Сенбі, 19 Қыркүйек 2026
4563 1 пікір 2 Желтоқсан, 2019 сағат 11:00

АҚШ НАТО-ны қаржыландыруды қысқартады, Германия өсіреді

Құрама Штаттар НАТО-ны қаржыландыруды 22-ден 16 процентке дейін қысқартады. Бұл жөнінде батыс ақпарат құралдары дереккөзіне сілтеме жасап хабарлап жатыр.

Германия болса әскери одақтың бюджетіне АҚШ-пен тең етіп 16 процент құюға келіскен. Берлин осыған дейін 14,8 процент жарна төлеп келген.

AFP агенттігінің жазуына қарағанда, еуропалық елдердің көбі жарна мөлшерін көбейтуге келіскен. Тек Франция ғана бұрынғы деңгейде 10,5 процент жарна төлейді.

Осыған дейін Франция президенті әскери одақтың қызметін сынға алып, БАҚ-қа берген сұқбатында НАТО-да "ми өліп жатыр" деген болатын.

НАТО-ға мүше 29 мемлекет 2018 жылы әскери қажеттілікке деп бір триллион доллар жұмсаған.

АҚШ президенті Еуропа елдерін жарнаны аз төлейді деп бірнеше рет сынға алған.

3–4 желтоқсанда Лондонда НАТО лидерлері бас қосады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1324
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2896
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 979
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 909