Президент: Ұшақ апатына кінәлілер қатаң жазаланады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңында Bek Air ұшағының құлауы кезінде қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.
Бұл туралы Президент Twitter желісіндегі жеке парақшасында жазды.
- Бүгін Алматы маңындағы жолаушылар ұшағы апатынан қаза тапқан адамдардың туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендерге көмек көрсетіледі. Апат себебін анықтау үшін арнайы үкіметтік комиссия құрылды. Кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланады, - деп жазды Мемлекет басшысы.
Айта кетейік, Бүгін Bek Air әуе компаниясының Алматы - Нұр-Сұлтан бағытындағы рейсі Алматы қаласы маңында апатқа ұшырап, салдарынан 12 адам көз жұмып, 12 адам жарақат алған.
Abai.kz