Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
5648 1 пікір 29 Қараша, 2019 сағат 13:27

СҚО үлкен мүмкіндіктер алаңы – Ақсақалов

Елордада өңірдің 10 айлық даму барысын қорытындылаған СҚО әкімі Құмар Ақсақалов осылай деді.  Бұл туралы baq.kz хабарлады. 

Біреуі нан және сүт дейді. Басқалары ормандар мен көлдер жайлы айтады. Менің ойымша, Солтүстік Қазақстан ең алдымен, үлкен мүмкіндіктер бар өңір. Әсіресе, инвесторлар үшін,  - дейді өңір басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, еліміздің солтүстік қақпасы авто және теміржол тораптарын ыңғайлы көлік хабына байланыстырады.

Петропавл халықаралық әуежайы барлық әуекомпанияларға ашық. Сондай-ақ, солтүстіктің табиғаты, жері және ауасы экологиялық таза болып есептеледі. Ал бұл туризм және ЭКО-өнімді шығаруға жақсы негіз,  - деді әкім.

Сондай-ақ облыс басшысы Петропавлда өнеркәсіптің потенциалы жоғары екенін атап өтті.

Елбасының қолдауымен Үкімет облысты дамытуға бағытталған шараларды қабылдады. Үш жылда өңір экономикасына 320 млрд теңге құйылды. Биылдың өзінде жүйелі мәселелерді шешуге 92 млрд теңге бөлінді. Бұл тек мемлекеттің ақшасы ғана емес. 50 млрд теңгесі жеке инвестициялардан тартылды, - деді облыс әкімі.

Оның айтуынша өткен 10 айда ауа-райының қолайсыздығына қарамастан агросекторда өнім көлемі  - 2,6 %, өнеркәсіпте  - 1,1 % өскен. Құрылыс жұмыстары - 3,9 %, баспана - 2%, тұрғын үй құрылысына инвестициялар көлемі  – 24% ұлғайды.

Облыс соңғы үш жылда экспорт көлемін өсіріп, импортты қысқартуда. Сыртқы сауда айналымы 3 жылда 13% өсті. Экспорт 1,3 есеге артты. Биыл экспорт 15,4% өсіп, 141 млн долларды құрады. Біз көп өндіріп, сырттан өнімді әкелуді азайтып отырмыз, - дейді Құмар Ақсақалов.

Сонымен қатар әкім жыл қорытындысы бойынша өңірлік жалпы өнім  1 трлн 300 млрд теңге көлемінде болатынын айтты.

Салыстыру үшін айта кетейін,бұл көрсеткіш өткен  2018 жылы 1,1 трлн теңге болған еді. Ал 2016 жылы бар болғаны 918 млрд теңге болатын, - деді әкім.

Бұдан соң облыс басшысы өңірдің дамуына да тоқталып өтті.

Солтүстік Қазақстанды көбісі ауыл шаруашылығымен байланыстырады. Шын мәнінде солай, біздің экономиканың негізі саласы. Мұнда үлкен мүмкіндіктер бар. Біріншіден, өңір ауыл шаруашылығы өнімін өндіру бойынша көшбасшылардың бірі. 3 жылда өнім көлемі 1,3 есеге -  411 млрд теңгеден 580 млрд теңгеге дейін артты. Экономикада агроөнеркәсіп ішкі жалпы өнімнің төрттен бірін алып отыр.  Бізде өндіру көлемі қолдануға қарағанда әлдеқайда жоғары,- деді әкім.

Құмар Ақсақаловтың мәліметінше, картоп 11 есеге, жұмыртқа 10 есеге, макарон өнімдері 9 есеге көп. Жылқы және сиыр еті, көкөніс өндірісі 3 есеге артқан.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036