Бейсенбі, 28 Қараша 2024
46 - сөз 4487 8 пікір 3 Қаңтар, 2020 сағат 12:35

Қазақстан халқын идея біріктіруі тиіс

Біз қазір даму деңгейіміз лидер күткен қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Бірақ түбі заманы келгенде лидерді күткен менталитеттен кетуіміз керек. Тарихымызға қараңыз. Иманғали болашақ президент болады деп қоғамның бір бөлігі кемі 20 жыл үміттенді. Қазір қайда сол лидер? Қосанов деп дауысымызды беріп те көрдік. Не істеді ол лидер? Ринат партия құрады деп бір сілкіндік. Енді қайда ол лидер? Фейсбукте жазғыш деп біраз адамды тыңдадық. Бір-бір қағаздан алды да сөздері өзгеріп шыға келді. Елбасының соңынан да ердік. Қазір кеткісі келмейтін пендешілігін тамашалап отырмыз. Осының бәрін практикада көрдік. Бізге жетпеді ме сабақ алуға?..

Қазақстан халқын идея біріктіруі тиіс. Мысалы, АҚШ-та "Америка арманы" деген менталитет пен сана бар. Қанша президент ауысса да қоғамның президентке қояр талабы, елді біріктірер идеясы қалыптасқан. Обама кетіп Трамп келді. 40-тан астам президент ауысты мемлекет тек алға жылжып келеді. Адамзаттың осы күнге дейін технологияда, өркениетте, демократияда жеткен жетістігі сол елде. Мемлекетті құрғаннан елдің басында Вашингтон, Джефферсон, Линкольн секілді ақылды азаматтар отырды. Олар мемлекет құрған алғашқы кезеңдерден халықты өз иммиджінің төңірегіне емес, дұрыс идеяның бағытында жолға салып, біріктіре білді. Бір немесе екі мерзімнен артық отырмай уақытында кетті.

Европа шайқатылып, ревалюция жасап барып сол жолға түсті. Франция билігін неше рет ауыстырып, бесінші республикасын құрғанда барып тоқтады.

Біз Украина, Грузия сынды қайта-қайта төңкеріс болып, тығырыққа тірелмеу үшін идеяның төңірегінде бірігуіміз қажет. Болашақ президент сайлауалды программасын жазып бізді соңынан ертпесін. Біз ол президенттен Қазақстан қоғамы мойындаған идеяның төңірегінде программа жазуды, сол идеяға сай болуды талап етуіміз қажет. Сонда адаспаймыз. Лидер сатылуы, адасуы мүмкін. Ал, елді біріктірген идея адаспайды. Себебі ол халықтың ішінен қайнап шығып, ұлттың бойына сіңген құндылық.

Менің ойымша бізді біріктіретін идеялар:

1. Адам құқығы қорғалған, сөз бостанды мойындалған мемлекет құру.

2. Президент идол емес. Жалдамалы менеджер. Талапқа сай келмесе келесі сайлауда ауыстырамыз деген менталитетті қалыптастыру.

3. Бәсекелі саяси жүйе. Саяси көзқарасы үшін ешкімді қудаламайтын принципті қалыптастырған басқару жүйесін орнату.

4. Жеке меншіктің қорғалуы.

5. Іс жүзінде бәсекелі экономика орнату.

6. Президент не шенеуніктердің туысы, ағайыны саясатқа араласпайды. Араласса импичмент арқылы өкілеттігін тоқтату.

7. Мемлекетшілдік.

Ары қарай тізімді өздеріңіз толықтыра беріңіздер. Идея қоғамның ішінен пісіп шығуы тиіс! 5-10 жылда бүкіл Қазақстан қоғамын осы идеялардың төңірегінде біріктіретін қоғам қалыптастыру біздің болашақта жүріп өтуіміз қажет жол.

Бауыржан Серікбайдың әлеуметтік желідегі жазбасынан

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1575
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3387
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6540