Жұма, 18 Қыркүйек 2026
46 - сөз 5855 7 пікір 18 Желтоқсан, 2019 сағат 13:14

Адамзатта қазір ғылым бар, рахым мен әділет жоқ

"Ғылым - Алланың бір сипаты, ол - хақиқат, оған ғашықтық өзі де хақлық һәм адамдық дүр" (Абай). Бірақ неге ғылым-білімге ұмтылған адамзат жер бетінде Алла Тағаланың сәлемін - бейбітшілігін, амандығын, тұтастығын, қауіпсіздігін орната алмай жатыр. Үлкен сұрақ. Үлкен проблема. Адамзаттың миы жетпей отырған бұл проблеманы Абай шешеді: "Енді біздің бастағы тағриф(таным-О.Ж.) бойынша құдай тағала ғылымды, рақымды, ғадаләтті, құдіретті еді. Сен де бұл ғылым, рахым, ғадаләт үш сипатпенен сипаттанбақ: ижтиһатің (ыждағат-ғылымға талпыну-О.Ж.) шарт еттің, мұсылман болдың һәм толық инсаниятың(адамшылығың-О.Ж.) бар болады". Адамзатта қазір ғылым бар, рахым мен әділет жоқ. Сол себепті ғылым қиратушы күшке, озбырлық пен әлімжеттік көрсетуге қолданылып отыр.

"Шын залымға берме ғылым,
Ол алар да оқ қылар.
Қаруым дер, кісі атып жер,
Ол ғылымды айла етер " (Шаһкәрім).

Біз, қысқасы, Алланы тани алмай отырмыз. Ұялмай мұсылманмын дейміз. Батыста әйтеуір жақсы болсын, жаман болсын- ғылым бар, бізде ғылым да жоқ, рахым да, ғадаләт те жоқ. Сондықтан біз толық инсаниятқа (адамшылыққа) жете алмай отырмыз. Аллаң не, біз сол Алланы таныған Абайды танымаймыз. Ал енді біздің қай жеріміз мұсылман болды?

Омар Жәлелұлының әлеуметтік парақшасынан

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1301
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2855
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 954
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 893