 5:0
75 келі Азамат Бектас - Сухробжон Каимов (Өзбекстан) - 1:4
91 келі Тоғамбай Сағындық - Самадов Амиршох (Өзбекстан) - 5:0
+91 кг. Аманат Сабырғали - Ю Донг Джин (Оңтүстік Корея) - 5:0.

Финалда өнер көрсеткен бұрымды боксшыларымыз: 

Анель Сакыш (51 келі),
Ұлжанай Мамутова (60),
Мая Бейсебаева (69),
Арайлым Бақытжанқызы (81),
Гүлсая Ержан (+81).

Ерлер арасындағы жалпыкомандалық есеп:

1. Қазақстан — 6-1-2 (9)
2. Өзбекстан — 3-3-2 (8)
3. Жапония — 1-0-2 (3).

Қуаныш Қаппас

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383