Түркияда Қытай саясатына қарсы наразылық шеруі өтті
Түркияда Қытайдың Шыңжаң өңірінде қазақ және өзге де аз ұлттарға жасалып жатқан қысымға қарсы наразылық шерулері өтті. Алаңға жиналған жұртышлық Бейжің саясатын айыптап, аз ұлттарға қысымды тоқтатуды талап етті.
Бұған дейін тегі түрік атақты футболшы Месут Өзіл де «Твиттер» желісіндегі жеке парақшасында Қытай саясатын айыптаған болатын.
«Олар Құранды жойып жатыр. Олар мешіттерді жауып жатыр. Медреселерге тыйым салуда. Құдайшылдарды біртіндеп өлтіруде. Еркектерді күштеп лагерлерге жауып, олардың отбасыларын қытай еркектерімен алмастыруда. Қыздарды күштеп қытайларға күйеуге беріп жатыр», деп жазған еді Өзіл.
Ең алғаш Қытайдағы саяси үйрету лагерьлер туралы ақпарат 2017 жылы шыға бастады. Ресми Бейжің бұл ақпараттарды жоққа шығарды. 2018 жылы БҰҰ Шыңжаңда бір миллионға жуық мұсылмандардың қамауда отырғанын мәлімдеген болатын.
Abai.kz